Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет49/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62

 
143 
ақпараттандырылу  деңгейі,  эмоциялы  жай-күйі,  белсенділік  деңгейі, 
қызығушылығы  және  т.б.  қаншалықты  шындықпен  сәйкес 
келетіндігін  анықтайды.  Бұл  кезеңде  мұғалім  оқушылардың  көңілін 
аулап  қана  қоймай,  сабақ  барысына  өзгерістер  енгізу  қажет  пе  және 
олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.  
Типті  қателік    мұғалімнен  қорыққаннан,  оқушылар  мұғалім 
күткен  нәтижеден  басқаны  айтып  немесе  істеп  қою  үрейінен,  осы 
кезеңді ескермеуі. Кіріспе бөлімді мұғалім балалардың белсенділігіне 
қарап  емес,  өзіне  байланысты  құрастырады,  сол  арқылы  кері 
байланысты  ескермей,  оқушыларға  пассивті  тыңдарман  рөлін  беріп, 
олардың эмоциялы көңіл-күйіне мән бермейді.  
Ұсыныстар:  кіріспе  бөлім  мазмұнға  қарағанда  кіріспе  әңгіме 
(танымдық,  эстетикалық)  немесе  ширату    (викториналар,  байқаулар, 
КВН) түрінде де бола алады.  
Бірінші жағдайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты 
болып  қана  қоймай,  мұғалімге  материалдың  дайын  екендігі  туралы 
ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бөлімде алда өтетін іс-
шаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек 
(бағалау  жүйесімен,  іс-шаралар  жоспарымен  танысу,  командаға 
бөліну).  Бағалаудың  нақты  өлшемлері  беріліп,  қажетті  ережелер 
түсіндірілуі қажет.  
3.  Негізгі  бөлім  уақыт  бойынша  ең  ұзақ  болуы  керек  (жалпы 
сабақтың 1/3 уақытынан көп).  
Педагогикалық  мақсаты:  іс-шараның  негізгі  идеясын  жүзеге 
асыру.  
Типтік  қателіктер:  кейбір  оқушылардың  немесе  барлығының 
енжарлығы кезінде мұғалімнің белсенділік танытуы, көрнекіліктердің 
жоқтығы  немесе  құралдар  мен  әдістердің  аздығы,  мінез-құлықты 
қалыптастыру  әдістерінің  сананы  қалыптастыру  әдістерінен  артық 
болуы, білім беру сабағына айналуы, ғибратқа, әдепке үйретушілік.  
Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан 
тыс жұмысты жүзеге асыруда тәрбиелік мәні жоғары. Сыныптан  тыс 
сабақта  оқушылардың  белсенділігін  арттыру  үшін  кәдімгі  сабақтан 
ерекше көңіл-күйді көтеретін жағдай туғызу маңызды.  
Мұғалім  сабақты  өткізудің  неғұрлым  көп  әдістерін  қолданса, 
соғұрлым  негізгі  бөлімнің  тиімділігі  артады:  жаттығу,  ойын, 
тапсырма;  олар  әртүрлі    әрекет  түрінен  құралады:  еңбек, 
шығармашылық, ойын және т.б.  
Алуан  түрлі  әрекеттерді  ұйымдастыру  кезінде  оқушыларды 
командаға  біріктіру  арқылы,  мұғалім  оларды  бір-бірімен  еркін 
әңгімелесуге  ыңғайлы  етіп,  міндеттерін  бөлген  кезде,  оқушы  өз 


 
144 
атынан 
емес, 
ұжымның 
бір 
бөлігі 
ретінде 
қатысқандай 
орналастырғаны  дұрыс.  Тапсырманы  орындауға  уақыт  берген  кезде, 
командаға  оны  талқылауға,  команданың  оқушылар  таңдаған  өкілінен 
сұрауға  бірнеше  минут  бөлген  жөн.  Тек  осы  жағдайда  оқушылар 
әрекетінің  ортақ  мақсаты,  бірігу  себептері  мен  түрлі  қызметтері 
болады.  
Сананы  қалыптастыру  әдістері  оқушыларда  сенімнің,  іс 
жүзіндегі  этикалық  түсініктердің  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Әңгімелеу  әдісін  тиімді  етіп  түрлендіруде  хабарламаны,  оқушының 
баяндамасын,  жиірек  пікірталасты  қолдануға  болады.  Сыныптан  тыс 
тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушыларды пікірталас жүргізу 
ережелеріне үйреткен дұрыс.  
4. Қорытынды бөлім (1/4-ден кемінде 1/5-ге дейінгі уақыт).  
Педагогикалық  мақсаты:  оқушылардың  алған  тәжірибелерін 
мектептен  тыс  өмірінде  пайдалануға  дағдыландыру  және  сабақ 
идеясын  қаншалықты  жүзеге  асырылғанын  анықтау.  Нәтижесінде, 
қорытынды  бөлім  мұғалімнің  балаға  басқа  ортада  тәрбиелік  ықпал 
етуге мүмкіндік береді.  
Типтік  қателіктер:  бұл  бөлім  ескерілмейді  немесе  «Ұнады 
ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақтармен тұжырымдалады.  
Ұсыныстар:  тест  түріндегі  тапсырмалар  бастапқы  нәтижелерді 
анықтау  үшін  оқушыларды  қызықтыратын:  сөзжұмбақ,  мини-
викторина,  блиц,  ойын  және  т.б.  түрінде  болғаны  дұрыс.  Алған 
тәжірибелерін өмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі  ұсыныстар 
жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша кітаптар көрсету, сабақта алған 
дағдыларын,  ақпаратты  таныта  алатын  жағдайды  талқылау  арқылы 
жүзеге  асыруға  болады.  Алған  тәжірибелерін  қолдану  үшін 
оқушыларға  келесідей  кеңес  беріледі:  өз  туысқандарына  не  айта 
алады,  осы  тақырып  бойынша  не  сұрауға  болады;  қайда  баруға 
болады,  неге  назар  аудару  қажет,  қай  ойынмен  ойнауға  болады, 
өздігінен  не  істеуге  болады  және  т.б.    Қорытынды  бөлімде  сабақ 
тақырыбы одан әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға 
болатындығын  анықтауға  болады.  Қорытынды  бөлімді  мұғалім 
оқушылардың  кейінгі  іс-шараларды  өткізудегі  бастамаларын  дамыту 
үшін қолдана алады.  
4.  Атқарылған  жұмыс  талдауы    қалыптасқан  модельді 
өмірдегі  кейпімен  салыстыруға,  табысты  және  проблемалы 
жағдайларды,  олардың  себептері  мен  салдарын  анықтауға 
бағытталған.  Алдағы  тәрбиелік  жұмысқа  тапсырмаларды  құрастыру 
элементі  аса  маңызды.  Осы  кезең  тәрбиелік  тапсырмаларды, 


 
145 
мазмұнды,  формаларды  түзетуге  және  сыныптан  тыс  жұмысты  одан 
әрі жоспарлауға тым қажет.   
Өткізілген  тәрбиелік  шараның  қорытындысын  шығару  –  аса 
маңызды  сәт,  бірақ  кейде  жете  бағаланбайды.  Мұнда  әсіресе  білікті 
қорытынды  жасап,  атқарылған  жұмыстың  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін бағалайтын мұғалім мен әдіскердің рөлі аса жауапты.    
Іс-шаралар  қорытындыларын  талдауды  жүйелі  түрде  өткізген 
жөн, өйткені қол жеткізген жетістіктер арқылы одан әрі алға жылжуға 
болады, 
жақсысын 
бекітіп, 
кемшіліктерді 
жоюға 
болады. 
Қорытындыны  анализдеудің  екі  негізгі  функциясы  бар  – 
ұйымдастырушылық  және  тәрбиелік.  Тұрақты  анализдеу  жұмысты 
жақсырақ  ұйымдастыруға,  тапсырылған  іске  неғұрлым  жауапты 
болуға  ықпал  етеді,  себебі  оның  қорытындылары  мен  нәтижесі 
байқаусыз  қалмайды,  керісінше,  бағалауға  ұшырайды.  Анализ  –  бұл 
байқампаздықты  тәрбиелеудің,  өзіне  сын  көзбен  қараудың,  талап 
қоюдың,  қоғамдық  пікірді  қалыптастырудың,  сынға  оң  көзқарас 
танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.    
Тәрбиелік  іс-шараны  сараптай  отыра,  алдымен,  оң  нәтижелерді 
белгілеп  алған  дұрыс,  табысқа  жеткізген  амалдар,  шарттар  мен 
әдістерді,  сәтсіздік  себептерін  анықтап  алған  жөн.  Қорытындыны 
білікті  шығару  арқылы  бұдан  әрі  бүкіл  тәрбиелік  жұмысты  негізді 
жоспарлауға  және  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  туады.  Әрбір 
өткізілген  шараны  мына  негізгі  критерийлерге  сәйкес  педагогикалық 
сараптаудан  өткізуге  болады:  1)  мақсаттың  болуы;  2)  өзектілігі  және 
тақырыптың 
заманға 
сай 
болуы; 
3) 
оның 
бағытталуы;  
4)  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  мазмұн  тереңдігі  мен 
ғылымилығы;  5)  мұғалім  мен  оқушылардың  жұмысқа  дайындығы, 
оны өткізуге ұйымшылдығы мен айқындығы.  
Тәрбиелік  шараның  сапасын  оқушылардың  әсері  арқылы  да 
бағалауға  болады.  Олардың  назары,  эмоциялы  икемделуі,  өтіп 
жатқанға 
қызығушылығы, 
белсенділігі 
немесе, 
керісінше, 
немқұрайлығы  көп  нәрсені  пайымдайды.  Оқушылардың  іс-әрекетін 
бақылау,  олармен  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу  атқарылған 
жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді.  
Сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыстардың  жай-күйі  мен 
нәтижелерін 
педагогикалық 
кеңестерде 
және 
әдістемелік 
бірлестіктерде  жүйелі  түрде  талқылаған  жөн.  Тәрбиелік  шараға  баға 
беруде  оқушыларды  да  тартқан  дұрыс,  сол  үшін  мектеп  радиосын, 
қабырға  газеттерін,  көрмелерді  пайдалануға  болады.  Мұндай  жұмыс 
формаларының  нәтижелері  жарыс,  байқау,  конкурс,  айлық  және  т.б. 
сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау