Университеттің құрамында – 14 факультет: Химия-технологиялық, Құрылыс және көлік, Механика және мұнай газ ісі, Агроөнеркәсіп, Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, Заңтану және халықаралық қатынастар, Филология, Дене тәрбиесі және спорт, Жаратылыстану-педагогикалық, Ақпараттық технология, Педагогика және мәдениет, Экономика және қаржы, Кешкі және қашықтықтан оқыту, Шетел студенттерімен жұмыс жасау факультеті, қоғамдық кәсіптер факультеті бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 128 – ғылым докторы, 600 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым академиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Турция, Корея, Малайзя, Австрия, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған.
Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он жеті оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатақханасынан және үш спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 511 оқу, 124 лабораториялық аудиториялармен және 58 компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Оқу процессінде 2259 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернет желісіне қосылған 2000 компьютерлер қолданылады.
Университетте 87 мамандық бойынша 15 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 50% жоғары – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы үш жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы алдыңғы орынды иеленіп келеді. ОҚМУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын Карьера және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Мырхалықов.
Студенттік өмір. ОҚМУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚМУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚМУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар орталығы жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.
Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жас Отан», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады.
Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.
Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.
2.1 Оқытудың кредиттік технологиясының глоссариі
Университетте кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру жолға қойылған, ол үшін сіздер келесі түсініктерді білулеріңіз қажет:
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, практикаларды өткізу күнтізбесі;
2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;
3) білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) - қорытынды аттестаттаудың нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
4) академиялық дәреже (Degree) - білім алушылардың қорытынды білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;
5) академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына (50 мин) немесе студиялық сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 мин) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 мин), сондай-ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;
6) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
7) оқу пәніне жазылу (Еnrоllmеnt) - білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;
8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған тиісті білім деңгейіндегі олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
9) білім алушыларды аралық аттестаттау (Fіnаl Eхamination) - білім алушының бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім; аралық аттестаттауды өткізудің нысандары білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру және емтихан болып табылады: жазбаша, тестілеу, ауызша, біріктірілген;
10) кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;
11) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және тағы басқалары) білім алушылардың нақты пән бойынша қол жеткізген білімін тексеру; ол білім алушылардың ағымдық бақылауы және аралық аттестаттауы болып бөлінеді;
12) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
13) тіркеу бөлімі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;
14) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізбесі;
15) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
16) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы;
17) білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі;
18) білім алушылардың өзіндік жұмыстары - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары, магистранттың өзіндік жұмыстары және докторанттың өзіндік жұмыстары болып бөлінеді;
19) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы - кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы болып бөлінеді;
20) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GРА) - таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);
21) транскрипт (Тrаnsсrірt) - кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
22) тьютор (Тutor) - білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға;
23) үлгерімді ағымдық бақылау - оқытатын оқытушының жүргізетін оқу пәнінің әрбір тақырыбы және/немесе бөлімі бойынша білім алушының оқудағы жетістігін жүйелі тексеру;
24) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
25) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
26) элективті пәндер - білім беру ұйымы бекітетін, бекітілген кредиттер шеңберінде білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастыратын таңдау бойынша құрамға енген оқу пәндерінің тізбесі (пәндер бойынша курстар).
27) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
28) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
29) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
30) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
32) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
33) тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
34) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
35) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
36) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.
2.2 Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу
бағдарламалары және оқу жоспарлары
Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгілік оқу жоспарлары (ҮОЖ);
2) оқу жұмыс жоспарлары (ОЖЖ);
3) жеке оқу жоспарлары (ЖОЖ).
Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ОЖЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен, оқу сабақтарының түрі және бақылау нысандарымен анықталады.
ОЖЖ-ны оқу жылына әзірленеді және ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.
ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды.
ЖОЖ-ны үш данада факультет деканы (бөлім басшысы) бекітеді: бірі - деканатта (бөлімде) сақталады және ол білім алушының кәсіптік оқу бағдарламалардың орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін офис Регистратор, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады.
Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы (ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.
Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.
Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
2.3 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу
үдерісін ұйымдастыру
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта.
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
Бітірушілер курсын есепке алмағанда ұзақтығы 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, өзге ЖОО-лармен келісе отырып оқу пәндерін оқу және білім алушылардың өз ЖОО-сында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып несиелерді игеру үшін жазғы семестрді енгізуге жол беріледі.
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.
Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды.
. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде және оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады:
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;
2) кешкі білім алушылар үшін үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін;
Оқытылатын пәндерді және оқытушыларды таңдауды қамтамасыз ету мақсатында кредиттік технологиямен оқитындардың оқу сабақтарының кестесі оқу пәндері мен оқытушылар шамасына қарап құрастырылады.
Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.
Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның өзіндік білім беруі арқылы анықталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика бойынша орындалады.
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
2.4 Тіркеу кеңсесі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі
Тіркеу кеңсесі студенттердің білім алудағы барлық жетістіктерінің тарихын, білім алудың барлық түрлері бойынша білімді бақылауды ұйымдастыру және студенттердің академиялық рейтингісін есептеумен айналысады.
Студенттің оқу үрдісі Тіркеу кеңсесінде оның оқу пәндерін тіркеуден басталады. Элективті пәндердің каталогы оқытудың кредиттік жүйесі барысында мамандықтың оқу-әдістемелік кешені элементтерінің міндетті бөлімдерінің бірі болып табылады және ол ЖОО-ның әдістемелік кеңесі тарапынан бекітіледі.
Мамандықтардың элективті пәндерінің каталогы оқу жоспарларының таңдау бөлімінің құрамына енетін пәндердің тізімі болып табылады және ол студенттің оқу траекториясын анықтауға қажетті жан-жақты жағдайлар жасау мақсатында жасалады.
Студенттер элективті пәндердің каталогын мамандықтардың эдвайзерлері мен институт администраторларының көмегімен, жеке оқу жоспарын жасау барысында, өздерінің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін, өсу мүмкіндіктерін, қоғам мен өндірістің қажеттіліктерін есере отырып пайдаланады. Студенттің жеке оқу жоспарындағы белгіленген пәндерді оқып-үйренудің бейімділігі мен икемділігі пререквизиттер мен постреквизиттер көмегімен түзету арқылы, қамтамасыз етіледі.
Элективті пәндердің каталогында барлық оқу циклдары (ЖББ, БП және КП), олардың кодтау туралы бірыңғай тәртібін сақтай отырып, көрсетіледі.
Студенттің жеке оқу жоспары әрбір білім алушының оқу траекториясын анықтайды. Студенттің жеке оқу жоспары студенттердің оқу пәндеріне, Тіркеушілер кеңсесінде белгіленген тәртіп негізінде, алдын-ала жазылуы нәтижесінде оқудың барлық кезеңіне қалыптастырылады және әрбір оқу жылы үшін, студент тарапынан эдвайзердің көмегімен түзетіліп отырады.
Студенттің жеке оқу жоспары директор тарапынан бекітіледі және ол үш дана етіп жасалады: бір данасы директоратта, оқытушылардың оқу жұмысының көлемін анықтау мен студенттер тарапынан оқу жоспарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін,сақталады, екіншісі – Тіркеушінің кеңсесіне, қорытынды бақылау мен аттестацияны ұйымдастыру үшін, ал үшіншісі – студентке беріледі.
Студенттердің пәндерге жазылу процесін тіркеушілер кеңсесі директораттар мен эдвайзерлерді қатыстыра отырып жүргізеді.
2.5 Білімді бағалау және қадағалау жүйесі
Білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалау жүйесі (қорытынды бақылауды (аралық аттестация, қорытынды атестация, GPA есептеу әдісі) жүргізу ережелері) межелік бақылаудан, аралық атестациядан (сынақ-емтихан сессиясы), 2-курстан кейінгі мемлекеттік аралық бақылаудан және мемлекеттік қорытынды бақылаудан тұрады.
Университетте студент рейтингісін анықтаудың 100 балдық шкаласы қолданылады. Рейтингтік бақылау нәтижелері емтихан сессиясы барысында пәндер бойынша емтихан тапсырғанда есепке алынады.
Оқушының оқудағы жетістіктері (білімі, білігі, икем, дағдылары) әріптік жүйемен бағаланады (жақсы бағалар А мен D–дейін, қанағаттанарлықсыз - F)
бұлар сандық сәйкесті баламаға сәйкес 4 балдық жүйемен мына сызба бойынша бағаланады.
Кесте 1 - Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Бағаның әріптік белгіленуі
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық өлшемі
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Студент ағымдағы рейтингісін www.portal.ukgu.kz порталында көре алады.
Барлық ағымдағы бақылау түрлері мен сәйкес білім алушының білімін бағалауды білім беретін оқытушы жүргізеді. Аталған баға осы пәннің қорытынды білімін бағалаудың 60%-нан кем емес.
Білім алушылардың аралық атестациясын (сессия) тіркеу кеңсесі өткізеді. Аралық атестация осы пәннің қорытынды білімін бағалаудың 40%-нан артық емес.
Оқу пәні бойынша қорытынды бақылаудың түрі пәнді меңгеру соңында өткізетін емтихан болып табылады.
Студенттердің оқу деңгейінің қорытындысы бітірушілердің кәсіптік біліктілігін анықтау мақсатында мемлекеттік қорытынды аттестациясын жүргізеді. Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлкеттік емтихан және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) түрінде өткізіледі.
Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша бітірушілер жоғары білім туралы диплом және оқу кезеңіндегі академиялық көрсеткіш транскриптін алады.
Транскриптегі мәлімет әр семестр сайын жазылады. Мәліметтер компьютерге енгізіліп, әр студентке компьютерлік файл ұсынылады.
Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттерге аралық аттестацияның нәтижесі бойынша барлық емтихандарын «А», «А-», «В+», «В», «В-» деген бағаларға тапсырған жағдайда студенттік шәкіртақы төленеді.
Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі
3.1 Курстан курсқа ауысу
Студенттің білімін бақылау жүйесі мен оқудағы жетістіктерін бағалау (қорытынды бақылауды өткізу тәртібі, (ағымдық аттестация, қорытынды аттестация, GPA есептеу әдістемесі) аралық бақылау мерзімдерін қамтып, ағымдық аттестация (сынақ – емтихан сессиясы) және қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан тұрады. Курстан курсқа көшіру үшін ЖОО-ның ғылыми кеңесі өту баллын белгілейді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ курстан курсқа өту үшін келесі баллдар белгіленген:
Білім деңгейі
|
2-курсқа
|
3-курсқа
|
4-курсқа
|
5-курсқа
|
6-курсқа
|
к/б
|
с/б
|
к/б
|
с/б
|
к/б
|
с/б
|
к/б
|
с/б
|
к/б
|
с/б
|
Бакалавриат
|
1,5
|
1,0
|
2,0
|
1,33
|
2,3
|
1,67
|
2,4
|
2,0
|
-
|
2,0
|
Магистратура
|
2,8
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Докторантура
|
3,0
|
-
|
3,2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Курстан курсқа көшіру балы GPA төмендегі формула бойынша есептелінеді:
(кредит1 х балл 1)+(кредит 2 х балл 2)...+(кредит n х балл n)
GPA = кредит1 + кредит2 ... + кредит n
Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. Оқу курсына қайта қалдырылған студент бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.
Академиялық қарыз деп студент қорытынды бақылауға жіберілмеу, емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алу және емтиханға келмеу нәтижесінде жиналған қарыздар болып табылады.
Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоя алады.
Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
Өту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.
3.2 Ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару
Ауысу. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір нысаннан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқытудың күндізгі оқу нысаны бойынша ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде бес күн ішінде қарайды.
Білім алушылардың оқытудың сырттай нысандарына ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін қарайды.
Білім алушыларды оқуға қайта қабылдау және ауыстыру кезінде олардың оқудың алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығы анықталады.
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықты бөлімше жетекшісі білім алушының оқу карточкасында (транскрипт) немесе оқуын аяқтамаған азаматтарға берілген анықтамасында (бұдан әрі - Анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен көлемі негізінде анықтайды.
Шетелдік білім беру ұйымынан білім алушыны оқуға қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт және т.б.) туралы құжат, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылу немесе нострификациялау рәсімінен өтуі керек болатын білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және алынған ауысу балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Пәндердегі ерекшеліктерді анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы А (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.
Білім алушы ОҚМУ-дан басқа да ЖОО–на ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ОҚМУ басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан басқа ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
2) қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы (институт директоры) қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу - әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ОҚМУ басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі;
3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды;
4) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің бастығы (оқу - әдістемелік бөлім немесе басқарма), ЖОО басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ОҚМУ ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде бұрын білім алушы оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау салады.
Білім алушы бұрын оқыған ОҚМУ-дың басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығырылды» деген мазмұнындағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына жолдайды.
Білім алушы оқыған ОҚМУ-да оқу карточкасының және транскриптің көшірмелері, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілген құжаттардың тізбесі қалдырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.
Бір ЖОО-дан екіншісіне ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасасу арқылы жүргізіледі.
Қайта қабылдау. Оқудың құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын төлеген жағдайда шығарылған күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдана алады.
Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықтарды жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқуға қайта қабылдау рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) білім алушы оқуға қайта қабылдану үшін өзінің оқуын жалғастыруы үшін ОҚМУ-дың басшысының атына өтініш береді. Оқуға қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса тіркеледі;
2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған Анықтама негізінде оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды және оқу курсын анықтайды;
3) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу - әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының орынбасары қойған бұрыштамаға сәйкес ОҚМУ-дың басшысы білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Оқуға қайта қабылдау туралы өтініш келесі академиялық кезең басталудың алдында кемінде бес күн бұрын ұсынылады.
Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте Анықтаманың көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті және жіберілген құжаттардың тізімдемесін өзінде қалдырады.
Оқуға қайта қабылдау туралы шешімді ЖОО-ның басшысы оқу сабақтарының басталуынан кемінде үш күн бұрын қабылдайды.
Жұмыс оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жою тәртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделеді.
Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне немесе оқу түрінің бір нысанынан екіншісіне ауысуы тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
Білім алушының бір ЖОО-ның ішінде бір мамандықтан және оқу нысанынан екіншісіне ауысуы шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және ОҚМУ-дың басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Оқу мерзімі кезінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша ауысады.
Оқудан шығару. Студент академиялық қарыздары үшін жоғары оқу орнынан шығарылмайды. Егер студент курстан курсқа көшіру балын жинай алмаса, ол осы курста екінші жылға қалады. Бұл жағдайда студент бұрынғы жеке оқу жоспарын толық аяқтайды немесе белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын қалыптастырады.
Студенттер оқудан төмендегідей себептермен шығарылуы мүмкін:
университет ректоры атына жазылған өтінішпен студенттің өз қалауы бойынша;
келісім-шарт бойынша студенттің оқу төлемақысын уақытында төлемеу;
студенттің басқа жоғарғы оқу орнына ауысуы;
оқу ережелерін өрескел бұзу (сабаққа қатыспау);
жоғарғы оқу орнының Жарғысын өрескел бұзу (тәртіпті немесе корпоративтік әдепті кодексін бұзу).
Студентті оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Оқудан шығарылған студентке, белгіленген тәртіппен академиялық анықтама беріледі.
Акпараттық білім беру орталығы (АБО) жоғары оқу орындарының кітапханалары арасында ipi кітапханалардың бipi және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әдістемелік орталық болып табылады.
АБО (кітаханада) барлық кітапхана үрдістері автоматтандырылған, залдар жаңа компьютерлік жабдықтармен жабдықталған.
Орталықтың қызметі оқу үрдісін, университет профессор-оқытушылар кұрамын, магистранттардың, аспиранттардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын әдебиеттермен қамтамасыз етуге, ақпаратқа еркін және шектеусіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге, кітапхана-ақпараттық үрдістерді компьютерлендіруге бағытталған.
АБО кітап қоры eкi миллион данадан астам оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, ғылыми-көпшіл және көркем әдебиеттерден, мерзімді басылымдардан, нормативті-техникалық құжаттардан, монографиялардан, сирек кітаптардан, диссертациялар мен авторефераттардан, сондай-ақ электронды және магнитті тасымалдағыштағы ақпараттардан тұрады. Кітап қоры үнемі жаңа түскен әдебиеттермен және мерзімді басылымдармен (газеттер, журналдар) толықтырылып отырады.
АБО Тәуке хан данғылындағы бас ғимараттың 2 қабатында, сондай-ақ осы ғимаратта кітапхананың барлық функционалдық бөлімдері де орналаскан.
Оқырмандарға қызмет көрсету 8 абонементтерде, 17 оқу залдарында, бас ғимараттағы (222 каб.) және №8 ғимараттағы (Ватутин көшесіндегі) Электрондық-ресурстар орталықтарында (ЭРО) жүзеге асырылады.
Абонемент барлық студенттерге әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік береді. Абонементте студенттер мен факультет магистранттарын, университет оқытушылары мен қызметкерлерін кітапханаға жазу және қайта тіркеуден өткізу жүзеге асырылады. Студенттерге 1 курстың оқу жылының басында кітапхананы пайдалану құқығын беретін оқырман билеті беріледі. Оқырман билеті университетті бітіргенше жарамды және кітапхананың кітaп қорын пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу залы студенттерді, магистранттарды, университет оқытушылары мен қызметкерлерін тек ағымды жылда бірыңғай оқырман билеті бойынша қайта тіркеуден өткен оқырмандарға қызмет көрсетеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.
Оқу залдарында қaзіргі заманғы мұнай және газ, ақпараттық технологиялар, техника және экономика ғылымдары бойынша, сондай-ақ аз даналы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, ғылыми және анықтамалық әдебиеттер ұсынылады. Кітаптар тек оқу залында оқу немесе ксерокөшірмесін түсіру үшін ғана беріледі.
Электрондық-ресурстар орталығы Интернеттің ақпараттық ресурстарына тегін қол жеткізуге, электрондық мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіншілік береді. Ол бас ғимаратта (222 каб.) және №8 ғимаратта (Ватутина көш.бойында)
5.1 Университеттің басшылықтары мен құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат
№
|
Қызметі
|
Аты-жөні
|
Сымтетік
|
Ғимарат, кабинет
|
Университет басшылығы
|
|
1
|
Ректор
|
Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы
|
53-50-48
|
Бас ғим.
каб.245
|
2
|
Бірінші проректор
|
Айменов Жамбыл
Талхаұлы
|
21-01-48
|
Бас ғим.
240 каб.
|
3
|
Оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор
|
Байболов Қанат
Сейтжанұлы
|
21-43-67
|
Бас ғим.
каб. 242
|
4
|
Ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректор
|
Сатаев Марат Исахович
|
21-19-89
|
№3 ғим.
каб. 210
|
5
|
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор
|
Камалдинов Рахимбек
Абсатович
|
21-19-86
|
Бас ғим.
каб. 210
|
6
|
Оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі проректор
|
Сабырханов Дархан
Сабырханұлы
|
21-19-91
|
Бас ғим. 244 каб.
|
Оқу әдістемелік басқармасы
|
|
1
|
Директор
|
Назарбекова Сауле
Полатқызы
|
21-19-71
|
Бас ғим.
каб.216
|
2
|
Директор орынбасары
|
Нарманов Мырзабай Мырзахметұлы
|
21-05-93
|
Бас ғим.
каб.216
|
3
|
Директор орынбасары
|
Пернебеков Сакен
Садыбекұлы
|
21-05-93
|
Бас ғим.
каб.216
|
Тіркеу кеңсесі
|
|
|
Тіркеу кеңсесінің жетекшісі
|
Болысбек Айдарбек
Әлібекұлы
|
21-38-09
|
Бас ғим.
каб.302
|
Факультет декандары
|
|
1
|
Агроөнеркәсіп
|
Жылқыбаев Әсет
Кеңесбекұлы
|
32-35-87
|
№ 9 ғим.
2 қабат
|
2
|
Жаратылыстану-педагогикалық
|
Мадияров Нұрлыбай
Көкешұлы
|
41-33-39
|
№7 ғим. каб.212
|
3
|
Ақпараттық технология
|
Бесбаев Ғани
Әбзелбекұлы
|
21-19-69
|
№4 ғим.
каб. 608
|
4
|
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
|
Байжанова Сұлушаш
Балабиқызы
|
21-02-09
|
№5 ғим.
каб. 210
|
5
|
Машина жасау және
мұнайгаз ісі
|
Мырзалиев Дархан
Сапарбайұлы
|
30-02-49
|
№-2 ғим.
каб.303
|
6
|
Педагогика және мәдениет
|
Нұрлыбекова Әлима Балтабайқызы
|
22-19-39
|
№8 ғим.
каб. 222
|
7
|
Дене тәрбиесі және спорт
|
Демеуов Ахан
Қалыбекұлы
|
21-43-69
|
Корп.№7
каб. 335
|
8
|
Құрылыс және көлік
|
Садыков Жеңіс
Абжанұлы
|
21-19-78
|
№3 ғим.
каб. 317
|
9
|
Филология
|
Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы
|
31-43-26
|
№8 ғим.
каб. 220
|
10
|
Химия-технологиялық
|
Анарбаев Абибулла
Абілдаұлы
|
21-19-76
|
№1 ғим.
каб. 209
|
11
|
Экономика және қаржы
|
Сейдахметов Марат
Қанымбекұлы
|
21-36-68
|
Бас ғим.
каб.416
|
12
|
Заңтану және халықаралық қатынастар
|
Сарыкулов Құрманғали Рахманбердіұлы
|
53-60-11
|
Бас ғим.
каб.130
|
13
|
Кешкі және қашықтықтан оқыту
|
Қозыбаев Еңліхан
Шарипханұлы
|
21-43-71
|
№4 ғим.
каб. 118
|
14
|
Шетел студенттерімен жұмыс жасау факультеті
|
Әлібек Сейдехан
Нұрмаханұлы
|
21-33-47
|
№13 ғим.
каб. 303
|
Тәрбие бөлімі
|
1
|
Қоғамдық кәсіптік факультеті директоры
|
Абдраимова Сабира
Бимұрзақызы
|
21-34-04
|
Корп.№5
каб. 214
|
2
|
Жастар орталығының төрағасы
|
Баянов Мақсат Абденович
|
30-07-88
|
Гл.корп.
каб.106
|
3
|
Студпрофком төрағасы
|
Корғанбаев Жандос
Алтынбайұлы
|
31-49-57
|
Корп.№7
каб. 108
|
|
Студенттердің әлеуметтік жағдайын қолдау бойынша қызмет
|
1
|
Студенттердің әлеуметтік жағдайын қолдау бойынша қызметтің жетекшісі
|
Мамыт Әлия
Аралбайқызы
|
21-34-96
|
Бас ғим.
каб.270
|
5.2 М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу ғимараттарының орналасуы
Бас ғимаратта университет ректораты, оқу-әдістемелік басқармасы, Тіркеу кеңсесі, Экономика және қаржы, Заңтану және халықаралық қатынастар факультеттері орналасқан.
№1-ғимаратта Химия-технологиялық факультеті деканаты орналасқан;
№2- ғимаратта Машинажасау және мұнайгаз ісі факультеті;
№3-ғимаратта Құрылыс және көлік факультеті;
№4-ғимаратта Ақпараттық технология факультеті мен Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті;
№5-ғимаратта Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті;
№7-ғимаратта Дене тәрбиесі және спорт факультеті және Жаратылыстану-педагогикалық факультеті орналасқан;
№8-ғимаратта Педагогика және мәдениет факультеті мен Филология факультеті;
№9-ғимаратта Агроөнеркәсіп факультеті орналасқан.
Байланыс мәліметі: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5. сымтетік: 21-38-09, факс: (7252) 21-01-41; www.ukgu.kz.
Оқу ғимараттарының орналасуы
Болысбек Айдарбек Әлібекұлы
Өмірзақова Айнұр Сәбитқызы
Студентерге арналған жөнсілтер анықтама
Басуға қол қойылды _25.07.2013ж._
Қағаз форматы 60 х 84 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі 1,25 б.т.
Таралымы 5000 дана. Тапсырыс №____
© М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасы
М. Әуезов ат. ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы 5
Достарыңызбен бөлісу: |