Тақырыбы: Механика. Кинематика


Галилей түрлендірулері. Галилей түрлендірулерінің инварианттары



жүктеу 99,06 Kb.
бет2/3
Дата02.11.2022
өлшемі99,06 Kb.
#39949
түріЛекция
1   2   3
Та ырыбы Механика. Кинематика

Галилей түрлендірулері. Галилей түрлендірулерінің инварианттары. Егер жалғыз ғана инерциалды санақ жүйесі берілсе, онда бір–бірімен салыстырғанда түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатын шексіз көп инерциалдық жүйелер беріледі деп айта аламыз. Күш инвариантты шамалардың ғана функциясы болып табылады: өзара әсерлесетін материалдық нүктелердің координаттар айырмасы мен жылдамдықтардың айырмасы.
Сол себептен ол бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне көшкенде өзгермейді: . Басқаша айтқанда Галилей түрлендіруімен салыстырғанда күш инвариантты. Себебі үдеу де инвариантты: , яғни дененің қозғалысының үдеуі барлық инерциалды жүйелерде бірдей болады. Ньютонның ІІ заңынан
.
Денеге әсер ететін күштің шамасы инерциалды жүйелерде өзара тең болады. Осы айтылғандардан Ньютонның ІІ заңының теңдеуі бір инерциалды жүйеден екінші инерциалды жүйеге көшкенде өзгермей қалады. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне көшкенде өзгермей қалатын теңдеуді инвариантты деп атайды. Барлық инерциалды жүйелерде механикалық құбылыстар бірдей өтетін болғандықтан, жүйе ішінде жүргізілген механикалық тәжірибелер көмегімен оның тыныштық күйде тұрғанын немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыста екендігін тағайындауға болмайды. Бұл қағида Галилейдің салыстырмалылық принципі деп аталады.
Механика тұрғысынан қарағанда барлық инерциялдық жүйелер бір-біріне толық эквивалентті. Олардың кез-келгенін тыныш тұр деп жорып, басқа инерциялдық жүйелердің барлығының жылдамдығын сонымен салыстырып отырып анықтауға болады.
Дене түзудің бойымен қозғалатын болса, қозғалыс түзу сызықты қозғалыс деп аталады.
Ал егер қозғалған дене кез-келген өзара тең уақыт аралықтарында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде жүріп өткен жолдың шамасы:
S = υt (1)
Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде жылдамдықтың шамасы тұрақты болады, яғни υ=const.
;
Түзу сызықты айнымалы қозғалыс. Түзу сызықты айнымалы қозғалыста өзара тең ∆t уақыт аралығында жүретін ∆S жолдардың шамасы бірдей болмайды.
Айнымалы қозғалысты сипаттау үшін жолдың нүктесіндегі (берілген уақыт кезіндегі) жылдамдықтың мәнін табуымыз керек. Оны былай табады. АВ-ны кішкене участоктарға бөледі.
;
Егер осы участокты өте кішірейтсек, яғни ∆t→0, онда орташа жылдамдықтың шегінің мәні жылдамдықтың шын мәнін береді.
Айнымалы қозғалыстың берілген нүктедегі (немесе берілген уақыт кезіндегі) жылдамдығы орташа жылдамдықтың сол жылдамдықты орталау уақытын 0-ге ұмтылдырғандағы шегі болып табылады.
; (*)
яғни, айнымалы қозғалыстың жылдамдығы жолдан уақыт бойынша алынған бірінші туындыға тең. Айнымалы қозғалыста жолдың уақытқа тәуелділігі кез келген қисықпен сипатталады.






.

жүктеу 99,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау