Ырымдар: күннің көзі пайда болып жылы болса – ауа / райы өзгереді.
Мақал-мәтел: Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Дидактикалық ойын: «Әртүрлісөздердi есiне түсiр»
Мақсаты: айтылған сөздерді естуге үйрету; сөздерді өз еркімен нақты айтуға жаттықтыру.
Барысы: Балалар шеңберге тұрады. Әрбір бала кез-келген сөзді таңдап келесі ойыншыға атау керек; келесі ойыншы басқа сөзді айтады. Кезекпен барлық балалар сөз айтып шығу керек. Бір рет айтылған сөзді қайталамау керек, 3 айналымнан кейін ойын тоқтатылады. Кім айтылған сөзді қайталап немесе сөзді атай алмаса ойыннан шығады.
Қозғалмалы ойыны: «Өзен және көл»
Мақсаты: балалардың координациялық қозғалысын, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, командада бірігіп іс-әрекет жасауды дамыту.
Барысы: балалар 4-6-дан бірінің артынан бірі иықтарымен немесе қолдарымен алдын тұрған балаға қойып – бұл «өзен». «Өзен жүгіреді!» белгісі бойынша –(тізесіне жоғары көтеріп, жартылай отырып) сапта балалар әркім өзінің жүргізушінің артынан жүгіреді. «Көл!» белгісіне –әрбір команда, қолдарынан ұстасып, «көл» - шеңбер жасайды. Шеңберді бірінші жасаған команда жеңіп шығады.
Дидактикалық ойын: «Неше зат?»
Қозғалмалы ойын: «Қоңыздар»
Мақсаты: Балалардың ритмикасын, сөз байлығын және дұрыс қозғалуын дамыту.
Ойын барысы: Балалар – «қоңыздар» өз үйлерінде отырып, (орындықтың үстінде) айтады. «Мен қоңызбын, қоңызбын, мен осында тұрамын, жужжу, жужжу: ж-ж-ж»(ызз-з-з, ызз-з-з)
Тәрбиешінің белгісі бойынша қоңыздар егістікке ұшып күнге қыздырынып ызылдайды, «жаңбыр» деген белгісі кезінде үйлеріне қайтады.
Карточка№36 Балалар мен үлкендердің киімін қарау.
Мақсаты: Балаларды киімдермен таныстыру.Олардың сымбатына, ою-өрнегіне қызықтырумен бірге қазақша дұрыс атапайтуға үйрету.Киімдерді қалай күтіп ұстауды үйрету.
Тәрбиеші балалармен бірге бақылау жасайды.Бәрі суық кезеңде әр түрлі тірі жабайы аңдар (қасқыр,түлкі,қыстың құстары):аңдар қоректенеді,күннің түсуінен түстері өзгереді.Мұғалім балалардың киіміне көңіл аударады.(сабақ киіміне, жаздыққа).Адам қалың киімдерін киеді.Қысқыға жеміс-жидектерін жинап алады.
Тақпақ:
Гүлдер,гүлдер,шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер,
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Жұмбақ шешу:
Күміс садақ сияқты еді,
Күміс табақ бола қалды.
(ай).
Дидактикалық ойын: «Тоқта...........тоқтат».
Ойын: «Допты бер».
Достарыңызбен бөлісу: |