Дидактикалық ойын: «Иә және жоқ». «Болады не болмайды». (доппен)
Ойын: «Пішін құрастыр».
Мақсаты: Баланың ойлану қабілетін қалыптастыру.
Бір саппен жүру. «Тоқта» дыбыс беру. Балалар тоқтап, бір пішінді орындайды. Ең әдемі тез болған бала керемет пішінді белгілейді.
Қозғалмалы ойын: «Қу түлкі».
Карточка№48 Бозторғайға бақылау
Мақсаты: Құстардың мінез-құлқын ажырата білуге, торғайларға сүйіспеншілікпен қарауға, атауларын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиеші балалардың назарын бозторғайға аударады, олардың жарық қауырсындануына. Құстар астауларға қашан ұшып келедi? Олар өздерін қалай ұстайды? Оларды қандай бұталарда көрдiң? Не істеді? Бозторғайдың мен көк құстың қоректену әдiстерiнiң салыстыру: көк құс жемді шоқып алады, ал бозторғай тұқымдардың қабыршақтарын жылдам жейді. Бозторғай көбiрек өсiмдiк азығымен қоректенедi: әр түрлi қылқан жапырақ және жапырақты қандыағаштарының тұқымдарымен. Кездейсоқ жағдайларда ғана жәндіктерді жейді.
Ырым: бозторғай терезенің алдында өлең айтса – күн жылы болғаны. бозторғайды қыстыгүнi - қар, боранды және лайсаңды шертеді.
Жұмбақ:
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
(Әтеш).
Тақпақ:
Қазым, қазым қаңқылда,
Көлде жүзіп салқында.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші-дейсің бе?
Жо-жоқ кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
Дидактикалық ойын: «Сөз айтшы».
Тәрбиеші өлең оқиды. Ал балалар соңғы сөздерін айтады. (қарғаға қатысты).
Дидактикалық ойын: «Құс».
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші құстарды атайды (балық, жануар, тал, гүл). «Қарға» кішкентай допты көршісіне береді, сол айтады: «Қарға», және т.б. кім жауап бере алмайды, сол шеңберден шығады.
Қозғалмалы ойын: «Қасқырды босатамын».
Карточка№50 Ауа райын бақылау
Мақсаты: Тірі емес және тірі табиғаттың айырмашылығын, күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы түсініктерін кеңейту. Табиғаттан туған сұлулық жайлы белсенділіктерін тәрбиелеу.
Педагог пен балалар қолдарын күншуаққа көтеріп қыздырады. Педагог ауа райына мінездеме беріп балалармен бірге таңертеңгілік және кешкілік ауаның қызуын өлшеп, жазып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |