Іргетас арқалық:
Жеке іргетасқа тіреліп тұрған және оның ӛзінен жоғары
орналасқан қабырғадан жүктемелерді қабылдайтын арқалық (әдетте, темірбетон немесе
металл түрінде).
3.1924
Қҧрылыс ерітіндісі:
Уақыт ӛту барысында тасқа айналатын ұсақ
толтырғыштың (табиғи немесе жасанды құм), тұтқыштың (цемент, әктас, гипс ж.т.б.),
судың және қосындылардың (кейбір жағдайларда) қоспасы.
3.1925
Ерітілмелі әйнек:
Натрий немесе калийдің силикаттарынан тұратын мӛлдір
әйнек түріндегі материал.
3.1926
Ерітіндісорғы:
Құрылыс ерітінділерін (негізінен, сылағыш) пайдалану
жеріне айдауға арналған тұрақты немесе қозғалмалы машина.
3.1927
Ерітінділер:
Екі немесе одан кӛп заттардың (құраушылардың) араласқан
біртекті қоспасы.
3.1928
Тартпа:
Ӛзіндік орнықтылығы жоқ, тек тартуға жұмыс істейтін иілгіш
жинақтау құралы.
3.1929
Достарыңызбен бөлісу: |