Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет53/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62

 
156 
БДТ  және  ДЭЕМ-қолданып  үйірме  сабақтарын  өткізу  аптасына 
екі реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта: 
- II-V  сынып  (7-10  жас)  оқушылары  үшін  60  минуттан  аспауы 
керек; 
- VI  және  жоғары сынып  оқушылары  үшін  90  минуттан  аспауы 
керек;  
- Санитариялық-гигиеналық  талаптар  факторы  ЕТК-да  оқу 
процесін  ұйымдастыруға,  информатикадан  әрбір  сабақ  құрылымына 
қатаң шектеулер қояды, сондықтан ол жоспарлауда ескерілуі тиіс. 
5.1.5. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі 
Есептеуіш  техника  кабинетінде  жұмыс  жасау  кезінде  техника 
қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің 
бірі болып табылады. 
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей: 
1)  жалпы ережелерді; 
2)  дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді; 
3)  жұмыс жасау кезіндегі ережелерді; 
4)  апаттық жағдайдағы ережелерді; 
5)  жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс. 
1.  Жалпы  техника  қауіпсіздігінің  ережелеріне  қойылатын 
талаптар төмендегідей: 
▪  компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, 
штеккерлерге  тиісуге  және  жабдықтарды  мұғалімнің  рұқсатынсыз 
жылжытуына тыйым салынады; 
▪  мұғалімнің  рұқсатынсыз  сыныптан  шығуға  және  кіруге 
болмайды; 
▪  дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен 
жүмыс істеуге болмайды; 
▪  дербес  компьютердің  жанына  портфельдер,  сумкалар, 
кітаптар  қоюға  тыйым  салынады.  Үстелде  қалам  мен  дәптер  ғана 
болуы тиіс; 
▪  пернетақта үстіне ешқандай заттар қоюға болмайды; 
▪  компьютерлік  сыныпта  жүгіруге,  ойнауға,  жаныңдағы 
құрбыларын  алаңдатуға,  бөгде  жұмыстармен  шұғылдануға  тыйым 
салынады; 
▪  оқушы  компьютермен  жұмыс  жасау  кезінде  техника 
қауіпсіздігі  талаптарын  орындау  ережесімен  танысқандығы  туралы 
журналды толтырады. 
2.  Дербес  компьютерде  жүмыс  жасау  алдында  қауіпсіздік 
ережесінің талаптары: 


 
157 
▪  дербес  компьютерді  іске  қосу  кезінде  оның  сыртқы 
қорабының  дұрыс  жұмыс  жасап  тұрғандығына  және  сымдарының 
қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек; 
▪  жұмыс  орнына  бекітілген  тіркеу  журналына  керекті 
мағлұматтар енгізіп, белгі жасау қажет. 
3.  Оқушы  дербес  компъютермен  жүмыс  жасау  кезіндегі 
техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар: 
▪  ЭЕМ-мен  жұмыс  жасау  кезінде  көзді  экраннан  60-70  см 
қашықтықта ұстау керек; 
▪  сыныпқа  кірушілермен  орыннан  тұрмай  амандасуға  рұқсат 
етіледі; 
▪  көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын 
орындауға болады; 
▪  электр  тоғымен  зақымданған  алғашқы  дәрігерлік  көмек 
көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт 
сөндіру тәсілдерін білу қажет. 
▪  көз жаттығуларын білу міндетті. 
4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне 
қойылатын талаптар: 
▪  жұмыс  жасап  отырған  кезде  дербес  компьютерлерден  ақау 
табылса,  күйік  иісі  шықса  немесе  өзгеше  дыбыс  пайда  болса,  онда 
машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек; 
▪  өрт сөндіруде көмек көрсету керек; 
▪  электр  тоғымен  зақымданған  адамға  алғашқы  көмек 
көрсетуді білу керек; 
▪  компьютерлік 
сыныпта 
өртті 
сумен 
сөндіруге 
болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал 
жабдықтарын пайдалануға болады; 
▪  электр  тоғының  әсерімен  зақымданған  адамды  су  қолмен 
ұстауға  болмайтындығын  білу  қажет.  Оны  әртүрлі    материалдарды 
пайдалану арқылы босатып алуға болады. 
5.  Дербес  компьютермен  жұмысты  аяқтаған  кездегі 
техника қауіпсіздігі  ережесінің талаптары: 
▪  мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; 
▪  жұмыс орнын ретке келтіру; 
▪  жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою. 
Көз шаршағанда қолданылатын жаттығулар  
Оқушыны  компьютермен  жұмыс  жасай  отырып,  шаршаған 
жағдайда мына келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет: 
1Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру): 


 
158 

алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау; 

сағат  тілінің  бағытымен  және  керісінше  көзді  айналдыра 
қозғалыс жасау; 

көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру; 
2. Басты бұру жаттығуларын жасау: 

басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру; 

басты жан-жаққа бұру. 
3Саусақты жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту
4Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру
5.2.  Информатика  кабинетіне  қойылатын  санитариялық-
гигиеналық  талаптар 
5.2.1. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру  
Гигиеналық 
талаптарға 
сәйкес, 
оқушылрдың 
жұмыс 
орындарына  келесілер  кіреді:  жұмыс  аймағы  (оқушылардың  оқу 
үстелдерін  орналастыру),  мұғалімнің  жұмыс  аймағы,  оқу-көрнекі 
құралдарды,  оқытудың  техникалық  құралдарын  (ОТҚ)    қоюға 
арналған қосымша кеңістік, оқушылардың жеке оқуына және ықтимал 
белсенді әрекетіне арналған аймақ. 
Оңтайлы орналастыруға қойылатын негізгі талаптар:  
1)  оқушылардың,  мұғалімнің  және  жабдықтардың  жұмыс  істеу 
қауіпсіздігі; 
2)  оқушыларға арналған жайлылық; 
3)  сабақты  басқару,  оқытудың  түрлі  формаларын  үйлестіру, 
бақылауды  ұйымдастыру  жағынан  алғанда,  мұғалімнің  ыңғайлы 
орналасуы;  
4)  қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге ыңғайлылық; 
5)  кабинет ауданын оңтайлы пайдалану.  
Оқушылардың  жұмыс  орнының  (ОЖО)  оңтайлы  саны
сыныптың толуына байланысты, 9-дан 15-ке дейін болуы керек. Білім 
беру  саласының  іс  жүзіндегі  жағдайын  ескерсек,  информатика 
кабинетінде  бір  немесе  төрт-бес  компьютер  негізінде  оқыту 
технологиясын әзірлеу қажет деген пікір бар.  
Оқушылардың  жұмыс  орнын  (ОЖО)  орналастырудың  негізгі 
нұсқаларын  қарап,  бағалап  көрейік,  ол  мына  тәсілдермен  іске  асуы 
мүмкін:  
а)  қатармен  –  бұл  жағдайда  үстелдер  дәстүрлі  түрде 
орналастырылады (5.1-сурет, а). 
б)  ортада  орналастыру  –  ДЭЕМ  қойылған  екі  қатарлы 
үстелдер  кабинеттің  ортасына  қойылады,  экрандар  қарама-қарсы 
орналастырылады (5.1-сурет,б). 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау