|
а) Криминология
|
Kriml 3303
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
6
|
Емтихан
|
Жазбаша
|
Пререквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы (ж.б), ҚР қылмыстық құқығы (е.б), Қылмысты саралаудың теориялық негіздері
Постреквизиттер: Криминалистика, Сот сараптамасы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы
Пәннің мақсаты: «Криминология» білім беру, криминологияның жалпы ережелерін, принциптерін, оның негізгі ұғымдарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыстардың субъективтік жағының сипаттамасын беру. Студенттертің санасында криминология пәнін меңгерудің әлеуметтік рөлі, олардың яғни қылмыстың алдын алу амалдарымен арнайы құралдары арқылы күрес жүргізу; криминологияның негіздері мен жалпы ережелері принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары туралы ұғым қалыптастыру
Қысқаша мазмұны: Криминология қылмыстылықты, оның себептері мен жағдайларын, қылмыскердің жеке тұлғасын, қылмыстылықпен күресу мен алдын алу шараларын зерттеу мен өңдеуде қомақты орны алады. Криминология – қылмыстылық, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесі туралы ғылым.
Құзіреттілігі: Криминология – қылмыстылық, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесі туралы ғылым. Болашақ жоғарғы дәрежелі заңгер, қылмыстылық және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу, сақтандыру және олармен күрес шараларын жүргізуге бағытталған ІІМ-гі органдарының, прокуратура, сот және басқад да әділет органдарының жұмыстарының статистикалық көрсеткіштеріне маңызды талдау жасау әдістемесін қалыптастыра білуі, қылмыстылық және басқа да құқықтық құбылыстарды зерттеу мен талдаудың статистикалық әдістемесін терең меңгеруі қажет.
Күтілетін нәтиже: Курсты оқып білу нәтижесінде студент, профилактикалық құжаттарды біліктілікпен құра білуге, құқықтық актілердің жобаларын сараптай білуге, әр деңгейдегі мемлекеттік органдарда қылмыстылық деңгейінің баға бере отырып, құзіретті қимыл жасай білуге және қылмыстылықтың алдын алу шараларын өңдеуге ұсыныстар айта білуі тиісті.
|
Жумагулова Ш.Р.
|
б) Қылмыстарды талдау
|
KT 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы (ж.б), ҚР қылмыстық құқығы (е.б), Қылмысты саралаудың теориялық негіздері
Постреквизиттер: талап етілмейді.
Пәннің мақсаты: Әр түрлі санаттағы қылмыстардың динамикасына талдау жасау.
Қысқаша мазмұны: Қылмыс - қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Құзіреттілігі: Криминологияда және құқықтық статистикада -әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс - жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс
Күтілетін нәтиже: Әр түрлі санаттағы қылмыстардың динамикасына талдау жасауды үйренеді.
|
Жумагулова Ш.Р.
|
в) Қылмыскердің жеке тұлғасы
|
KJT 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы (ж.б), ҚР қылмыстық құқығы (е.б), Қылмысты саралаудың теориялық негіздері
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: Қылмыскердің жеке тұлғасын анықтайтын білімдерді игерту.
Қысқаша мазмұны: Криминология қылмыстылықты, оның себептері мен жағдайларын, қылмыскердің жеке тұлғасын, қылмыстылықпен күресу мен алдын алу шараларын зерттеу мен өңдеуде қомақты орны алады. Криминология – қылмыстылық, оның себептері мен қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесі туралы ғылым.
Құзіреттілігі: Тергеу, анықтама және өзге де субъектілердің жұмыс істеуі кезінде қылмыскерлердің жеке тұлғасын анықтау қабілеті болуы арқылы сезіктінің, айыпталушының және сотталушының қылмыс жасаудағы мотивациясын анықтап, зардабына баға беріледі.
Күтілетін нәтиже: Курсты оқып білу нәтижесінде студент, профилактикалық құжаттарды біліктілікпен құра білуге, құқықтық актілердің жобаларын сараптай білуге, әр деңгейдегі мемлекеттік органдарда қылмыстылық деңгейінің баға бере отырып, құзіретті қимыл жасай білуге және қылмыстылықтың алдын алу шараларын үйрету.
|
Қаржаубаева Л.М.
|
|
а) ҚР Кеден құқығы
|
KRKK 3303
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
6
|
Емтихан
|
Тест
|
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы; ҚР қылмыстық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кеден ісі құқықтық реттеудің нақты жағдайларын одан әрі дамытуға (жетілдіруге) студенттерді жетелеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасың кеден ісі құрылымы, Қазақстан Республикасының кеден режимдерін қарау, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу, кедендік және валюталық бақылау жүргізуді қарау, кедендік төлемдердің негізгі түрлері, кеден және басқа да құқық қорғау органдарының арақатынасын айқындау, халықаралық кедендік ұйымдармен және оларға Қазақстан Республикасының қатысу жағдайы туралы мағұлұмат беру.
Қысқаша мазмұны: Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады. Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттің кедендік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық-ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады (процессуалдық бөлім). Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмдері мен қағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды, жауапкершілікті, осылармен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру секілді процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалармен анықталған ұғымдарды қамтиды (материалдық бөлім). Құзыреттілігі: Студенттер кеден құқығының маңызды институттарын оқып түсіндіру, талдау білу және олардың кеден құқығы аясындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары туралы заңдылықтарын үйрену.
Күтілетін нәтиже: Құқықтық нормаларды кеден қызметінің нақты жағдайларында қолдану, критикалық талдау әдістерімен заң техникаларын пайдалану және қажетті құқықтық ақпарат алудың тиімді жолын табу; кеден заңнамасы саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу; кеден режимі, кеден төлемдері, валюталық бақылау, кеден-тарифтік реттеулерді меңгеру; құқықтық құжаттарды сауатты жасай білу.
|
Мурзагулова Б.Н.
|
б) Евроодақтың құқықтық негіздері
|
EKN 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Шетелдердің конституциялық құқығы
Постреквизиттер: Cалыстырмалы құқық
Пәннің мақсаты: Халықаралық сипаттағы әртүрлі мемелекетаралық ұйымдардың арасынан елеулі орынға ие евроодақтық құқықтық қатынастарының реттелуін студентерге игерту.
Қысқаша мазмұны: Студенттердi Евроодақ елдерінің конституциялық құрылысымен, Евроодақ елдерінің конституциялық дамуының тәжiрибиесiмен, конституциялық құқық ғылымының теориялық негiздерiмен таныстыру, конституциялық құқықтық актiлердi оқыту, оның өзге құқық салаларынан айырмашылығын көрсету, сондай-ақ демократиялық және құқықтық мемлекеттi құру үрдісіндегі билiк институттарының қызметi мен ролiн түсiндiру болып табылады.
Құзыреттілігі. Халықаралық сипаттағы әртүрлі мемелекетаралық ұйымдардың арасынан елеулі орынға ие евроодақтық құқықтық қатынастарының рөлі жоғары болуымен ерекшеленеді.
Күтілетін нәтиже: Студенттердің саяси және құқықтық мәдениетін көтеру; студенттердің теориялық және кәсіби даярлықтарының деңгейін көтеру; Евроодақ елдерінің конституциялық құқығы пәнін оқыту арқылы студенттердің өзінше саяси ойлау қабілетін дамыту; күрделі саяси жағдайға талдау жасай алуға үйрету; шетелдік мемлекеттерде орын алып отыратын түрлі оң және теріс құбылыстарға дұрыс баға бере алуға үйрету; интеграциялық процестердің болашағын болжай алуға үйрету.
|
Тойлыбекова Э.О.
|
в) Халықаралық ұйымдардың құқықтық негіздері
|
XYKN 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Шетелдердің конституциялық құқығы
Постреквизиттер: Cалыстырмалы құқық
Пәннің мақсаты: Халықаралық ұйымдардың құқықтық реттелуін үйрету.
Қысқаша мазмұны: Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі: түсінігі, туынды сипаты және құқықтық негіздері. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мирасқорлығы. Мемлекет тәріздес құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Индивидтер мен заңды тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігінің мәселесі.
Құзыреттілігі: Халықаралық ұйымдардың құқықтық реттелуі.
Күтілетін нәтиже: Студенттердің саяси және құқықтық мәдениетін көтеру; студенттердің теориялық және кәсіби даярлықтарының деңгейін көтеру; өзге де елдерінің конституциялық құқығы пәнін оқыту арқылы студенттердің өзінше саяси ойлау қабілетін дамыту; күрделі саяси жағдайға талдау жасай алуға үйрету; шетелдік мемлекеттерде орын алып отыратын түрлі оң және теріс құбылыстарға дұрыс баға бере алуға үйрету; интеграциялық процестердің болашағын болжай алуға үйрету.
|
Абдукерова А.М.
|
|
а) ҚР Салық құқығы
|
KRSK 3304
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
6
|
Емтихан
|
Тест
|
Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы (ж.б), ҚР азаматтық құқығы (е.б), ҚР жер құқығы, ҚР банк құқығы, ҚР қаржы құқығы
Постреквизиттер: Азаматтық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Пәннің мақсаты: Салық жүйесін мемлекетпен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі туралы ұғым қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Салықтық құқық қоғамдық мемлекеттік маңызы бар айрықша объективті субъективтік экономикалық аяны толығымен қамти отырып, осы салық салу саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материалдық сипаттағы салықтық қатынастарды реттейтін әлеуметтік және фискальдық саясаттың ұстаным бағдарларын көздейтін, мемлекет билігінің әкімшілік және экономикалық мазмұнды құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтық құрылым болып табылады.
Құзіреттілігі: Курс бойынша өткізілетін семинар сабақтарын жүргізу барысында тәжірибе материалдарымен студенттерді таныстыру, салық қызметпен айналысу кезінде пайдаланылатын құжаттарды құрастыру бойынша тәжірибелік білімді көрсету қажет.
Күтілетін нәтиже: Курсты оқытудың қорытынды кезеңінде студенттің алған ең аз мөлшердегі білімі, білігі және машығы: оқу үрдісінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық мәселелері, ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттары жөнінде білім алуы қажет, соынмен қатар практикалық жағдайларды шешуде қолданатын нормативтік – құқықтық актілерді қолдану және сараптау жөнінде біліктену және машықтану қажет.
|
Абдуллаева Б.С.
|
б) ҚР Банк құқығы
|
KRBK 3304
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: ҚР Сақтандыру құқығы; ҚР Кәсіпкерлік құқығы; ҚР Инвестициялық құқығы
Постреквизиттер: Азаматтық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Пәннің мақсаты: ҚР Банк жүйесі және оның қызметі туралы білімдерді қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Студенттердің мына түсініктермен банк, банктық қызмет, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы, сонымен бірге банктік құқықтың жеке институттарының, банктік құқықтың құқықтық реттелуінің әдістері, банктік құқықтың негізгі жеке жүйесінің мазмұнының жалпы теориясын және банктік құқықтың проблемаларын меңгеру, оларды көптеген нармативтік - құқықтық актілердің ішінен ажыратуын және практикада банктік заңнаманы дұрыс қолдануын үйрету.
Құзіреттілігі: Студент банкілік құқық теориясының банктерге тән негізгі міндеттерін анықтай білу, банк және банкілік емес қаржылық мекеме терминдерін ажырата білу, банкілік операцияларды іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды анықтай білуге дағдыланады.
Күтілетін нәтиже: банк аясына қатысты заңдық санаттармен бағдарлай білу, әртүрлі тектегі банк шарттарын құрастыру қабілеті, жалпы банк заңдылығы және банктік тәжірибе бойынша ақпараттану мақсатытнда мемлекеттің ақша-несие саясатының білімдерінің негізінн білу.
|
Жолдыбаева А.Р.
|
в) ҚР Сақтандыру құқығы
|
KRSK 3304
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы;
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: ҚР сақтандыру қызметі жөнінде білімін қалыптастырып, оны практикада қолдана білу.
Қысқаша мазмұны: Нарықтық қатынастағы қазіргі өмірде, нарықтын қалыптасуында және дамуында сақтандыру өзінің мүлкінді, өмірінді және денсаулығынды қорғауға білім береді. Сақтандырудың міндетті түрі «азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру» болғандықтан сақтандыру нормаларының дұрыс пайдалануын үйретеді.
Құзіреттілігі: студенттермен сақтандыру туралы iргелi бiлiмдi игеру, қазiргi экономикалық ойлауды қалыптастыру, сақтандырудағы қаржылық шешiмдердi басқаруды негiздеу және оларды сақтандыру компаниялар деңгейінде iске асыру.
Күтілетін нәтиже: ҚР сақтандыру заңдарын білу; нақты ситуацияны талдап, оны шешу жолдарын көре білу; құқықтық сипаттағы құжаттар жасай білу; білікті құқықтық қорытынды және кеңестер беру.
|
Жусупова Б.М.
|
8
|
а) Адвокатура
|
Adv 3305
|
КП
|
2
|
5
|
3
|
6
|
Емтихан
|
Жазбаша
|
Пререквизиттер: ҚР конституциялық құқығы, ҚР-дағы құқық қорғау органдары, Заңгердің кәсіптік этикасы
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: Адвокаттық қызметтi реттейтiн ҚР қолданыстағы заңнамасын студенттерге оқыту, сондай-ақ оларды ҚР-дағы адвокатураның мәнi, мiндеттерi, жұмыс iстеуi мен қалыптасу тәртiбi, адвокаттардың құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлiмдi қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Бұл пәнде ҚР адвокатурасымын ұйымдастырылу қағидалары мен қызметі, адвокаттық қызметтің жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету қызметі ретінде мазмұны мен мәні оқытылады. Сондай-ақ, ғылыми пән ретiнде де қарастырылатындығын атап өткен жөн, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өз-ара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу жатады.
Құзіреттілігі: Адвокатура туралы ғылым жалпы теоретикалық тарихи-құқықтың пәндерімен, салалық құқықтың ғылымдарымен, құқық қорғау органдарының қызмет тәртібін, ұйымдастырылуын және құрылымын оқытатын, халықаралық құқық және қолданбалы заң ғылымдарымен оқытатын ғылымдармен тығыз байланысады.
Күтілетін нәтиже: Осы пән студенттерге адвокатура туралы ұғым және оның алдына қойылған мақсаттар мен ұйымдастырылу тәртiбi және Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, революцияға дейiнгi, кеңес заманында және қазiргi уақытта даму кезеңдерi туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи тұрпаты, олардың мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құқықтары мен мiндеттерi туралы жалпы түсiнiктер алуға септiгiн тигiзу.
|
Муйденова А.Қ.
|
б) Нотариат
|
Not 3305
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: Азаматтық құқық, Азаматтық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық құқық, Әлеуметтік қорғау құқығы, Отбасылық құқық
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: студенттердің азаматтық-құқықтық құжаттарды құрастыру мен рәсімдеу білімдерін меңгеру; нотариаттың ұйымдастырылуы мен құрылымын, оның өкілеттіктерін, қызмет әдістерін, басқа да әділет органдарымен арабайланысын, жеке нотариаттық әрекеттердің мазмұнын және оларды жүзеге асыру тәрітібін оқу.
Қысқаша мазмұны: Студентте Қазақстан Республикасында нотариат құқық қорғау органдары жүйесінің бірі екені туралы білім қалыптастыру. Қазіргі таңда ол мемлекеттік те, жеке де бола алады. Нотариалдық органдар қызметінің негізгі түрі – сөзсіз құқықтар мен фактілерді дәлелдеу жолымен мемлекеттің, заңды тұлғалар мен азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын қорғау.
Құзіреттілігі: Курсты оқу үрдісі кезінде студент тек негізгі нормативтік-құқықтық актілерді ғана емес, сонымен қатар олардың негізінде қабылданатын актілерді де қарастырады. Квалификациялық сипаттамада бекітілген бакалаврларды дайындау талабына сәйкес, пәнді меңгеру нәтижесі бойынша тыңдаушы келесі дағдыларды игеруі керек: ҚР нормативтік-құқықтық актілер жүйесінен хабадар болуы, негізгі іс-жүргізу құжаттарын құра білу, өзінің білімін тәжірибеде қолдана білу, ҚР заңнамасының қазіргі мәселелерін білу. Сонымен қатар пәннің өзекті мәселелерін оқыту; көптеген нормативтік-құқықтық актілердің ішінде студентттің қажетті нормаға сүйене алуын қалыптастыру;студентті нақты өмірлік жағдайларда заңдарды қолдана алуға үйрету; студентті алған білімін азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығында қолдана алуға үйрету;
Күтілетін нәтиже: әрүрлі азаматтық-құқықтық құжаттарды құрастыру мен рәсімдеуде кәсіптік өкілеттілікті құрастыру, әртүрлі заңдық түсініктер мен санаттарға дұрыс сүйене білу, құқықтық шешім қабылдау және заңдылықпен нақты сәйкес заңдық әрекеттерді жасау, жаңа техгологияларды пайдаланып қажетті құқықтық ақпаратты алудың тиімді жолдарын табу және оны өңдей білу.
|
Қошманов М.А.
|
в) Құқықты қорғаудың соттан тыс нысандары
|
KZT 3305
|
|
|
|
|
|
|
|
Пререквизиттер: Азаматтық іс жүргізу құқығы.
Постреквизиттер: талап етілмейді
Пәннің мақсаты: студенттердің азаматтық-құқықтық құжаттарды құрастыру мен рәсімдеу білімдерін меңгеру; оның өкілеттіктерін, қызмет әдістерін, басқа да әділет органдарымен арабайланысын, жеке нотариаттық әрекеттердің мазмұнын және оларды жүзеге асыру тәрітібін оқу.
Қысқаша мазмұны: Аралық өндірістің құқықтық реттелуі. Аралық сот. Азаматтық-құқықтық дауларды аралық шешудің маңызы. Азаматтық-құқықтық дауларды аралық сотта қарастыру. Аралық жазбалардың мазмұны және оның күшінің болу жағдайлары. Аралық сотта істерді қарастыру тәртібі. Аралық сот шешімінің мазмұны. Нотариаттың ұғымы және міндеттері. Нотариалдық органдардың өкілеттіктері. Нотариалдық әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері. Нотариалдық әрекеттердің жеке түрлері. Фактілерді куәландыру бойынша нотариаттық әрекеттер. Қорғаушылық нотариаттық әрекеттер.
Құзіреттілігі: Құқықты қорғауды құқықтық нысандары ретінде медиация, ақсақалдар кеңесі секілді институттарды жандандыру.
Күтілетін нәтиже: әрүрлі азаматтық-құқықтық құжаттарды құрастыру мен рәсімдеуде кәсіптік өкілеттілікті құрастыру, әртүрлі заңдық түсініктер мен санаттарға дұрыс сүйене білу, құқықтық шешім қабылдау және заңдылықпен нақты сәйкес заңдық әрекеттерді жасау, жаңа технологияларды пайдаланып қажетті құқықтық ақпаратты алудың тиімді жолдарын табу және оны өңдей білу.
|
Исаева Ж.А.
|
9
|
а) Сот шешендігі
|
CSh 3306
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |