Бӛлшектеу торабы:
Жобаны нақты ӛлшемдерге кӛшіру үшін жасалатын
геодезиялық торап.
3.1914
Бӛлшектеу сызбасы:
Құрылыстың бӛлшектерін нақты ӛлшемдерге
кӛшіруге арналған барлық қажетті деректері бар сызба.
3.1915
Кӛлік тҥйіні:
Әртекті кӛлік құралдары ағынын бӛлуге немесе біртекті
қиылысатын кӛлік ағынын бӛлу мен қосуға арналған бір немесе бірнеше деңгейде
орналастырылатын инженерлік имарат немесе имарат кешені.
3.1916
Бӛлуші трансформатор:
Энергия қабылдаушыны алғашқы электр
жүйесінен және жерлендіру жүйесінен бӛлуге арналған арнайы трансформатор.
3.1917
Қима:
Ойша бір немесе бірнеше жазықтықтармен қиылған заттың бейнесі,
мұнда ойша қию тек берілген қимаға жатады және осы заттың басқа бейнелерін
ӛзгертпейді. Қимада қию жазықтығында және оның артында орналасқан нәрселер
кӛрсетіледі. Заттың құралымын түсінуге қажет болмаса, қию жазықтығынан кейінгілердің
барлығын кӛрсетпеуге болады.
3.1918
Достарыңызбен бөлісу: |