7-оқушы: Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.
1-бөлім, 3-бап- Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.
8-оқушы: Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.
1-бөлім, 7-бап: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
9-оқушы: Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.
2-бөлім, 18-бап: Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
10-оқушы: Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқығыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.
2-бөлім, 24-бап: Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.
11-оқушы: Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.
2-бөлім, 27-бап 2-тармағы: Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.
12-оқушы: 2-бөлім, 34-бап, 1-тармағы: Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
13-оқушы: 2-бөлім, 14-бап, 1-тармағы: Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2-тармағы: Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
«Қоржындағы сұрақтар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қай жылы және қалай қабылданды? 1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум
Азаматтықты куәландыратын құжат? Куәлік, төлқұжат
Заң дегеніміз не? Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат.
ҚР-ның құқық қорғау органдарын ата? Прокуратура, ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органы
Мемлекетіміздің негізгі нышандарын ата? Ту, Елтаңба, Әнұран
« Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз. Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет
Ата заңымыз ежелгі тарихи дала заңдарынан бастау алады. Ол қандай заңдар? «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы
Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады? 16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан;
Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не? Отан қорғау, әскери борышты өтеу.
Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады? Туу туралы куәлік, ата-анасының төлқұжаты
«Конституция» термині қандай мағынаны білдіреді? Құрылым, жарғы, заң
«Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы? Тәуке хан
Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап
Кері байланыс: Аяқталмаған сөйлемді жалғастыру арқылы, сабақты қорытындылайды
Ата Заңымыз болмаса, ...
Мен Еліме тілеймін, ...
Ән. Хор: «Атамекен» әнің авторы: Е.Хасанғалиев
ІІІ Қорытынды бөлім
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын,
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың, - демекші бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |