Тақырыбы: Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады
Сыныбы: 5-11 сыныптар
Өтілетін күні: 21. 02. 2015 жыл
Өткізілу орны: «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «ЕХРО2017» өткізілу барысында оқушыларға ЕХРО туралы түсіндіру, оқушыларды әрбір мемлекетке бөлу арқылы ЕХРО туралы мағлұматтар жинақтау. Оқушылардың физика-информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың физика-информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың типі: қалыптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, карточкалар
Қош келдіңіздер, құрметті ханымдар мен мырзалар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге бүгінгі «Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады» атты физика-информатика пәнінен Қазақстан мемлекетінде ЕХРО 2017 «Болашақтың қуаты» атты тақырыпта өтетін көрмесіне шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Біздің саяхатымыз физика-информатиканы үйренушілерге, физика-информатиканы үйретушілерге, физика-информатиканы сүйетіндерге және де физика-информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
Сайысымызға дүниежүзі бойынша алты мемлекет қатысқалы отыр.
Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай
ЕХРО2017-ге құлшынып тұрған мемлекеттерімізді ортаға шақырамыз.
.....................................................
....................................................
....................................................
.....................................................
....................................................
....................................................
Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған көрмеміз «ЕХРО 2017» -ге байланысты.
Бүгінгі өтетін Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясының мүшелерін таныстырып өтейін:
Бақытгүл Тұрлыханқызы
Досжан Мелсұлы
Самал Сайлаубекқызы
Айнур Мұқанқызы
Айман Дүйсенқұлқызы
Сайыс шарты мен өтілуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. ЕХРО
3. Аукцион
4. Тәжірибе алмасу
5. Қорытынды
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы мемлекеттің реттік номерін анықтау. Ол үшін мемлекет басшыларын ортаға шақырамыз. Әділ қазылар алқасының алдындағы карточкаларды тандап алады.
Енді сайысымызды бастайсыз.
1-кезең. «Таныстыру»
Бұл кезеңде әр мемлекет слайдшоу арқылы өздерін таныстырады.
Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып әр мемлекет шықты қане,
Көрермен қошеметпен қол соғады. –дей келе келген мемлекеттерге өздерін таныстыруға кезек берейік.
2-кезең. «ЕХРО»
Әр мемлекет өздерінің жасаған бұйымдарын көрсетеді.
3-кезең. «Аукцион»
Есеп шығару арқылы әр топ қарсыластарының бұйымдарын сатып алады
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып қөріңдер
200 тенгенің сұрақтары
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
Жауабы: Серпімді деформацияның шамасы (созылу немесе сығылу) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни F=-kx мұндағы F- түсірілген сыртқы күш, x=l-l0 – дененің созылу немесе сығылу шамасы (дененің ұзындығының өзгеруі); l – деформацияланған дененің ұзындығы; k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (H/m) өрнектеледі.
Алгоритм дегеніміз не?
Жауабы: Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.
Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.
Басы
Қарындашты ал.
Шаршылар бойынша диктант жаз: 5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О 7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О 4Т 2О 1Ж 1С 7Ж 1О 3Т 1О 4Ж 3С 1Ж 2О 3Ж
Алынған суретті аяқта.
Қарындашты орнына қой.
Соңы.___Жауабы:_робот___Алгоритмді_орындағанда_не_болатынын_анықтаңдар.__Басы'>Соңы.
Жауабы: робот
Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.
Басы
Қарындашты ал.
Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 2С 2Ж 3О 2Ж 5О 2Т 3О 2Т 3С 1Т 2С 1Ж 2С 1Т 2С
Алынған суретті аяқта.
Қарындашты орнына қой.
Соңы.
Жауабы: машина
Жұмбақтың жауабын тауып компьютерге Paint бағдарламасына жауабынын сурпетін сал.
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы
Жауабы: Қауын – қарбыз
Жұмбақтың жауабын тауып компьютерге Paint бағдарламасына жауабынын сурпетін сал.
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
Жауабы: дөңгелектер
500 теңгенің сұрақтары
Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
Жауабы:
Көлемі 0,5м3 гранит тасын 20 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500кг/м3
Жауабы:
Позиция бойынша орналастырыңдар
43173468 = … 2
Жауабы: 1000110011110111001102
Позиция бойынша орналастырыңдар
111110110100101002 = … 8
Жауабы: 3732248
Позиция бойынша орналастырыңдар
F6D6E16 = … 2
Жауабы: 111101101101011011102
Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2 см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады? (Ауаның кедергі күші және үйкеліс ескерілмейді.)
Жауабы:
1000 теңгенің сұрақтары
Егер плотинадан су 25 м биіктіктен құлап ағатын болса, су ағынының қуаты қандай? Судың әр минуттағы шығыны 120 м3.
Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |