ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................................................................................3 БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ..........................................................................3 ФСҮ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ.......................................................................4 ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................4 ФСҮ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.................................................6 СТУДЕНТТЕР ҚҰҚЫҒЫ............................................................................................................6 МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ СӨГІС АМАЛДАРЫ.........................................................................7 ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАРЫ................................................................................................7
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
факультет студенттік үкімет туралы
ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1) Факультет студенттік Үкіметі (ФСҮ)- онда тұрған мақсаттары мен міндеттеріне сай студенттік ұжым өмірін басқару функцияларын жүзеге асырушы студенттердің өз бетіндегі қоғамдық қызметінің ерекше түрі.
Студенттік үкімет С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы оқу тәрбие үрдісін басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылады (әріде-Университет) қоғамдық пікірді зерделеу негізінде студенттердің мүдделерін қажеттіліктерін барынша ұйғарады.
2) Факультет студенттік үкіметі студенттің өзін-өзі басқаруды дамыту шеңберінде құрылған және ҚР Конституциясына, ҚР «Білім туралы»Заңына, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты»Заңына, Университет Жарғысына, Университет студенті Намыс Кодексіне,2020ж. дейінгі «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты» тұжырымдамасына, «Ішкі оқу тәртібі туралы» Ережеге және осы Ережеге сай әрекет етеді.
2. НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР.
1) Факультет студенттік үкіметінің міндеттері:
ҚР Мемлекеттік жастар саясатын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «ҚР Жастар саясатын жүзеге асыру» тұжырымдамасын, «Университетте кезең-кезеңімен жүргізілетін тәрбие жұмысы» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағдарланған студенттердің барлық ұжымдарын біріктіру және олардың күштерін үйлестіру. Жатақханалардағы студенттер тұрмыс жағдайын жақсарту, ғылыми жұмысты жетілдіру, мәдени демалыс түрлерін оңдау, студент жастармен идеологиялық, тәрбие жұмысын, адамгершілік қалпын жақсарту және студентті азамат, патриот, кәсіби маман және отбасы егесі ретінде дайындау барысында Университет әкімшілігіне жәрдемдесу.
2) ФСҮ міндеттері:
күнделікті тұрмыс және демалыс кездерін жақсартуға бағытталған студенттердің бастамашылдығын дамыту.
студенттер ұжымдарын басқару үрдісін белсенді қылу және оларды университеттің қоғамдық жұмысына тарту.
факультетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасау.
факультет студенттерін ақпараттық – насихат, ғылыми-зерттеу, мәдени, спорт-бұқаралық жұмыстарына тарту.
студенттерді отансүйгіштік, адамгершілік рухында тәрбиелеу, оларда ұжымдық сезімді, ұйымшылдықты қалыптастыру және қоғамдық жұмысқа деген жауапкершілікті, факультет дәстүрлерін сақтау және молайту;
студенттерде профессор-оқытушылар құрамы және факультет қызметшілерінің еңбегіне деген сый-құрмет тудыруға жәрдемдесу;
лидерлікті, төзімділікті, студенттердің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
студенттердің сана-сезімін, Университет дәстүрлеріне деген патриоттық рухын үдететін жұмысты өткеру;
факультет студенттік үкіметінің жұмысы туралы ақпаратпен студенттерді қамтамасыз ету;
Университеттің және барлық ЖОО қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекеттестікте болу.
3. ФСҮ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ.
1) ФСҮ өз қызметін университет студенттері Үкіметімен, (әріде -УСҮ),деканатпен өзара әрекеттестік арқылы қызметін атқарады және тиесілі факультет Деканына және УСҮ төрағасына бағынады;
2)ФСҮ қызметінің негізгі принциптері:
әрбір студенттің пікірін, мәртебесін, мүддесін сыйлау;
ФСҮ жұмысында пікір, пікірсайыс ашық, барлық құбылыстар жарияланбақ;
көпшілік және азшылық пікірі сыйлы болады.
шешім қабылдау заңдылығы.
4. ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1) Тиесілі факультеттің күндізгі бөлімінде оқитын әр студент ФСҮ мүшесі болуға құқылы.
2) ФСҮ құрамына мыналар енеді: ФСҮ Төрағасы, төраға орынбасарлары, секторлар меңгерушілері – бәрі де жалпы жиналыста сайланады.
3) Жалпы басшылықты ФСҮ Төрағасы жүзеге асырады.
4) ФСҮ Төрағасы тиесілі факультеттің күндізгі бөлімінің II бағамынан жоғары оқитын, факультет қоғам өміріне белсене қатынасатын, сабаққа үлгерімі жақсы және өз еркімен ФСҮ Төрағасы міндеттерін орындауға дайын Университет студенті сайланады.
5) ФСҮ төрағасы лауазымына кандидат ретінде сайлауға қатысу реті:
өзін-өзі сайлау жолымен
факультет деканатының ұсынуымен
УСҮ Төрағасының ұсынуымен
6) Сайлауға қатысу үшін кандидат факультет деканына арыз жазады және регламент бойынша өз сайлаушыларына тұсаукесерлік материалын, өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын(жобасын) ұсынады.
7) ФСҮ төрағасының лауазымы сайлаулы болады, сайлауға тиесілі факультеттің барлық старосталары қатысады, сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткеріледі.
8) ФСҮ төрағасы тиесілі факультеттің барлық топ старосталарының қатысуымен жалпы жиналыста сайланады;
9) Көпшілік дауысын алған кандидат ФСҮ төрағасы болып сайланады. ФСҮ төрағасын факультет деканы тағайындайды.
10) ФСҮ төрағасының өкілеттілігі 2 жыл мерзімімен шектеледі;
11) ФСҮ төрағасының лауазымын факультеттегі басқа сайлаулы лауазыммен бірге атқаруға болмайды.
12) Өз күшіндегі ФСҮ төрағасы да сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға құқылы;
13) Осы Ереже қағидаларын, ҚазҰМУ студентінің Намыс Кодексін, Ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін УСҮ төрағасының негіздемеленген мәлімдемесі бойынша ФСҮ төрағасы лауазымнан босатылады.
14) ФСҮ төрағасы екі орынбасарларын өзі тағайындайды.
әлеуметтік-тұрмыс жұмысы бойынша ФСҮ төраға орынбасары.
тәрбие жұмысы бойынша ФСҮ төраға орынбасары.
15) Әлеуметтік-тұрмыс мәселелері бойынша ФСҮ орынбасары
факультеттегі тұрмыс секторы
ақпараттық сектор
әлеуметтік сектор
факультеттің халықаралық байланыс секторының жұмысына жауапты.
16) Тәрбие жұмысы бойынша ФСҮ төрағасының орынбасары
факультет мәдени-бұқара секторы
факультеттегі спорт секторы
факультеттегі волонтерлер жұмысына жауапты.
17) ФСҮ Төраға орынбасарының табыстауымен ФСҮ төрағасы сектор меңгерушісін тағайындайды. Әр сектордың өз меңгерушісі болады.
18) ФСҮ отырысы айына 2 рет өткеріледі.
19) Әр шақырылымдағы ФСҮ өкілеттік мерзімі 2 жылмен шектеледі.
20) Факультет студенттік үкіметі (ФСҮ) өз жұмысын мына бағыттарда ұйымдастырады және үйлестіреді:
студенттермен өткізілетін тәрбие жұмысы
студенттерді еңбекке деген ықыласта және патриоттық рухта тәрбиелеу
студенттер арасындағы мәдени – ағарту жұмысы, факультетте мәдени-бұқара шараларды ұйымдастыру;
студенттердің халықаралық қауымдастығы және студент өміріне интернационалдық сипат беру;
студенттерді әлеуметтік қорғау;
факультеттегі студенттік қоғамдармен, студенттермен студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту және олардың демалысын ұтымды ұйымдастырудағы өзара әрекеттестік;
студент жастардың нормативтік рухын қалыптастыру, оларға дем беретін шараларды ұйымдастыру және өткеру;
студенттерге Университеттің ішкі тәртібі, студент намыс Кодексі, жатақханада тұру туралы Ережесін түсіндіру;
құқықтық тәртіпті және тазалықты тұрақты түрде қадағалау мақсатында студенттік кеңестерге, жатақхана әкімшілігіне, университет студенттерінің жасағына жәрдемдесу;
пісуі жеткен, өзекті мәселелерді анықтау мақсатында сауалнама, әңгіме, пікірсайыс өткізу арқылы әртүрлі бағыттардағы студенттер пікірін зерделеу;
әлеуметтік қорғалмаған студенттер мүдделерін қорғау;
факультет, университет, деңгейлерінде өткізілетін барлық шараларға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;
оқып жүргендерден топ құрастыруға және топ старосталарын тағайындауға қатысу;
5. ФСҮ ТӨРАҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
1) ФСҮ Төрағасы мен оның орынбасарлары өз өкілеттігі аумағында
студенттер мүдделерін жүзеге асыруға байланысты қандай да болмасын мәселені факультет Кеңесінің, студенттік деканат, студенттік мәжіліс, конференциялар бақылауына шығаруға;
қажеттілік бойынша студенттердің әлеуметтік-тұрмыс проблемаларын анықтау мақсатымен студенттер арасында сауалнама өткізуге;
тиесілі бағдардағы ФСҮ төрағасы орынбасарымен келісе отырып, мерзімінен бұрын секторлар меңгерушілері міндеттерін орындаудан босатуға және жаңадан сайлауға;
ФСҮ қызметін жүзеге асыру үшін факультет деканатымен келісе отырып, оның барлық ақпараттық мүмкіндігін және материалдық-техникалық базасын пайдалану;
жұмысқа қажет ақпаратты факультет басшыларынан сұрау және алуға құқылы;
2) ФСҮ мүшелері:
осы Ережеге сай келетін бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асыруға;
студенттердің тұрмыс жағдайларын, тіршілік тынысын және демалысын жақсарту мақсатында факультет деканатымен өзара әрекеттестікте болуға:
студенттердің демалысын ұйымдастыратын шараларды өткізуге;
факультет атынан университет шараларына белсенді қатысуға;
факультет, университет атынан мемлекеттік жастар саясатын қолдайтын және дамытатын қалалық, республикалық акцияларға, шараларға белсенді қатысуға;
студенттік жатақханада тәртіпті қолдауға, олардың тұрмысын ұтымды ұйымдастыруға әрекеттестікте болуға;
талдау және мәмлеге келу арқылы туындаған керіс-қақтығыстарды шешетін амалдарды қабылдауға;
студенттік деканатпен бірлесе отырып, факультет деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттауға белсенді қатысуға;
университет, факультет, университет студенттік үкіметіне сәйкестендіріп ФСҮ өз жоспарын құрастыруға;
әлеуметтік-тәрбие саласындағы мақсаттармен,міндеттермен байланысты мәселелерді шешуге, факультет, университет басшылығы берген басқа тапсырмаларды да орындауға міндетті.
6. СТУДЕНТТЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ.
1) ФСҮ қызметі арқылы әр студент өзін-өзі басқару ісіне қатысуға құқылы.
2) Факультет студенттері өз құқықтарын
Университеттегі барлық деңгейдегі студенттер форумдарының талқылауы арқылы студент өмірінің қай саласына болмасын қатысы бар мәселелерді ұсыну жолымен жүзеге асырады:
3) ФСҮ жұмысына қатысатын факультет студенттері өз еркімен мына міндеттерді орындау жауапкершілігін өз мойынына алады.
7. МАДАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ.
1) Өз функционалдық міндеттерін жауапты орындайтын ФСҮ Төрағасы орынбасары үшін 2009 жылғы 23 желтоқсандағы С.Ж.Асфендияров атындағы шаруашылық жүргізетін құқығы бар РМК «Ішкі оқу тәртібі туралы» Ережесінің №10 бөлімі (р.ж.10.1-10.4)қарастырған марапаттау ұйғарылған.
2) Жазалау шаралары
Өз функционалдық міндеттерін тиесілі деңгейде орындамағаны, ҚазҰМУ студенті Намыс Кодексін бұзғаны, сыбайлас жемқорлықта байқалғаны; сондай-ақ осы Ереже баптарын бұзғаны үшін 2009 жылғы 23 желтоқсандағы С.Ж.Асфендияров атындағы шаруашылық жүргізетін құқығы бар РМК «Ішкі оқу тәртібі туралы» Ережесінің №11 бөлімі (р.ж.11.1-11.2)қарастырған жазалар ФСҮ төрағасына, ФСҮ мүшелеріне қолданылады.
8. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАР.
1) Осы Ереже қағидаларын орындау барысын бақылау жауапкершілігі УСҮ төрағасына және өзіне қарасты ФСҮ төрағасына жүктеледі, осы туралы ақпарат студенттер, қызметкерлер және Университет мүдделі лауазымдық тұлғалар назарына жеткізіледі.
2) «Факультет студенттік үкімет туралы» Ережеге енгізілер түзетулер студенттердің конференциясында қарастырылады және қалыптасқан тәртіп бойынша қабылданады.
3) Осы Ережеге ректор немесе Университеттегі өкілетті тұлға бұйрығы бойынша жаңа редакциядағы ресімделген өзгертулер мен толықтырулар бұл құжатқа қосымша ретінде қоса тіркеледі, енгізілген өзгертулер мен толықтырулар студенттердің, қызметкерлердің және Университеттегі лауазымдық тұлғалар назарына жеткізіледі.
4) Осы Ереже бекітілген күннен бастап өз күшіне енеді және ректор немесе Университеттегі лауазымды тұлға анықтаған тәртіппен күшін жойған тұсқа дейін әрекет етеді.
-
Лауазымы
|
қолы
|
Аты-жөні
|
Әзірлеген
|
|
|
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментінің директоры
|
|
Л.С.Шыңғысбаев.
|
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы Басқармасының бастығы
|
|
М.Т.Султанова.
|
Өзгертулерді тіркеу парағы
Бөлім
|
Өзгерту нөмері
|
Ауыстырған күні
|
Өзгертулер енгізген адамның аты-жөні
|
Өзгертулер енгізген адамның қолы
|
№
|
Бөлімнің атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Факультет студенттік Үкіметі туралы» Ережесімен
ТАНЫСУ ПАРАҒЫ
АТЫ-ЖӨНІ
|
ЛАУАЗЫМЫ
|
КҮНІ
|
ҚОЛЫ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |