Эмоционалды интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.
Эмоционалды ұстамдылық түсінігі: эмоционалды ұстамдылық жайлы түсініктік анықтамасы әрқилы екендігін көптеген әдебиеттер көрсетіп отыр. Ол жеке тұлғаның эмоционалды аймағына байланысты болатын мінез-құлық (В.М. Писаренко), белсенділік деңгейіндегі эмоцияның оңтайлы деңгейі (О.А. Черникова), эмоционалдық күйді реттей білу қабілеті, жарыстар жағдайында оңтайлы эмоционалды шиеленісті сақтау қабілеті (Ю.М. Блудов), стресс жағдайында қажетті психологиялық сапа (А.В. Родионов), психикалық әрекеттегі жоғары деңгей (Н.А. Худадов), эмоция мазмұнының бірқалыптылығы (Н.Д. Левитов), жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы, темпераменті (В.Д. Небилицын, А.Ю. Ольшанникова, Б.М. Теплов).
Эмоционалды ұстамдылық – жеке тұлғаның интегралды қасиеттері ол эмоционалды, ерікті, интеллектуалды, индивид іс-әрекетіндегі мотивацияның психологиялық компоненті, тиімді, мақсатқа жетудегі эмоционалды күрделі жағдайда әлеуметтік-рөлдік мінез-құлықтың тиімділігі мен іс-әрекеттің мақсаты және сәтті болуын жүзеге асырады.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезекте өзекті болып отырған мәселелердің бірі ол психолог маманды даярлау барысында оның ең алдымен өзін-өзі тануы мен таңдаған мамандығына сай өзін-өзі өзектендіруі. Психолог мамандарының эмоционалды интеллектерін жоғары болуы оның өзіндік санасымен тығыз байланыста, яғни ол болашақ маман ретінді өз кәсіби іс-әрекетінде, ондағы түрлі жағдайлар мен мәселелерге даяр болуы қажет. Себебі әрбір болшақ психолог маманның дұрыс бағдар беруі, оның адам санасына әсер ететін психологиялық кеңестері одан көмек сұраушы жеке тұлғаның өміріне, сана-сезіміне үлкен әсерін тигізеді. Осымәселелерге байланысты қазіргі кезде психолог мамандарды даярлауда олардың эмоционалды ұстамдығы мен оны қалыптастыру маңызды. 90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» психологиялық бестселлері жарық көрді. Белгілі журналистің зерттеу еңбегі көпшілікке ой салды. Кітабында ересектер мен балаларды бірге зерттеген. Қорытынды шығарғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, университетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсеткен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмоцияны игере алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ықпалы зор. Қарым-қатынас орнату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен байланысты екен. Мұны бұрыннан білеміз ғой деуіңіз мүмкін. Бірақ бұл – сіз ойлағаннан да күрделірек тақырып. Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үштігін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Соған қарамастан, адам эмоциясы мәселесі – әлі күнге өзекті тақырып. Бірқатар ғалым эмоция әлемін зерттеуге бел буған. 1870 жылы Чарльз Дарвин сыртқы көрініс арқылы адам эмоциясын зерттеуге талпыныс жасады. 1920 жылы америкалық психолог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеуметтік ақыл-ой ұғымын ғылымға енгізді. Ол мұны «Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынаста ақылға қонымды әрекет ету қабілеті» деп түсіндірді.1983 жылы Говард Гарднер интеллектін Ішкі және тұлғааралық деп бөліп, интеллект теориясын ұсынды. Дегенмен Гоулман еңбегі бәрінен асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңінен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті. Осындайда IQ не үшін керек деген сұрақ тууы мүмкін. IQ – ақыл-ой қабілетінің объективті көрсеткіші. Интеллект коэффициенті адамның мектептегі, жұмыстағы деңгейін анықтайды. Ал эмоционалды интеллект ұжымда жұмыс істеу қабілетіне және әріптестерінің көңіл күйіне әсер етеді. IQ-ге қарағанда EQ-ді реттеу мен көтеру оңай.Мысалы, жұмыс берушілер жоғары ақыл-ой қабілетін бағалайды. Бірақ 1-орынға қоймайды. IQ көрсеткіші жоғары адамға көппен тіл табысу қиын болуы мүмкін. Сондықтан көптеген ірі компаниялар эмоционалды интеллекті бар жұмысшыны қалайды. Эмоционалды интеллектіні тексеретін арнайы тест бар. Шетелде жұмыс берушілер аталған тесті қолданады екен. Шынымен де, ортамен ұйыса жұмыс істеп, көңіл күйі тұрақты болатын маман кімкімге болмасын қажет. EQ әсер ететін бірнеше фактор бар. Өз-өзіңді тану, шыңдау, мотивация, эмпатия және әлеуметтік дағды. Өзін-өзі тану сезім мен іс-әрекет арасындағы байланысты ұстауға жәрдем береді. EQ-і жоғары адам өзін шыңдай түседі. Өзіне сұрақ қоюға, мәселені шешуге бейім келеді. Ол бәрін жеңіл қабылдауға тырысады. Бұл оған мотивация сыйлайды. «Мүмкіндікті байқап көрмесең, ұтыласың» деп ештеңеден бас тартпайды. Сынап көреді, жеңеді. Маңыздысы – эмпатия. Эмоциялық интеллект басқаның не сезінетінін және ойлайтынын түсіне білуге әкеледі. Нәтижесінде, сіз риторикалық әдіспен жұмыс істеуді үйренесіз. Сендіру техникасын меңгересіз. Әлемде аталған дағдылар бойынша эмоциялық интеллектке бейімдейтін мектептер бар. Олар баланы жастан эмоциясын басқара білуге, жақсы іске ұмтылуға үйретеді. Егер тарихи мысалға жүгінсек, дана билеушінің үлгісі ретінде үнді императоры Ашок еске түседі. Оның эмоциялық интеллекті жоғары болыпты. Махатма Ганди болса, эмпатияға қабілетті көшбасшы. Эмпатия – эмоционалды интеллектің құрамдас бөлігі. Қызығы, Трампты ел басқару дағдысына қарамастан, эмоциялық интеллекті төмен көшбасшы деп сөгеді екен. Сонымен, осындай сұрақ туындауы мүмкін: IQ индикаторы бойынша эмоциялық интеллекті төмен екенін қалай білуге болады? Бірінші фактор өз-өзіне және өз іс-әрекетіне сенімсіздік. Екіншісі – шамадан тыс өзін-өзі сынауға бейім болу. Үшіншісі – қоршаған ортамен тіл табыса білмеуі. Яғни, эмоциялық ойлауы төмен адамда басқалармен қарым-қатынас орнату қиынға түседі. Араласып кете алмайды. Айналасындағы әрекеттерге тез арада жауап қатпайды. Атап кеткендей, жеке тұлғаның эмоционалды ұстамдылығы,интеллекті тиімді өзін-өзі реттеу барысында көрінеді (Л.И. Бучек, М.С. Корольчук). Көптеген авторлардың зерттеуінде (Л.М. Аболин, В.Л. Марищук, К.К. Платонов, О.А. Сиротин, О.Я. Чебикин, О.А. Черникова) эмоционалды ұстамдылықтың интелектін көрінісі әртүрлі болып қарастырылған: мотивациялық, моральды, ерікті, жүйке жүйесі қасиеттері. Осы психолог қызметіндегі эмоционалды қысым жағдайында өз іс-әрекетін жүйелі атқаруда негіз болады. Сол арқылы психолог өз қызметінде түрлі эмоционалды жағдайда өз іс-әрекетін нәтижелі атқарумен қатар жетістікке жете біледі (П.Б. Зильберман, О.А. Блинов). Осымен қатар Р.В. Овчарова психолог жұмысымен сәйкес келмейтін жеке тұлғалық көрністерді де атаған, олар: төмен интеллект, жеке тұлғаның төмен «эгосы», эмпатияның болмауы, өздігінен ойланып шешім қабылдай алмауы, өз мәселелерін шеше алмаушы, ұйымдастырушылық қабілетінің жоқтығы, стресске төзімді болмауы, басқаның қолдауына тәуелді, жоғары мазасыздық пен өзін-өзі кінәлаушы, өзін-өзі төмен бағалаушы.
М.М. Обозов келесі сапаларға үлкен мән берген:
– Зерттелуші жеке тұлғаны өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бағаламау;
– психологиялық көмекке жүгінуші адамның эмоционалды күйіне сыпайылық таныту;
– бір тақырыптан келесіге жылдам ауысушы, эмоционалды икемді, жылдам шешім табушы;
– эмоционалды ұстамды және шыдамды, психологиялық көмек көрсетуде өзін-өзі басқара білетін және клиенттің алаңдаушылығы мен мазасыздығын төмендете алушы;
– көмек көрсету барысында өзін кәсіби маман ретінде мәдениетті ұстауы;
– клиентке нақты жауап бере білуші, өз ойын еркін және нәтижелі болатындай жеткізуші, клиенттің бір тақырыптан келесіге жылдам ауысуына байланысты талдау жасауы. Осы ғылыми қағидаларды ескере келе болашақ психолог өз мамандығының қаншалықты маңызды екендігін, аз уақыт арасында мүлдем таныс емес адамның жанына үңілетіндігі жайлы, оның жан күйзелісіне терең ой салып кәсіби көмек көрсете алатындығы жайлы білуі қажет. Жоғарыда қарастырылған ғылыми зерттеулер мен тұжырымдардың барлығы болашақ психолог маманы үшін өте маңызды және қажетті ақпараттардың бірі болып келеді. Студент психологтардың эмоционалды интеллектін жайлы біршама мәліметтер талқыға алынды, оның қазіргі заманауи өзгерістермен жеке тұлғаның психолог көмегіне жүгінуіндегі өзектілігі. Оқытушы-психологтың негізгі бағыты – студенттерге психологиялық білім беру және де олардың болашақ психологиялық қызметіне қажетті сапаларын дамыту, студенттердің өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі өзектендіруіне байланысты бағыт бағдар беру арқылы білім беру жүйесінде қызмет атқаруы. Зерттеушіпсихолог маманның іс-әрекетіндегі негізгі бағыты – өзінің ғылыми қызығушылығымен байланысты аймақта психологиялық зерттеулер жүргізуі. Практик-психологтың жоғары кәсіби қызығушылығы оның қоғамдағы түрлі өмірлік жағдайларымен байланысты болып келеді. Практик-психолог білім беру, заң саласында, бизнес, саясат, жарнама, әлеуметтік аймақтарда өз қызметін жүзеге асыра алатын маманның бірі болып келеді. Практик-психолог жан-жақты, өзінің ізденушілігін заманауи өзгерістерге байланысты дамытып отырушы маман ретінде қалыптасуы қажет. Бұл жерде әрбір болашақ психологтың эмоционалды ұстанымдылығын сонымен қатар интеллектін оның атқарар қызметіне деген бағытына қарай дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |