Теодолиттік түсіріс дайындық:
· далалық
· ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту;
2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу;
3. жергілікті жердің контурын түсіру;
4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пунктеріне байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |