Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет47/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62

 
137 
типтік  есептер,  әдетте  викторина  үшін  қызықты  болмайды. 
Есептерден  басқа  викторинаға  информатикамен  байланысты  өзінше 
сұрақтарды  енгізуге  болады.  Викторинаға  есеп-әзіл  да  енгізіледі. 
Викториналар  тұтастай  қандай  да  бір  тақырыпқа  арналуы  мүмкін, 
әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы. 
Қызықты  кісілермен  кездесу  өскелең  ұрпақты  адамгершілікке 
қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер 
сыныптық  немесе  жалпымектептік  немесе  сыныптан  тыс  жұмыстың 
басқа  түрінің  құрамында  болуы  мүмкін.  Кездесулер  «компьютер» 
кәсібінің  өкілдерімен,  басқа  да  компьютерді  қолданатын  кәсіптер 
өкілдерімен,  лайық  кәсіпті  таңдаған  мектеп  түлектерімен  және  т.б.   
ұйымдастырылуы мүмкін.  
Кіріспе  сөзде  мұғалім  оқушылардың  қызығушылығын  тудыру 
үшін  қонақтардың  өмір  және  қызметі  туралы  айтуға  тиіс,  ал 
қорытындыда  бүкіл  айтқанын  жалпылап  және  қатысқандарға  алғыс 
айтылу керек. 
Іскер  ойындары  –  зерттелетін  объектіні  немесе  оқушылардың 
нақты  әрекетін  қабылдайтын  немесе  көз  алдына  елестету  арқылы 
шешім  қабылдайтын  оқытудың  белсенді  әдісі.  Олар  инструменталды 
деп  аталатын  –  нақты  әрекеттің  моделін  құру,  нақты  мақсатқа 
жету,  қатысушылардың  іскерлік  қатынас  жүйесін  құрылымдау 
сияқты  есептерді  шешуге  бағытталған.  Балалармен  іскерлік 
ойындардың  сюжеті  әдетте  күрделі  болмайды,  ұйымдастушылық 
семинар түрінде өтуі мүмкін. 
В.Я. Платов [36] бойынша іскерлік ойындардың негізгі белгілері 
мыналар:  
1)  объектінің моделінің болуы; 
2)  рөлдердің болуы; 
3)  шешімдерді 
шығару 
кезінде 
рөлдік 
мақсаттардың 
айырмашылығы; 
4)  рөлдерді  орындайтын  қатысушылардың  өзара  әрекет-
тестіктері; 
5)  бүкіл ойындық ұжымның жалпы мақсатының болуы; 
6)  ойынның қатысушылармен ұжымдық шешімді шығару; 
7)  «тізбектік шешімді» ойын процесінде жүзеге асыру; 
8)  шешімнің көпнұсқалылығы; 
9)  эмоциялық шиеленсті басқару; 
10) 
ойынға  қатысушылардың  жеке  және  топтық  бағалау 
әрекетінің тармақталу жүйесі. 
Іскерлік ойындарда оқушылар өзі жақын және алыс болашағын 
жоспарлайды,  бірақ  бүкіл  әрекетте  ойындық  құрылым  бар,  оны 


 
138 
жүргізушілер  кезеңнен  -  кезеңге  бағыттайды.  Мұнда  оқушылар 
ойнаған  кезде  нақты  қоғамдық  қызметті  жоспарлап  және  іске 
асыратын ұжымдық шығармашылық істі қосуға болады. 
Сюжеттік  линиясы  және  қатынастың  сырттан  тапсырылған 
эмоциялық ахуалы болмағандықтан, іскерлік ойындар оқушылар үшін 
күрделі  болады.  Қатысушылар  үшін  уәждеме  (орысш.  –  мотивация)  
құрастырып  және  оның  шараны  өткізу  үрдісінде  қолдауы  керек. 
Біріншіден, қатысушыларға үлкендердің істерімен айналысу қызықты. 
Екіншіден, 
жұмыс 
қызығушылықтары 
сәйкес 
құралған 
шығармашылық  топтарда  ұйымдастырылуы  қажет.  Үшіншіден,  олар 
өз  жұмыстарының  нақты  нәтижелерін,  мысал  есептерді  шешу 
алгоритмін, шара жоспарын және т.б. көруі керек. 
Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – 
келешегі  бар  бағыт.  Мұндай  ойындар  өз  іс-әрекетін  құрастыруға, 
құрбылармен  іскерлік  қатынастарды  жақсартуға,  үлкен  кісілермен 
алқалық  қатынастарға  түсуге  үйретеді.  Әсіресе,  оқушылармен  және 
үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар 
бағалы болып келеді. 
Іскерлік 
ойындар 
оқушылардың 
психофизиологиялық 
ерешеліктерін  ескеріп,  арнайы  анықталған  жас  мөлшері  үшін 
жобалануы  қажет.  Сыныптан  тыс  жұмыста  пайдалануға  болатын 
іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: 

ірі  ауқымды  (бірнеше  сынып)  және  ұзақ  (бірнеше  айға) 
созылатын іскерлік ойындар; 

нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; 

бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; 

үстел үсті іскерлік ойындар. 
Информатикадан диспут –  өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ 
және  жауап  ойыны.  Диспут  кезінде  алдымен  қиынырақ  сұрақтар 
қойылады.  Диспуттың  материалы  бойынша  сұрақ  қою  өте  маңызды. 
Бұл  сұрақтардың  мазмұндары  диспут  алдына  қойылған  мақсаттарға 
байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы 
–  өткен  оқу  жылдарының  оқу  материалдарын  қайталау  болады.  Бұл 
жағдайда,  нақты  уақыт  аралығында  оқушылардың  алдына 
информатикадан  өткен  материалды  қайталау  мақсаты  қойылады. Бұл 
материалдар  бойынша  нақты  әрекетті  орындау  үшін  анықтамаларды, 
қасиеттерді,  ережелерді,  есептерді  шешудің  алгоритмдерін  құруды 
және т.б. қайталануы қажет.  
Әр  диспут  алдына  қойылатын  ең  минимальды  талап  ол 
оқушылардың  оқулықтағы  тура  нұсқалған  материалды  жақсы,  толық 
және  дәл  ашып  айту,  тұжырымдарды  түсіну  біліктілігі  болып 


 
139 
табылады.  Тек  осыдан  кейін  және  осының  негізінде,  оқушылармен 
оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.  
4.4.  Информатика  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстың 
әдістемесі  
4.4.1. Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері  
1. Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл 
кезең  әрбір  оқушының  және  бүтіндей  сынып  ұжымының 
ерекшеліктерін  зерттеуге,  тәрбиелік  үрдісті  тиімді  іске  асыру  үшін 
неғұрлым  өзекті  тапсырмаларды  анықтауға  бағытталған.  Кезеңнің 
мақсаты – оң аспектілерді (баланың, ұжымның жағымды қасиеттерін) 
анықтауды,  түзетуді,  неғұрлым  маңызды  тапсырмаларды  таңдауды 
және  қалыптастыруды  қажет  ететін  педагогикалық  болмысты  әділ 
бағалау.  
Зерттеу  белгілі  педагогикалық  әдістер  арқылы  жүргізіледі, 
олардың  ішінде  бақылау  басымдылық  танытады.  Бақылау  арқылы 
мұғалім  оқушы  және  ұжым  жайлы  ақпарат  жинайды.  Оқушылармен 
ғана емес, олардың ата-аналарымен, сыныпта олармен жұмыс істейтін 
мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық тәсілге жатады.  
Жеке  жұмыс  жасау  кезінде  баламен  құрастырылған: 
суреттердің,  боямалардың,  өлең  шумақтарының,  әңгімелердің  және 
т.б.  құрастырмалардың  маңызы  зор.  Ұжымды  зерттеу  барысында 
социометрия
1
 әдісі  ақпараттық  қызмет  атқарады,  оның  көмегімен 
мұғалім  неғұрлым  танымал  және  танылмаған  оқушылар  жайында, 
кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым-қатынас сипаты 
жөнінде біледі.    
2.  Сыныптан  тыс  тәрбиелік  жұмысты  дайындау  және 
модельдеу  мұғалімнің  белгілі  бір  іс-әрекет  моделін  құрастырудан 
тұрады.  Дарынды  мұғалімнің  сыныптан  тыс  сабақтары  да  көбінесе 
өткен дайындығына байланысты болады. Сол себепті әрбір іс-шараны 
ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана өткізген жөн.  
Жоспарды  мұғалім  оқушылардың  қатысуымен  құрастырады. 
Жоғарғы  сыныптарда  оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен  өз 
бетінше  де  орындайды.  Тәрбиелік  шараны  ұйымдастыру  шеберлігі 
сыныптан тыс әрекет саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін 
ғылыми ұйымдастыру элементі болып табылады.  
Модельдеу  нәтижелері  сыныптан  тыс  сабақтар  жоспарында 
көрініс табады, олар мына құрылымнан тұрады: 
1. Атауы.    
 
 
 
4. Өткізу формасы. 
                                                 
1  Социометрия  –  жеке  тұлғааралық  байланыстардың  өлшемі,  оның  авторы  -  американдық 
психиатр және әлеуметтік психолог Джекоб Морено. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау