Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет50/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73

122 
 
пен  жүргізушінің  мойынына  ілінеді.  Бұл  қуыршақтар  балаларға  әнмен, 
бимен,  ойынмен  көрсету  арқылы  шығармашылықтарын  дамытады.  Бұл 
балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі. 
Саусақ  театрында–саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын 
ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын  саханалау  болып  табылады.  Саусақ 
театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы 
артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай 
отырып,  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-
жануарларды,  құстарды  және  ағаштарды  бейнелей  алады.  Саусақтарының 
қозғалыс  қимылына  қарап,  бала  қуанады,  шаттанады,  сөз  айтуға  тырысады 
және  өлеңде  үйренген  сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде 
сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, 
сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді. 
Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа 
өлеңдерді  айтқызғанда  көркем  сөздер  әсерлі  естілу  үшін  стол  үстіндегі 
театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда 
еш  кедергісіз  жүретін  ойыншықтар  қолданылады.  Үстел  үстіндегі 
қуыршақтар  театрдың  бірнеше  түрі  бар:  әр  түрлі  биіктегі  конустан, 
цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар, таяқшадан жасалған театр, 
«киндер- театр», магнит театры, «мочалка театр», үстел үстіндегі кейіпкерді 
тоқымадан  немесе крючокпен  тоқуға  болады  (олар  өздерінің  формасын 
ұстағандай  пластмасса  бутылкаларға  кигізіп  қояды),  ағаш  ойыншықтар, 
саздан жасалған ойыншықтар (дымковский ойыншықтар). 
Суреттер (картиналар) театры–декорация мен кейіпкердің – суреттері. 
Олардың  әрекеттері  шектелген.  Ойнаушының  дауыс  ырғағы  (интонация) 
арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда 
болады, балалардың қызығушылығын арттырады. 
Стенд-кітапша  театры–бірін-бірі  ауыстыратын  иллюстрациялық 
оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр 
түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер). 
Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. 
Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалармен бірге ескі 
кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады. 
Трафарет театры – трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, 
диалог,  монологты  дамытуға  болады.  Балалар  дайын  трафареттердің 
көмегімен  болашақ  кейіпкерлердің  суреттерін  жасайды.  Оларды  түрлі-түсті 
бояулармен  бояйды,  дайын  бейнелерді  қайшымен  қияды.  Бұл  жерде 
балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттері  дамиды.  Ұжымдасып  жұмыс 
істеу  үрдісінде  әрбір  бала  өзіне  берілген  бейненің  түр-тұлғасын,  қимыл-
қозғалысын өзгерте алады. 
Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар 
және  құстардың  пішіндерінің  қозғалысына  қарауды  балалар  өте  жақсы 
көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. 
Көлеңке  таетрдың  қойлымын  көрсетуге  үш  тәрбиеші  қатысады.  Біреуі 


123 
 
мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран 
болады.  Экранды  ағаштан  немесе  қалың  картоннан  жасайды,  ою-өрнекпен 
өрнектейді.  Кейіпкерлерді  көрсету  үшін  –  оны  экранның  арт  жағынан 
ұстайды.  Кейіпкерлерді  қара  түспен  жұқа  картоннан  жасайды,  жіп  арқылы 
қозғалтады.  Кейіпкерлерді  көрсеткенде  қол  көрінбеу  керек.  Бұл  көріністер 
балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады. 
Ертегіден  үзіндіні  ойнау–әр  түрлі  мінез-құлықтармен  өткізіледі. 
Режиссерлық  ойын  (құрылыс  және  дидактикалық  материалдармен) 
Ертегі балаларға ерекше айқын эмоционалді оқиғаны әңгімелейді. Ертегідегі 
кейіпкерлердің  суреттін  салуға  бояуға  үйрету.  Үстел  үстіндегі  қозғалмалы 
ойындарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттінен  кейін  ойнатуға  болады. 
Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары арттады. Театрландырылған 
ойынды  басқару  негізіне  әдеби  шығармашылық  мәтінмен  жұмыс  істеу 
жатады.  Мәтінді  оқығанда  әдеби  тілмен  анық,  мәнерлеп  оқу  керек. 
Әр  түрлі  жастағы  бала  бақша  топтарында  жүргізілеттін  театр–ойын 
іскерліктерін  дамыту  жұмыстарының  мазмұнының  ерекшеліктері. 
Балаларға  арналған  қөркем  шығарманы  оқыту  неғұрлым  дұрыс 
ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын 
дамыту соғұрлым табысты болады. 
Тәрбиеші,дайындық  топтарының  балалары  сәбилерге  кішігірім 
спектакльдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге 
таныс  картиналар  театры  (фланелограф),  саусақ  театры.  Сәбилердің 
ынталарын,  әр  түрлі  түстерді  ажырата  алуына  көмектеcеді.  Сәбилер 
тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген 
іс-әректті  орындайды.  Мәтінді  тәрбиеші  2-3  рет  оқу  қажет.  Рөлмен  ойнау 
балалардың  елестету  белсенділігін  арттырады,  өз  бетімен  шығармашылық 
ойынға дайындалуға көмектеседі. 
Театрландырылған  ойынға  қызығушылықтарын  қалыптастыруға 
қуыршақ  театрының  қойылымын  көру  көмектеседі.  Оны  тәрбиешінің  өзі 
немесе  дайындық  топ  балалары  көрсетеді.  Қуыршақ  театры  күнделікті 
ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  балаларды  мадақтау,  мақтау  үшін, 
олармен  амандасып,  қоштасу  үшін  қолданылады.  Күнделікті  ойнайтын 
ойындарды  кеңейтіп,  драматизация  ойынның  әр  түрлігін  меңгеру  арқылы, 
балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу 
керек. 
Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. 
Адамның  негізгі  эмоциясы  (күн  көрінді–балалар  қуанады,  күледі, 
алақандарын  соғады,  орындарында  секіреді).  Кейіпкердің  эмоциясын  біреу 
арқылы  іс-әрекеттің  бірізділікпен  байланысындағы  ойын  –  әрекеті.  Жақсы 
таныс  ертегілер  кейіпкерлерінің  бейнесіндегі  ойын  –  әрекеті.  Музыкалық 
ойын–әрекеті.  Тәрбиешінің  оқуы  арқылы  бір  кейіпкермен  мәтіндегі  өлең 
арқылы ойын – әрекеті. 
Қысқа  ертегі,әңгіме,өлеңдердің  мәтінін  тәрбиешінің  айтылуымен 
қойылатын  ойын–әрекеті.Балалардың  шығармашылығы  тек  рөлдерді 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау