Кәсіби педагогикалық практиканың жалпы ережелері – кәсіби педагогикалық практиканы ұйымдастыруды реттеу, студент білімін бекіту, практикалық дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Онда практика мақсаты мен міндеттеріне сай курстық практика мазмұны нақты көрсетіледі.
Кәсіби педагогикалық практикаға басшылық және жетекшілік ету – студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу университет басшысы мен білім беру мекемесінің директорының келісім-шарты негізінде жүзеге асады. Педагогикалық практика базалары мектептің материалды-техникалық мүмкіндіктерін, мұғалімдердің шығармашылық потенциалын, сынып-комплектілерін, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейлерін, олардың мамандану ерекшелігін, басқа да нақты жағдайларды есепке ала отырып таңдалады. Оны бақылау және әдістемелік көмек беру факультет деканы, кафедра меңгерушісі, практика бөлімі басшысы, факультеттің педагогикалық практика жетекшілеріне, пәндер бойынша және тәрбиелік жұмыстар бойынша әдіскерлерге жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |