Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканың қазіргі сабағы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет62/222
Дата07.01.2022
өлшемі1,71 Mb.
#37166
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   222
Т. . ойба арова, Р. А. Ельтинова

2.4. Информатиканың қазіргі сабағы  
2.4.1. Инфоматика сабағының ерекшеліктері 
1.
 
Мектеп информатикасы
 – мектептегі ең жас әрі проблемалы 
пән.  Оның  басты  проблемасы  –  информатиканы  оқыту  әдістемесінің 
аяғына  дейін  әзірленбегендігі  болып  табылады.  Информатика 
математика,  физика  және  т.б.  пәндердің  оқу  әдістемелерін  пайдалана 
алмайды,  себебі  мазмұны  жағынан  да,  оқу  мақсаттары  жағынан  да 
метептегі пәндермен сәйкес келмейді, бірақ математика, физика және 
информатика  пәндерімен  ұқсас  тұстары  бар.  Мұндай  ұқсастық  оқу 
материалын  (теория  –  тапсырмаларды  орындау)  ұйымдастыру 
тәсілінде де, оқыту әдістемесінде бары анық, себебі 80-жылдары осы 
пәнді  математиктер,  физиктер,  кәсіби  программистер,  ҒЗИ
2
 ғылыми 
                                                 
1
 6.3.3- бөлімді қараңыз. 
2
 Информатика  пәнінің  мұғалімдерін  даярлауды  және  информатика  оқулықтарын  жазуды  басқа 
пәндердің мамандары да іске асырды.  


 
57 
қызметкерлері оқыта бастағыны рас.  
2.
 
Информатиканы  оқыту  кезінде  орындалатын  тапсырмалар 
физика,  математика,  астрономия  және  т.б.  пәндік  салалардың 
білімдеріне  жатады,  осыған  байланысты  информатиканың  пәнаралық 
сиипаты бар.  
3.
 
Мемлекеттік  стандарттың
1
,  бірыңғай  бағдарламалардың, 
жалпы қабылданған терминологияның ұзақ уақыт бойы болмауы;  
4.
 
Мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы  информатика 
курстарының  арасындағы айырмашылықтың көмескілігі; 
5.
 
Информатиканың  қарқынды  дамуына  байланысты  мұғалім 
компьютерлік  периодика,  Интернет  желісі  ресурстарын  және  т.б. 
материалдарды тұрақты түрде пайдалануға тәуелді.  
6.
 
Оқушылардың  ЭЕМ-де  жүйелі  түрде  жұмыс  істеуі  оқу 
материалын  практикалық  игеруінің  негізі  болып  табылады. 
Оқушылардың  өздік  жұмысының  мәні  артады,  себебі  олар  көп 
уақытын дербес компьютермен жұмыс істеуге жұмсайды.  
7.
 
Дербес  компьютер  зерттеу  нысаны  ретінде  пайдаланылады: 
негізгі білім мен ДК-мен (құрылғылар, операциялық жүйе, ақпаратты 
іздеу әдістері және т.б.) жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.  
8.
 
Информатиканы  оқытуда  өзіне  ғана  тән  проблемалар  бар, 
компьютер  зерттеу  нысаны  бола  тұра,  бір  уақытта  оқыту  құралы 
болып табылады. Отбасылардың материалдық және мәдени деңгейіне 
байланысты  оқушылардың  үй  жұмыстарын 
орындауда,  өз 
қызығушылықтарын  қанағаттандыруда  компьютерді  пайдалану 
мүмкіндіктері  әртүрлі  ,  бұны  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  кезінде 
ескерген жөн.  
9.
 
Компьютерде  жұмыс  істеу  уақыты  10-30  минуттан  аспауы 
тиіс  (оқушылардың  жас  ерекшелігіне  байланысты),  оқушылар  әр 
жұмыс орнында бір-бірден отыруы керек.  
10.
 
Компьютерлік  техника  әрдайым  жеткіліксіз  екені  бәріне 
мәлім,  сол  үшін  шағын  топтарды  (бір  компьютерге  1-2  оқушы) 
біріктіру керек
2

11.
 
Компьютерді  оқыту  құралы  және  аспабы  ретінде  пайдалану 
санитариялық-гигиеналық  нормалар  мен  шектеуліктерді  ғана  емес, 
компьютерлік  және  компьютерлік  емес  оқу  әдістерін  үйлестіруді 
талап етеді.  
12.
 
Информатика  пәні  бойынша  білімі  мен  дағдыларын  оқушы 
кез  келген  мектеп  пәні  сияқты  сабақта  ғана  алмайды,  бірақ  мектеп 
                                                 
1
 2004  ж.  бекітілген  Стандарт,  үлгі  бағдарламалар  және  жаңа  БОЖ  2005/2006  ж.-дан  2010  ж.-ға 
дейін біртіндеп іске қосыла бастады.   
2
 СанПиН талаптары бойынша компьютердегі оқушылардың саны бір оқушымен шектеледі. 


 
58 
информатикасынан  алған  білімі  бірден  көрінеді.    Сол  себепті, 
информатиканы білімі мен дағдылары әртүрлі  деңгейдегі оқушыларға 
оқыту  мәселесі  алға  шығады  (мысалы,  математика  немесе  химия 
сабақтарында:  «мен  бұны  білемін!»,  «бұны  мен  курста  өткенмін!» 
және т.б. деп айқайлаған оқушыны елестету мүмкін бе?) 
13.
 
Толыққанды бақылау жүргізіп, бағалар қою үшін сағат саны 
жеткіліксіз  болғандықтан,  тестілерді,  жазбаша  жұмыстарды,  жеке 
тапсырмаларды  (баяндамалар,  рефераттар,  шығармашылық  жобалар 
және т.б.) қолданған жөн.  
14.
 
Басқа  пәндерге  қарағанда,  информатиканы  оқыту  үрдісі 
әртүрлі    өзара  байланысты  қосымша  жүйелермен  сипатталады: 
мұғалім  –  оқушы;  оқушы  –  ДК;  оқушы  –  ДК  –  оқулық;  мұғалім–
оқушы–ДК
 және т.б.  
15.
 
Дәстүрлі  сабақтарда  еркін  әңгімелесуді  және  орын 
ауыстыруды  ұнататын  оқушыларға,  информатика  пәнінен  сыныптан 
тыс  алуан  түрлі  формалы  сабақтарды  (жас  программистердің  жазғы 
мектебі,  олипиадалар,  компьютерлік  клубтар  және  т.б.)  өткізу 
маңызды. Осы кезде оқушылардың жасаралық байланыстардың дамуы 
байқалады,  кейде  төменгі  сынып  оқушысы  өзінен  жасы  үлкен 
оқушыға кеңес берсе, кейде оқушының мұғалімге кеңес беруін көруге 
болады.  
16.
 
Информатика  сабақтарында  үлгерімі  жоғары  оқушылардың 
мұғалімнің  көмекшілері  ретінде  табысты  жұмыс  атқарып,  білім  алу 
және оны бақылаудың түрін құруға болады.  
17.
 
Жалпы,  информатика  сабақтарына  жас  шамасы  әртүрлі  
оқушылар  қызыға  барады,  себебі  компьютер  пәнді  оқытудың 
ынталандырғыш  күші  болып  табылады.  Бірақ  компьютердің  адам 
өмірінің көптеген саласына енуі осы қызығушылықты төмендетеді.  
Информатика  оқу-тәрбиелік  үрдісте  кибернетикалық  және 
педагогикалық  идеялар  үйлесімділігінің  маңыздылығын  білдіреді,  ол 
оқушылар  ұжымына  басшылық  етудегі  басқарушы  мүше,  мұғалімнің 
орнын  өзгертіп,  мүмкіндіктерін  арттырып  қана  қоймай,  басқару 
функциясын,  сапаны  диагностикалау  және  игеру  деңгейінің,  оқу 
үрдісіндегі  кері  байланыстың  рөлін  күшейтеді.  Мұғалім  көбінесе 
оқушылардың  өзіндік  танымдық  әрекетін  және  шығармашылық 
мүмкіндіктерін қалыптастыруға баса назар аударады.  

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау