5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Тараптар осы Шартта қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптылыққа жүктеледі;
5.2. Тараптар бірге жұмыс жасау процесі кезінде белгілі болған өндірістік тұрғыдағы құпия мәліметтерді жарияламауға міндеттенеді.
6. Келісім-шарттың әрекет мерзімі
Осы келісім-шарт екі тарап қолдары қойылған күннен бастап күшіне
енеді және 2021 жылдың 21 маусымына дейін жарамды болады.
6.2 Келісім-шарт тараптардың біреуінің жазбаша хабарландыруы жолымен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін және өз күшін екінші Тараптың мұндай хабарландыру алғанынан кейін бір ай өткен мерзімде жояды. Келісім-шарт тараптардың екіжақты келісімімен бұзылуы мүмкін.
6.3. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі;
|