Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады.
Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.
Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады:
• Дұрыс жұмыс стилін таңдау;
• Оқушылардың зейінін басқару;
• Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту;
• Мұғалімнің өз денесін басқаруы;
• Психологиялық жағдайды реттеу;
• Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру;
• Ақпаратты бейнелі жеткізе алу
Бақылау сұрақтары:
Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктердің айырмашылықтарын көрсет
Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігіне сипаттама бер
Педагогикалық техниканың мағынасын түсіндір
Негізгі әдебиеттер:
1. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
2. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
4. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:
5. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.
6. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с.
7. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989
8. Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985
№3 Дәріс.(2 c)
Тақырып Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің міндеттері мен құқықтары
Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы мығлұматтар беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары
Педагог қызметкердiң құқықтары
Педагог қызметкердің міндеттері
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды».
Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы баяндалған:
1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.
2. Педагог қызметкердiң құқықтары:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкердің міндеттері:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.
Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбайды.
Бақылау сұрақтары:
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары жайлы не білесің?
Педагог қызметкердiң құқықтарына сипаттама бер.
Педагог қызметкердің міндеттері қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
8. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
№ 4 Дәріс.(2c)
Тақырып Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты
Дәріс мақсаты: Мұғалім, мұғалімнің шығармашылығына сипаттама беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Педагогикалық іс-әрекет
Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі
Шығармашыл тұлғаның креативтілігі
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.
Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.
Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады.
Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.
Зерттеушілер Е.С.Громов және В.А.Мояко креативті іскерліктің мынадай белгілерін көрсетеді: ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б.
Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық іс-әрекетті қалай түсінесің?
Креативтілік ұғымы
Мұғалімнің педагогикалық креативтілігі
Негізгі әдебиеттер:
1. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
2. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
Қосымша әдебиеттер:
4. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989
5. Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985
6. Мудрик А.В. Учитель: мастерство и вдохновение.-М., 1986
7. Вайнцвен Н. Десять заповедей творческой личности. – М., 1990
8. Кузьмина Н.В. Очерки психологии труда учителя. – М., 1967
№ 5 Дәріс.(2c) Тақырып Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы
Дәріс мақсаты: Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымын сипаттап көрсету
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы
Педагогикалық іскерлік
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады.
Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).
Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).
Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық іскерлікке сипаттама бер
Аналитикалық іскерлік дегенді қалай түсінесің?
Педагогтің кәсіби құзіреттілігі
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:
4. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
6. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
7. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
№ 6 Дәріс.(2c) Тақырып. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары
Дәріс мақсаты: Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің маңызын көрсету
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің күйі
Білім беру жүйесінің алға қарай дамуы
Білім беру ісінде қазіргі кезеңдегі өзгерістер
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.
Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады:
- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;
- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;
- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;
- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;
- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;
- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;
- білім беру сапасына қатысты проблемелар;
- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);
- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;
- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.
Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.
Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:
• Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;
• Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
• Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;
•Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.
Бақылау сұрақтары:
Білім беру жүйесінің маңызын көрсет
Жаңа ақпараттық технологияларды ата
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
6. Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999
7. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с.
8. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с.
9. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.
10. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с
№ 7 Дәріс.(2c) Мұғалімге қойылатын талаптар
Тақырып Мұғалімге қойылатын талаптар
Дәріс мақсаты: Қазіргі заманға сай мұғалімдерді сипаттап беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар
Педагогикалық қабілет
Мұғалімге ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.
Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.
Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:
- балаға деген сүйіспеншілік;
- эмпатия;
- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,
- ізгіліктілік;
- талап қоя алушылық;
- қайырымдылық;
- рухани байлықтың болуы;
- әділеттілік;
- өз сөзінде тұра алу және т.б.
Бақылау сұрақтары:
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын атап көрсет
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде қандай топқа бөліп көрсетуге болады?
Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптарды ата?
Негізгі әдебиеттер:
1. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:
4. Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989
5. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.
6. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с.
7. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.:Беларуская навука,1998.- 319с.
№ 8 Дәріс.(2c) Тақырып Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы
Дәріс мақсаты: Жаңа дәуір мен қазіргі замаңғы білім беру ісінің айырмашылықтарын ашып көрсету.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Капитализм дәуіріндегі мұғалім мамандығының алған орны
Ресей мен Қазақстан жеріндегі оқу орындар
Қазақстандағы жоғары оқу орындары
Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский. Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.
ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.
1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды. ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.
Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге, қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.
Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті). Ал еліміздің облыс орталықтарында жоғары оқу орындар жүйесі 1940-1950 жылдары қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-жылдары педагогикалық институттарда мұғалім қызметіне қосымша мамандандырулар беріле бастады, мысалы екінші бір пәннің мұғалімі т.с.с.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі педагогикалық институттар университеттер болып қайта ашылды. Олар ендігі кезекте тек мұғалім мамандықтарын ғана емес, қоғамға қажетті басқа да маман иелерін дайындай бастады.
Шығыс Қазақстан жеріндегі мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1952 жылы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институты ашылды. Ол 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Бүгінгі күні бұл университет мектепке қажетті барлық пән мұғалімдерін даярлау ісімен айналысады. Университетте мектептке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен қатар, бастауыш сынып және орта мектеп пән мұғалімдерін даярланады.
Бақылау сұрақтары:
Капитализм дәуіріндегі мектептер
Қазақ жеріндегі оқу орындарды ата
Ресей жеріндегі оқу орындарды ата
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Педагогика. – Алматы, 2003
6. Ушан А.Н. Дидактическая подготовка будущего учителя: технологический подход.- М., 1993
7. Учителю о педагогической технике / под ред. Л.Н.Рубинского.- М., 1987
8. Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989
9. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.
10. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с.
СеминарТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ, МАЗМҰНЫ, ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ ( 30 с). Модуль саны – 7.
№1 практикалық жұмыс. (2 сағат) Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшеліктерін атап көрсет
Тапсырмалар: Мұғалім мамандықтың ерекшеліктерінің мәні және негізгі компоненті Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері оның әлеуметтік мәні мен мазмұны.
Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері туралы сипаттама.
Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері.
Методикалық жоба: Педагогикалық жағдаяттар шешу, мәнерлеп оқу,әдебиеттерге шолу жүргізу
Сабақта пайдаланытын құралдар: таблица,сурет.арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттарды шешу.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
№2 семинар сабағы. (2 сағат)
Тақырып: Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы .
Сабақтың мақсаты: Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізімен танысу.
Тапсырмалар: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні,оның құрылымы.
Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. .
Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік,бейімділік,қызмет пен мінез-құлық.
Методикалық жоба: Педагогикалық практика барысында мұғалімнің,тәрбиешінің кәсіби педагогикалық қызметімен танысу
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.эссе жазу,конспект,реферат орындау
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№3 – 4 семинар сабағы.(4 сағат)
Тақырып: Болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығын дамыту
Сабақтың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығын дамыту
Тапсырмалар: Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі.
3) Жас педагогтің педагогикалық қызметі
Методикалық жоба: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.
Педагогикалық қатынас және мұғалімінің кәсіби қызметіндегі орны.Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары.
Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№ 5 - 6 семинар сабағы(4 сағат)
Тақырып: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде .
Сабақтың мақсаты: Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы .
Тапсырмалар:. Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі . Педагог сөзі оның іс әрекетінің құрамында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық.
Методикалық жоба: Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің компоненттерінің бірі
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№ 7 зертханалық жұмыс. (3 сағат)
Тақырып: Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі.
Сабақтың мақсаты: Ұстаздық шеберлікке жету жолдарын анықтау
Тапсырмалар: Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.Макаренко А.С., Сухомлинский В.А.,Алтынсарин Ы.,Ушинский К.Д.,Амонашвили Ш.А.
Шебер-педагог қызметінің биік деңгейі. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары.
Методикалық жоба: Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі.
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
1. «Педагогика» Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.
2. Қоянбаев Р.М, Ыбраймжанов Қ.Т. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы». Түркістан-2005.
3. Подласый И.П. Педагогика 1-том. Минск-1996.
4. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
5. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
6. Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
6 СОӨЖ және СӨЖ мазмұны
Кесте 4 – СОӨЖ және СӨЖ жоспарлары
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
аудиториялық
|
аудиториялық емес
|
1
|
2
|
3
|
|
Сөж№ Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері
Тапсырма: Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері
Туралы сипаттама беру
Есеп беру формасы конспект,ауызша баяндау
|
Мұғалім қызметінің түрлері,қабілеттері
Тапсырма: слайд жасау
Есеп беру формасы: ауызша баяндау
|
|
Сөж№2. Ғылыми жоба «Бастауыш мұғалімнің жұмыс қызметі,тәжрибесі.
Тапсырма: Терминологиялық сөздік құрастыру
Есеп беру формасы: ғылыми жоба дайындаутест.
|
Педагогтық қызметтегі актерлік шеберлік және режиссерлік элементтер.
Тапсырма: слайд жасау
Есеп беру формасы: ауызша баяндау
|
|
Сөж3Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде
Тапсырма: Мақсат бойынша сызба құрастыру.
Есеп беру формасы Мұғалімнің мәнерлеп сөйлеу білігі: тіл мәдениеті, сөз байлығына слайд жасау
|
Ата ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы
Тапсырма: жағдаяттар шешу
Есеп беру формасы: . конспект,ауызша баяндау
|
|
Сөж4. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті
Тапсырма: Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті.
Есеп беру формасы
Тақырып бойынша бкулет жасау
|
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберліктерінің қалыптасуы
Тапсырма: тезис жазу
Есеп беру формасы: кесте құру
|
|
Сөж5. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті.
Тапсырма:1.В.А.Сухомлинскийдің «Мектептің жас директорымен сырласу» оқу, талдау.
2.Семинар сұрақтарын зерттеу, тезис жазу.
Есеп беру формасы кесте құру
|
Оқыту үрдісінде құзырлылық к Тапсырма: тезис жазу
Есеп беру формасы: кесте құру өзғарасын еңгізу мәселелері
|
|
Сөж6. Білім беру дүниежүзілік ақпаратты контекстегі көп аспектілі құбылыс ретінде.
Тапсырма: Реферат орындау
|
Мемлекеттік бағдарлама2011-2020.
Тапсырма: тезис жазу
Есеп беру формасы: кесте құру өзғарасын еңгізу мәселелері
|
7. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
Кесте 5 - «Педагогикалық шеберлік » пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
Апта
|
Бақылау түрі
|
Ұпай
лар
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1-7 апта бойынша барлық аудиториялық сабаққа қатысу
|
30
|
|
1
|
Практикалық сабақ
|
-
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
2
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
3
|
Практикалық сабақ
|
30
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
4
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
|
СӨЖ
|
|
|
5
|
Практикалық сабақ
|
40
|
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
6
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
7
|
Практикалық сабақ
|
35
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
1 межелік бақылау
|
60
|
|
1- 7 апталар бойынша оқытудың ұпай нәтижесі
|
300
|
|
ПОӘК 042-18.30./11 -2013
|
Баспа . № 1 03.09.2013
|
11 беттің 18-сі
|
|
8-15-апта бойынша барлық аудиториялық сабақ түріне қатысу
|
30
|
|
8
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
9
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
10
|
Практикалық сабақ
|
30
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
11
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
12
|
Практикалық сабақ
|
40
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
13
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
14
|
Практикалық сабақ
|
|
|
СОӨЖ
|
-
|
|
СӨЖ
|
-
|
|
15
|
Практикалық сабақ
|
35
|
|
|
|
|
СОӨЖ
|
10
|
|
СӨЖ
|
25
|
|
|
2 межелік бақылау
|
60
|
|
8 -15 апта бойынша оқытудың ұпай нәтижесі
Емтиханның қорытынды ұпайы
Академиялық кезең бойынша ұпай қорытындысы
|
300
|
|
400
|
|
1000
|
|
ПОӘК 042-18.30./11 -2013
|
Баспа . № 1 03.09.2013
|
11 беттің 19-сі
|
Әдебиет және қорлар
№
|
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
|
Саны
|
Студент саны
|
Қамтылу пайызы,%
|
1
|
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства,М:Просвещение,1989.-243с.
|
24
|
2
|
100
|
2
|
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М:Просвещение,1987.-190с.
|
12
|
|
90
|
3
|
Адриади И.П. Основы педагогического мастерства. Москва:Академия, 1995.
|
62
|
|
80
|
4
|
Чернявская А.П. Педагогическое мастерство.Ярославль, 1997.
|
4
|
|
|
5
|
Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства. Москва: Феникс, 2003.
|
30
|
|
|
6
|
Щуркова Н.Е.Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России, 2002.
|
20
|
|
|
7
|
Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. Москва: Пед. общество России, 2001.
|
68
|
|
|
8
|
Спирин Л.Ф. Теория и технология решения педагогических задач. Москав: Рос. пед. Агенство, 1997.
|
4
|
|
|
9
|
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987
|
6
|
|
|
10
|
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
|
10
|
|
|
11
|
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
|
5
|
|
|
12
|
Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
|
20
|
|
|
13
|
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
|
10
|
|
|
14
|
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990
|
5
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |