ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі, сырттай
Көкшетау 2014ж.
Әдістемелік нұсқаулар Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәнінің оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс практикалық сабақтарға арналған талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған
« 17 » 06 2014 ж. хаттама № 11
Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
« 19 » 06 2014 ж. хаттама №10
ОӘК төрағасы Сыздыкова Б.Р.
Түсініктеме
Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:
Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.
Студенттерде ғылыми-психологиялық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерді негізгі психологиялық іскерліктермен қаруландыру.
Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен психологиялық бағытта ойлауын дамыту.
Студенттердің болашақ маман ретінде психология ғылымына, психологиялық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Практикалық сабақтарда студенттерде әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттеуге деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.
Сабақтың басында теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге, студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі психологиялық әдебиеттердің негізгі жалпы теориялық білімдер нақтыланады. Одан кейін жоспар бойынша тапсырмалар орындалады.
Практикалық сабақтарда студенттер белгілі бір әлеуметтік-психологиялық процесті бақылап, оған талдау жасайды. Практикалық сабақтарда теорияның жүзеге асырылуы практика жүзінде көрсетіледі.
Сабақтарда әртүрлі психологиялық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, психологиялық міндеттер шешіледі, әлеуметтік-психологиялық шараларды ұйымдастырудың әртүрлі варианттары талқыланады. Студенттер психологиялық зерттеу жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.
Практикалық сабақтарға дайындалу барысында әр студент:
ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;
реферат, баяндама дайындауға;
практикалық тапсырманы орындауға;
міндетті.
Тақырып №1. Ғылым туралы түсінік
Ғылым деген не?
Ғылымның сипаттары қандай?
Ғылым эволюциясы
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №2. Ғылыми таным
Әртүрлі оқулықтардан «таным» терминінің анықтамасын жазып алыңыз.
Ғылыми танымның құрылымы қандай?
Әртүрлі оқулықтардан «зерттеу принципі» терминінің анықтамасын жазып алыңыз.
Зерттеу әдістері туралы не білгіңіз келеді?
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №3. Психологиялық кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны
Ғылыми шығармашылық дегенді қалай түсінесіз?
Студенттерге ғылыми шығармашылық не береді?
Кәсіби дайындық жүйесіндегі ғылыми шығармашылықтың орны қандай?
Әдіснама дегеніміз не?
Әртүрлі әдебиеттерден әдіснама терминінің анықтамасын жазып алыңыз, оларды салыстырыңыз.
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №4. Психологиялық зерттеу бағдарламасын құру
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алыңыз. Оларға анықтама беріңіз.
Психологиялық зерттеу дегеніміз не?
Тақырып №5. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу
Зерттеудің ғылыми аппаратына не жатады?
Ғылыми аппараттың компоненттеріне не жатады? Әрқайсына сипаттама беріңіз
Зерттеу обьектісі мен пәнінің айырмашылығы неде?
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №6. Психологиядағы бақылау әдісі
Психологиялық бақылаудың түрлері
Психологиялық бақылаудың жетістіктері мен кемшіліктері.
Психологиялық бақылау жүргізу әдістемесі
Топтан бір студентті және бейтаныс адамды бақылаңыз
Бақылау күнделігін, хаттама толтырыңыз
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №7. Психологиядағы эксперимент әдісі
Эксперименттің түрлері
Болжам қалай жасалады?
Эксперимент жүргізу әдістемесі
Өздігіңізден эксперимент жүргізіңіз
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №8. Сұрау әдістері
Сұрау әдісінің түрлері
Сұрау әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.
Әңгіме мен сауалнама жүргізу әдістемесі
Әңгіме мен сұқбат әдістерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Сауалнама құрастырыңыз
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №9.Модельдеу әдісі
Модельдің түрлері
Модельдеу әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.
Модельдеуді жүргізу әдістемесі
Нәтижесін шығару
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №10.Тест әдісі
Тест, тестілеу дегеніміз не?
Тесттің түрлері
Тест әдісін жүргізу ерекшелігі
Тестілеу әдістемесі
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №11.Социометрия әдісі.
Социометрия әдісінің ерекшелігі
Социометрияны қолдану әдістемесі
Социометрия әдісімен топты зерттеп, қорытындысын жасаңыз. Матрица мен диаграмма құрыңыз
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №12. Контент-анализ әдісі.
Контент-анализ дегеніміз не?
Контент-анализ мәні неде?
Контент-анализ жүргізу әдістемесі
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №13. Тәжірибелік деректерді статистикалық өндеу әдістері
Статистикалық әдістерді атаңыз
Бір әдіске толық сипаттама беріңіз
Зерттеу нәтижесіне талдау жасаңыз
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №14. Психологиялық тренинг
Студенттердің зерттеу жұмысы нешінші курстан басталады?
Зертеу жұмысының жүйесі қандай?
Курстық жұмыс жазу кезеңдері
Дипломдық жұмыс жазу кезеңдері
Өз тәжірибесінен мысал келтіру
Тақырып бойынша негізгі терминдерді жазып алып, анықтама беріңіз.
Тақырып №15. Студенттердің зерттеу жұмысының жүйесі және оның кезеңдері.
Студенттердің зерттеу жұмысы нешінші курстан басталады?
Зертеу жұмысының жүйесі қандай?
Дипломдық жұмыс жазу кезеңдері
Өз тәжірибесінен мысал келтіру
Н.4.02-02
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
ОӘК шешімімен
Төраға
Хамитова А.С.
« 19» 06 2014 ж.
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
5В050300 «Психология» мамандығы студенттері үшін
Әлеуметтік психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні бойынша
СОӨЖ сабақтарына арналған
Достарыңызбен бөлісу: |