112
Орындалған жұмыстың ғылыми деңгейіне осы саладағы ең үздік
жетістіктермен салыстыра отырып баға беру. Зерттеу жұмысында жоғарғы
туындылардағы кіші параметрлері бар кез келген реттегі дифференциалды
және интегро-дифференциалдық теңдеулерге арналған бастапқы және
шекаралық есептердің, дифференциалдық теңдеулердің интегралды
шекаралық
есептерінің,
сингулярлы
ауытқыған
дифференциалдық
теңдеулердің ішкі өзгерісі бар шекаралық есептері шешімінің асимптоталық
жіктелуін құру және зерттеудің жаңа әдістері ұсынылды және негізделді.
Сингулярлы ауытқыған теңдеулер саласында бұл есептер бұрын
қарастырылмаған.
Келтірілген мәліметтерді талқылай келе, мынадай нұсқаулар мен
қорытындылар шығаруға болады:
– дифференциалдық теңдеулер теориясының элементтерін медицинада,
техникада және шаруашылық салаларында қолдану бойынша ғылыми
кадрлар даярлауды күшейту;
– математикалық физика мен дифференциалдық теңдеулер теориясы
бойынша оқу және типтік жоспарлар құруы қажет;
– алдыңғы қатарлы ғалымдарға өз нәтижелерін рейтингі жоғары
ғылыми журналдарда және дүниежүзілік симпозиумдарда жариялауға
мүмкіндік беру.
Химиялық
технология
(мұнай
химиясы
және
химиялық
тыңайтқыштар) саласындағы зерттеулер
Қазақстандық химиктер мен технологтар Қаратау фосфориттерін өңдеу
мәселелеріне аса көңіл бөлуде. Қаратау фосфориттерінің ерекше құрамы
жаңа техникалық шешімдерді қажет етеді. Бұған қатысты екі жол бар:
біріншісі – фосфорит құрамын дәстүрлі технологиялар талаптарына сай
келтіру, екіншісі – құрамы мен ондағы тербелістердің технологиялық
көрсеткіштерге айтарлықтай ықпал етпейтін амалдарды жасау.
Химиялық-технологиялық
бөліміндегі
қиындықтарға
апатит
концентраты сияқты бай шикізатпен жұмыс жасайтын үдерістерді (Коль
түбегі, Ресей) төменгі сорттағы Қаратау фосфат кеніне іс жүзінде негізсіз
ұшыратты. Минералдық ресурстар, металлургия және химиялық өнеркәсіп
салаларындағы Тәуелсіз кеңесшілер мен сарапшылар бірлестігі Ресейдің
Мемлекеттік теңгерім қорындағы мәліметтерге жасалынған талдауға сүйене
отырып, фосфат кендері бойынша Ресей әлемде ҚХР, Марокко және АҚШ-
тан кейін төртінші орын алатынын көрсетті [66].
Басқа дәлелдемелер бойынша, 10 млрд т (әлем бойынша 60%) фосфат
қоры бар Марокко алда тұр, Тунистің қоры 1,2 млрд т деп бағаланады, ірі
ресурсты және өндіруші елдер қатарына Ресей, АҚШ, Бразилия жатады.
[70] жұмыста назар қызықты ұстанымға аударылған: белгілі бір шикізатты
немесе өнімді тұтынуда алда келе жатқан елдерде өзіндік кен ресурстары
тиісті мөлшерде болмайды немесе мүлдем жоқ, осының салдарынан
жекелеген мемлекеттердің саяси тәлімі барабар емес болады. Бұл
113
ұстанымның пайдалы бөлігі бойынша жалпы әлемдік қоры 17 млрд тонна
болатын фосфат шикізатына да қатысы бар. Қазақстанда да, Ресейдегі
сияқты, тыңайтқыштар өндірісі көлемдерінде айтарлықтай айырмашылығы
бар экспорт бағытындағы бизнес болып табылады. Әлемдік корпоративтік
сектордағы фосфор индустриясының алыптары анықталған – американдық
Mosaic, мароккалық OCP, ресейлік «Фосагро» және «Еврохим», канадалық
PotashCorp, бас пункті Бразилияда орналасқан Bunge [69].
Ғылыми мәліметтер бойынша, фосфор тыңайтқыштарын басқа
тыңайтқыш түрлерімен бірге пайдаланған кезде мақта өнімін 20–29%-ға,
қант қызылшасының өнімін 35–40%-ға, бидайдікін – 5–11%-ға, жүгерінікін –
20%-ға, көкөністер өнімін – 40%-ға дейін арттырады. Әдебиет көздеріндегі
мәліметтерге орай, ТМД елдеріндегі минералды тыңайтқыштарды
тұтынылуы ауыл шаруашылығы дамыған елдерге қарағанда төмен екен (6.3-
кесте). 2010 жылы Қазақстанда жыл сайынғы қажетті 2 млн тоннаның
орнына 30 мың тонна минералдық тыңайт-қыштар тұтынылған. 2011 жылы
дәнді-дақыл егілетін жерлердің 78%-ы, азықтық дақыл-дардың 89% егіс
жері, картоп, көкөніс және техникалық дақылдарға арналған алқаптың 60%-
ы тыңайтылмай қалды. Республиканың 272,5 млн га жерінің 225 млн га жері
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жатады.
6.3-кесте. Әртүрлі елдердегі және Қазақстандағы тыңайтқыштардың
қолданылуы (кг/га) мен астықтың жиналуы(ц/га) жайлы мәліметтер
Елдің атауы
2005 ж.
2008 ж.
2011 ж.
Ұлыбритания
319/49,1
367/55,0
348/59,2
ФРГ
1180/44,3
426/52,9
411/56,7
Франция
309/48,4
297/57,1
312/61,0
Венгрия
262/47,3
253/50,4
246/44,1
АҚШ
113/37,5
100/47,4
106/47,1
Ресей
68/12,9
96/14,5
90/18,5
Қазақстан
14,0/10,9
28/9,6
23/13,5
Құрамында магнийі бар фосфаттарды фосфор қышқылына, екі еселік
суперфосфатқа және амофосқа қайта өңдеуіндегі қиындықтар баяғыдан
мәлім. Алайда бұл бағыттағы жүйелі зерттеулер тиісті мөлшерде
жасалынбаған. Экстрациялық фосфор қышқылы (ЭФҚ) өндірісі тиісті
дәрежеде ғылыми негізделген нормаларға жетпейтін көрсеткіштермен
сипатталады. Бұл білімнің жетіспеушілігінен және шикізат ыдырауына,
кальций сульфатының кристалдануына, оның сүзгіленуі мен тазартылуына
ықпал етуші факторларды есепке алудағы кемшіліктерге байланысты
туындайды. Мұндай үдерістерді оңтайландыру, әдетте, зертханалық
жағдайда жасалынады, өндірістік үдеріске алмастырылған кезде жасалынған
үлгілер оның өнеркәсіптік экстратор мен сүзгілеу барысында орын алатын
ерекшеліктерге орай тиісті үдеріске сай келмей қалады.
Төменгі сападағы фосфориттерді барынша пайдаланып, фосфор
өнеркәсібіндегі техногендік қалдықтарды кәдеге жаратуды қамтамасыз
Достарыңызбен бөлісу: |