Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62

 
41 
(мақсаттардың,  мазмұнның,  әдістердің,  оқыту  түрлері  мен 
құралдарының)  тұтастығы  туралы  түсінік  қалыптасты.  Білім  беру 
мазмұны  білім  беру  технологиясының  маңызды  бөлігі  ретінде,  көп 
жағдайда  оның  процессуалдық  бөлігін  (әдістер  мен  құралдар 
жиынтығын) анықтайды.  
Нақты  пән  саласында  білім  беру  мазмұны  өзгерген  кезде, 
тиісінше  оқыту  мақсаттары  да  өзгереді,  ал  оған  байланысты 
әдістемелер мен оқыту технологиялары да өзгерері анық.  
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі  
Педагогикалық  технологияларды  әртүрлі  белгілер  бойынша 
жіктеуге болады [27] (2.1-кесте).  
2.1-кесте. Педагогикалық технологияларды жіктеу белгілері 
Білім беру 
мазмұнының 
сипаты 
Зиялы  және  діни,  оқытушылық  және  тәрбиелік,  жалпы 
білім  беру  және  кәсіптік  бағдарлы,  гуманитарлы  және 
технократтық. 
Оқушылар санаты  Жалпы мектеп; алға басқан деңгей (лицейлер, гимназиялар 
және  т.б.);  қосымша  оқыту  (дәлдеу,  қолдау,  түзету 
мектептері); жалпы мектеп аясында  күрделі және дарынды 
балалармен жұмыс. 
Қолдану ұзақтығы  Пән, тақырып, модуль, сабақ.  
Оқу әрекетін 
ұйымдастыру 
Сынып  сағаттық  жүйе  (дидахография);  дидахография  мен 
техникалық  құралдарды  пайдалана  отырып  заманауи 
дәстүрлі  оқыту,  топтық  және  дифференцияланған  оқыту 
тәсілдері және т.б. 
Баламен қарым-
қатынас 
Авторитарлы; 
жеке 
бағдарлы; 
ынтамықтастық 
технологиясы және т.б.  
Білімді игерудің 
ғылыми 
тұғырнамасы 
 
Ұғымдарды  қалыптастыру  теориясы  (Богоявленская,  Мен-
чинская, т.б.); Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы 
қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина); суггестивті 
теория 
(шамадан 
тыс 
еске 
сақтауға 
жетелейтін 
эмоционалды иландыру негізінде оқыту); В.В. Давыдовтың 
және т.б.  мазмұнды жалпылай теориясы.  
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:  
а)  ынтымақтастық; 
б)  ұжымдаса жұмыс істеу;  
в)  өзіндік бастама (иницатива); 
г)  өз жұмысын бағалауға үйрету;  
д)  логикалық ойлау;  
е)  мәселелерді шеше білу;  
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу. 


 
42 
Жоғары  сыныптар  үшін  тиімді  технологиялар:  өздігінен  даму 
технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы  (МОТ),  бағдарлап 
оқыту, ынтымақтастық,  компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО). 
Орта  буын  сыныптарына  тиімді  технологиялар:  түсіндіре  оза 
оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, 
СТО, МОТ. 
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы 
оқыту,  білім  беруді  ізгілендіру,  ақпаратты  оқыту,  зерттеу,  көрнекілік 
технологиялары. 
Өздігінен  даму  технологиясы  –  баланы  жан-жақты  дамыту, 
дербестікке  тәрбиелеу,  бала  санасында  нәрселер  әлемі  мен  ойлау 
әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, 
сонда  бала  өзін  өзі  дамытады.  Баланың:  «Мынаны  менің  өзімнің 
жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету. 
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер 
тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. 
Тірек  сигналы  –  сызба  бойынша  сөйлем  құратуға,  сөйлемдегі 
сөздердің байланысын көрсетуге  болады. Сызбаларда көбіне дерексіз 
байланыстар  мен  қатынастар  көрсетіледі.  Тілдік  категориялар 
ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге 
болады. 
Белсенді  оқыту  технологиясы  –  оқу  әрекеті  арқылы  үйретуші 
(мұғалім),  үйренуші  (білім  алушы)  рөлін  өзгертуге  ықпал  ететін, 
шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік 
жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған 
жөн: 

сабақ 
құрылымының 
икемділігі, 
оқығаны 
бойынша 
пікірталастың болуы; 

дидактикалық 
ойындар, 
интенсивті 
өзіндік 
әрекет, 
бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру; 

жеке  тұлғаға  бағдарланған  технологияда  оқу  тәрбие 
процесінде  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеру;  әр  білім 
алушының  оқу  тапсырмаларын  орындауға  қолайлы  жағдай  туғызу 
көзделеді; 

жеке  тұлғаның  өзіндік  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы  (әрбір 
шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту); 

білім  беру  траекториясын  таңдау  еркіндігі  ұстанымы 
(міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс). 

оқытудың 
жағдаяттылығы 
ұстанымы 
(тапсырманы 
орындауға жағдай туғызу). 


 
43 
2.2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері 
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, 
нақты  ұйымдастырылған,  мазмұны  толыққан  және  әдістемелі 
қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың 
өзара  әрекеттестік  жүйесі.  Оқыту  формасы  мазмұнның,  оқыту 
құралдары  және  әдістердің  мақсатты  ұйымдастыру  тұтастығы 
негізінде жүзеге асырылады [23, 316 б.]. 
В.Г.  Крысько  [23]  оқыту  формаларын  үш  топқа:  жоспарлы-
оқыту  (сабақ,  дәріс,  семинар,  үй  жұмысы,  емтихан  және  т.б.), 
жоспардан  тыс  (бригадалы-зертханалық  сабақтар,  консультация 
беру, 
конференциялар, 
үйірмелер, 
экскурсиялар, 
ілгерілету 
бағдарламасы  бойынша  сабақтар)  және  қосымша  (топтық  және  жеке 
сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі. 
Қазіргі  көптеген  басылымдарда  жалпы  оқу  формалары  және 
оқу-тәрбиелік 
процесті 
ұйымдастыру 
формалары 
болып 
ажыратылады [6,13,45 және б.].   
Жалпы оқу формалары – жаппайұжымдықтоптықжұптық
жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді [45]. Жалпы 
оқу  формалары  негізін  –  оқушылардың  өзара  және  мұғаліммен 
оқушылар  арасындағы  ерекше  комуникативті  әрекеттестіктері 
құрайды. 
Жаппай  оқыту  формасы  –  оқушылардың  бәрі  бір  мақсатта, 
бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде 
қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. 
Бұл,  ауызекі,  көрнекі,  практикалық  әдістерді,  сондай-ақ  білімді 
бақылау  үрдісінде  жүзеге  асырғанда  қолданылатын,  оқуды 
ұйымдастырудың  дәстүрлі  түрі,  информатика  сабағында  өз  мәнін 
жойған жоқ.  
А.И.  Бочкин  [3]  айтқандай,  компьютердің  ықпалы  мұғалімнің 
көрсеткенін  оқушылардың  дереу  жаңғыртып  орындау  мүмкіндігімен 
айқындалады.  Бұл  ретте,  мұғалім  оқушылардың  жаппай  және  жеке 
жұмыс  әрекеттерін  ұйымдастыру  және  бағдарламалық  басқаруымен 
қатар,  олардың  компьютерлерін  сәйкес  режімдерге  (жаппай  немесе 
жеке  әрекеттерін)  ауыстырып,  сондай-ақ  оқушылардың  барлық 
жұмыс  орындарында  компьютерлік  ортаның  бірыңғай  жағдайын 
орнатады.  
Оқытудың  жаппай  формасында  оқушылардың  іс-әрететтері 
мұғалімнің  басқаруымен  жүзеге  асатыны  айқын.  Бірақ,  әрекеттердің 
жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене 
түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау