Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 6 беті
5.2.7 Қашықтықтан оқыту түрінде оқитын студент оқу-емтихан сессиясы
басталғанға дейін, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес бақылаудың және есептік-
графикалық жұмыстардың барлық түрлерін, курстық жұмыстарды (жобаларды),
сонымен қатар ағымдық бақылауда тапсырған үй тапсырмаларының ерекше
түрлерін, СӨЖ-ді тапсыруы тиіс.
5.3 Студенттердің біліміне аралық бақылау жүргізу.
5.3.1 Аралық бақылау пәннің бөлімдері (модульдері) бойынша өткізіледі. Бір
академиялық кезеңі шеңберінде бір оқу пәні аясындағы ағымдық бақылау екі
реттен кем өткізілмеуі керек.
5.3.2 Студенттердің біліміне шептік бақылау семестрдің 8-ші (бірінші
рейтинг) және 15-ші (екінші рейтинг) аптасында студенттердің білімінің аралық
рейтингін санау рәсімін білдіреді.
5.3.3 Р
1
(бірінші рейтинг) және Р
2
(екінші рейтинг) нәтижелері оқу сабағының
журналына бір рет қойылады. Р
1
және Р
2
нәтижелері бір мезгілде тәжірибелік
(семинар) сабақ жүргізетін оқытушының жауапкершілігімен толтыратын рейтинг
ведомостерінде (1-қосымша) көрсетіледі.
5.3.4 Рейтинг ағымдық бақылаудың орташа бағаларынан және шептік
бақылау бағаларынан қалыптасады. Ағымдық бақылау тәжірибелік немесе
семинар сабақтарын жүргізетін тьютор жүзеге асырады. Ағымдық бақылаудың
орташа бағасы Р
1
немесе Р
2
жүргізу кезінде студент алған, бүкіл ағымдағы
бағалардың орта арифметикалық шамасы ретінде есептеліп шығарылады.
5.3.5 Шептік бақылауды лектор 8-ші (Р
1
) немесе 15-ші (Р
2
) рейтингтік
аптаның соңғы сабағында, осы кезге дейін өткен курс тақырыптарын
жинақтайтын, коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу формасында өткізеді.
Оқытушы бағалар қою кезінде аталған нұсқаулықтың 5.1.5 тармағында айтылған
өлшемдерді басшылыққа алады.
5.3.6 Р
1
және Р
2
-дегі ағымдағы және шептік бақылаудың мазмұны 50%-ға
50% ретінде қабылданады. Нәтижелер бүтін сандарға дейін ықшамдалады.
Ықшамдау келесі тәртіп бойынша жүзеге асады: 0,4-ке дейін қосылмай, 0,5-тен
бастап нәтиже студент пайдасына шешіледі. Мысалы, ағымдағы бақылаудың
орташа бағасы 84% («В»), шептік бақылаудың нәтижелері 87% («В+») құрайды.
Осылайша, Р
1
85,5(86).
5.3.7 Босатқан бір сабақ үшін рейтингтен (Р
1
немесе Р
2
) 5% шегеріледі.
Мысалы: Р
1
=В+(87%)-5%=В(82).
5.3.8 Р
1
және Р
2
қанағаттанарлықсыз болғанда немесе олар орынды себеп
бойынша жоқ болғанда студент пән бойынша емтихан күніне дейін рейтингті
көтеруді түзей алады. Бұл үшін студент факультет деканының атына 3 жұмыс
күні ішінде растайтын құжаттарын қоса тіркеп, өтініш жазуы тиіс.
Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 7 беті
5.3.9 Объективті себептер бойынша Р
1
және Р
2
өткізуге қатыспаған
студенттердің одан жеке өтуге құқы бар. Студент факультет деканының рұқсаты
бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін, Р
1
және Р
2
-ні тапсыруы және жеке
кесте бойынша орташа рейтинг алуы тиіс.
5.3.10 Р
1
және
Р
2
негізінде орташа рейтинг шығарылады. Ол мына формула
бойынша есептеліп шығарылады: Р
орта
Р
1
Р
2
;
2 5.3.11 Курстық жұмыс бағасы
(егер курс бойынша осылай болжанса) орташа рейтингті санау кезінде міндетті
түрде есепке алынуы тиіс. Мұндай жағдайда курстық жұмыс бағасы Р
3
ретінде
қабылданады және орташа рейтинг мына формула бойынша есептеліп
шығарылады:
Р
орта
Р
1
Р
2
P
3
;
3
5.3.12 Оқу жоспарында қаралған курстық жұмыстар емтихан сессиясына
дейін қорғалып, пән бойынша емтиханға жіберуге пайдаланылуы тиіс.
5.3.13 Орташа рейтингі 50%-дан төмен емес студенттер қорытынды
емтиханға жіберіледі. Қалған студенттер бұл академиялық кезеңнің емтиханына
жіберілмей, пәнді қайта оқуға жазылулары керек.
5.3.14 Студенттердің біліміне аралық бақылау тізімдемелері (рейтингтік
ведомостер) Р
1
немесе Р
2
(академиялық күнтізбе бойынша) аралық рейтинг кезеңі
аяқталғаннан кейін келесі күні жабылып, деканатқа тапсырылуы керек.
5.4. Білімге аралық аттестаттау жүргізу.
5.4.1 ҚҚЭУ-дегі аралық бақылау, жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары негізінде оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге (оқу
процесінің кестесіне) және пәннің оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге
асырылады.
5.4.2 ҚҚЭУ-дегі қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) кезеңі емтихан
сессиясы деп аталады. Емтихан сессиясы екіге бөлінеді: қысқы және жазғы.
5.4.3 Емтихан сессиясының кезеңі мен оны өткізу ұзақтығын, академиялық
кезеңнің басынан бірінші айдың ішінде әрбір оқу пәні бойынша ҚҚЭУ-дің
Ғылыми Кеңесі белгілейді.
5.4.4 Студенттердің білімін қорытынды бақылау емтихандардың кестелері
бойынша жүзеге асырылады. Емтихандардың кестелері аз дегенде 1 апта бұрын
деканаттар мен студенттердің назарына жеткізіледі.
5.4.5 Аралық аттестациялауды ұйымдастыру мен өткізу Тіркеу бөліміне
жүктеледі.
5.4.6 Емтиханды өткізу үшін емтихан алушылар, белгілі бір оқу пәнінің
профиліне сәйкес біліктілігі бар, сол академиялық топ пен лекте сабақ бермеген
профессорлар мен доценттер қатарынан тағайындалады.