Сту 01-11 Қосымша Б



жүктеу 425 Kb.
бет2/6
Дата28.12.2019
өлшемі425 Kb.
#25280
1   2   3   4   5   6

в) Шаруашылық қатынастардың құқықтық реттелуі

ShKKR 2204






















Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқық (жалпы бөлім), ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: шаруашылық қатынастар құқықтық реттелуін студенттерге игерту.

Қысқаша мазмұны: Шаруашылық дауларды сотта қараудың түсінігіғ пәні және жүйесі. Шаруашылық дауларды сотта қараудың қағидалары. Шаруашылық құқықтық қатынастар. Шаруашылық даулардың мамандандырылған соттарға бағыныстылығы және олардың даму тарихы. Шаруашылық дау туралы сотта іс қозғау. Шаруашылық дауларды сотта қарауға дайындау. Шаруашылық дауларды қарау тәртібі

Құзіреттілігі: Оқытылатын курс бойынша студенттер шаруашылық дауларды сотта қарау негіздері мен сотқа талап арыз жазу арқылы студенттер жұмыс жасай білуі және кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаларды танып білуі тиіс.

Күтілетін нәтиже: Оқытылатын курс бойынша студенттер шаруашылық дауларды сотта қарау негіздері мен сотқа талап арыз жазу арқылы студенттер жұмыс жасай білуі және кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаларды танып білуді үйренеді.

Саниязова Е.Қ.



а) ҚР Экологиялық құқығы

KREK2205

БП

3

5

2

4

Емтихан

Тест

Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқық (жалпы бөлім), ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: талап етілмейді

Пәннің мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ресурстарды мен қоршаған орта байлықтарын өндіру, өңдеу және экология саласындағы нормативтік құқықтық актілермен таныстыру, табиғи ресурстар мен қоршаған орта байлықтарын пайдаланудың құқықтық реттелуін, мемлекеттік басқару органдарының қоршаған орта байлықтарын пайдалануды жүргізу саласындағы өкілеттілігін және түрлерін экология қатынастардың реттелу ерекшеліктері т.б. экология саласындағы құқықтық іс-әрекеттер жайлы толық мәлімет беру.

Қысқаша мазмұны: Табиғи қорларды қорғау, оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсімін молайту, сапасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері экологиялық құқықтың мазмұнын құрайды. Экология құқығы – қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен құқық қатынастарының жиынтығы. Табиғатты сақтау құқығы заң нұсқауларының нормаларының және ережелерінің жиынтығы, солардың талабын қалтқысыз орындау негізінде экологиялық тепе теңдікті, табиғи ресурстарды сақтау, молайту және ұтымды пайдалану тұжырымдалған. Себебі, қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау - экология құқығының негізі арқауы болып табылады.

Құзіреттілігі: ҚР Экологиялық құқығы Қазақстан Республикасындағы құқық жүйелерінің бірі. Себебі, табиғи ресурстарға бай және сонымен бірге, экологиялық ахуалы басты назарда тұрған Қазақстан Респубикасында экология саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің маңызы жоғары.

Күтілетін нәтиже: Экологиялық құқықтың қоршаған орта байлықтарын ұтымды пайдалану жөніндегі ғылым екендігін ұғыну; экологиялық қатынастарды реттейтін нақты заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын білу; экологиялық құқықтық қатынастар саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін жете түсіну.

Жусупбекова М.Қ.

б) ҚР табиғатты пайдалану құқығы

KRTKK 2205






















Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқық (жалпы бөлім), ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: талап етілмейді

Пәннің мақсаты: ҚР табиғатты пайдалану құқығының мазмұнын және маңыздылығын студенттер оқи отырып меңгеру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Экология саласын мемлекеттік басқару түсінігі және фунциясы. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы жалпы және арнайы органдардың түсінігі мен өкілеттігі.

Құзіреттілігі: Студент бұл пән бойынша ҚР Экологиялық кодекс бойынша экологиялық талаптар мен экологиялық жауапкершілік негіздерін қарастырады.

Күтілетін нәтиже: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары және өзге де проблемларды оқып үйренеді.

Исаева Ж.А.

в) ҚР экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері

KREKKA 2205






















Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, Құқық қорғау органдары

Постреквизиттер: Криминалистика, Криминология, Сот сараптамасы

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру; табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру; қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы мағлұмат беру.

Қысқаша мазмұны: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының құқықтық сипаттамасы. Экологиялық сақтандырудың құқықтық реттелуі. Экологиялық аудиттың құқықтық реттелуі

Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Күтілетін нәтиже: Студенттер бұл пәннен экологиялық ахуалға қатысты заңдылықтарды жіктеп, оларды қолдана білуге дағдыланады.

Жусупбекова М.Қ.



а) ҚР Жер құқығы

KRZHK 2206

БП

3

5

2

4

Емтихан

Тест

Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Экономикалық теория, ҚР Әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлімдері).

Постреквизиттер: ҚР салық құқығы, ҚР қаржы құқығы, ҚР еңбек құқығы, ҚР экологиялық құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: студенттерге жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру; нарықтық экономика құрудағы жер заңнамасының мазмұнын ашу; Қазақстан Республикасының жер қоры санаттарының құрамы мен құқықтық режимін оқыту; жер заңнамасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу; студенттерде жер қатынастарының әр түрлі жағдайларына құқықтық нормаларды дұрыс қолданутәжірибесін қалыптастыру; әдетте жер құқығының нормаларын талқылағанда кететін қателіктерге, жер-құқық ғылымымен әлі қарастырылмаған не шешімі табылмаған күрделі теориялық сұрақтарға студенттердің назарын аудару.

Қысқаша мазмұны: Жер құқығы Қазақстан Республикасының дербес құқық саласы ретiнде жердi табиғи ресурс ретiнде пайдалану мен қopғay, жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мaқcaтынан өндiрiс құралы және шарты сонымен бiрге кұнарлы топырақты жақсарту және ұтымды пайдалану, жер қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы.

Құзіреттілігі: Оқу пәні ретінде жер құқығы жерді пайдалану мен қорғауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздерін, оларды ретке келтіруге байланысты құқықтық реттеушілік мүмкіндіктерін, меншік құқығы мен жерді пайдалану субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жер қатынастарының аясындағы мемлекеттің ролі мен қызметінің бағыттарын анықтау үшін қажет.

Күтілетін нәтиже: Жер құқығына қатысты негізгі ұғымдарды меңгеру және өзіндік ғылым екендігін ұғыну; жер құқығы қатынастарын реттейтін нақты заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын білу; жер құқығы қатынастары саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін жете түсіну.

Қындыбаева Р.Р.

б) ҚР Сақтандыру құқығы

KRSK 2206






















Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы

Постреквизиттер: ҚР Қаржы құқығы; ҚР Банктік құқығы; ҚРКәсіпкерлік құқығы

Пәннің мақсаты: ҚР сақтандыру қызметі жөнінде білімін қалыптастырып, оны практикада қолдана білу.

Қысқаша мазмұны: Нарықтық қатынастағы қазіргі өмірде, нарықтын қалыптасуында және дамуында сақтандыру өзінің мүлкінді, өмірінді және денсаулығынды қорғауға білім береді. Сақтандырудың міндетті түрі «азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру» болғандықтан сақтандыру нормаларының дұрыс пайдалануын үйретеді.

Құзіреттілігі: студенттермен сақтандыру туралы iргелi бiлiмдi игеру, қазiргi экономикалық ойлауды қалыптастыру, сақтандырудағы қаржылық шешiмдердi басқаруды негiздеу және оларды сақтандыру компаниялар деңгейінде iске асыру.

Күтілетін нәтиже: ҚР сақтандыру заңдарын білу; нақты ситуацияны талдап, оны шешу жолдарын көре білу; құқықтық сипаттағы құжаттар жасай білу; білікті құқықтық қорытынды және кеңестер беру.

Жусупова Б.М.

в) Міндеттемелік құқық

MK 2206






















Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекеті мен құқығы тарихы

Постреквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы (ерекше бөлім), ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: Міндетеменің пайда болуымен негіздері мен түрлерін, шарттық және шартсыз міндеттемелерін, үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелерін, регрестік міндеттемелерін, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету, міндеттемені тоқтату, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, несие беруші жақтан тараптың ауысуының құқықтық ерекшеліктерін түсіндіру.

Қысқаша мазмұны: Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері. Міндеттемелерді орындау. Міндеттемелердің орындалуы үшін жауаптылық. Міндеттемелердің тоқтатылуы. Шарт жөніндегі жалпы ережелер. Міндеттеменің пайда болу негіздері, міндеттеме түсінігі, кепіл түсінігі, міндеттемені қамтамасыз етудің түсінігі және олардың түрлері.

Құзіреттілігі: Азаматтық құқықтық қатынастардың ортасында негіз болып табылатын міндеттеме мәселесін студенттерге игерту.

Күтілетін нәтиже: Студент бұл пәнді оқу нәтижесінде міндеттеменің негізінде кепілге қоюдың, кепіл болушылық негіздерін ажырата білу керек..

Жусупова Б.М.



а) ҚР Қаржы құқығы

KRKK 2301

КП

3

5

2

4

Емтихан

Тест

Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы (ж.б), ҚР азаматтық құқығы (е.б), ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР инвестициялық құқық

Постреквизиттер: ҚР салық құқығы, Азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: ҚР Қаржылық құқығының мақсаты-қаржылық құқық қатынастарының мәні мен маңызын студенттерлің жан-жақты терең түсінуіне қол жеткізу; тәжірибелік қызметке жоғары дайындығы бар мамандар даярлау; болашақ заңгерлердің жоғарғы дәрежелі маман болуын қамтамассыз ету. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық қатынастардың жылдам дамып, өзгеруіне байланысты студенттерге қаржылық қатынастармен тығыз байланысты қатынастардың мәнін ұқтыру.

Қысқаша мазмұны: Қаржылық құқықтың ғылымы деп, қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі мағынасына, рөл мен маңызы туралы, сондай-ақ дамуы туралы түсініктемелер мен қорытындылар беретін теоретикалық қағидалар мен ілімдердің жиынтығы айтамыз.

Қаржылық құқықтың ғылымының пәні - мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлері мен әдістерінен, қаржылық бақылаудан, сондай-ақ өзара байланысқан және бір даму жүйесіндегі қаржылық-құқылық нормалар мен олар реттейтін және бекітетін қоғамдық қатынастардан тұрады. Қаржылық құқық ғылымының өзіне ғана тән қасиеті, оның қаржылық-экономикалық ғылыммен өте тығыз байланыста болуы. Қаржылық ғылымның пәні – мемлекетің ақшалай қорларын, сондай-ақ қоғамдағы басқа да табыстарды қалыптастыруы, бөлу және пайдалану кезіндегі экономикалық қатынастар болып табылады.



Құзіреттілігі: Студенттердің ҚР қаржы құқықты зерттеу процессінде алған білімдері өздеріне бағытталуға және болашақта мамандықтарында жетістікті қолдануға көмектеседі. Сыртқы экономикалық байланыстық кеңеюі, шет елдін инвестициясының кең түрде өзіне қаратуы Қазақстанға алдағы уақытта тұрақты, әрі мықты экономиканы жасауға көмектеседі.

Күтілетін нәтиже: Студент қаржылық құқық теориясының банктерге тән негізгі міндеттерін анықтай білуге, банк және банкілік емес қаржылық мекеме терминдерін ажырата білуге, банкілік операцияларды іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды анықтай білуге дағдыланады.

Жолдыбаева М.Р.

б) ҚР Бюджет құқығы

KRBK 2301






















Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы (ж.б), ҚР азаматтық құқығы (е.б), ҚР конституциялық құқығы

Постреквизиттер: Азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: ҚР Бюджет құқығы курсы бойынша туындайтын құқықтық қатынастардың студенттерге игерту.

Қысқаша мазмұны: Студенттердің мына түсініктермен банк, бюджет, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы, сонымен бірге банктік құқықтың жеке институттарының, банктік құқықтың құқықтық реттелуінің әдістері, банктік құқықтың негізгі жеке жүйесінің мазмұнының жалпы теориясын және банктік құқықтың проблемаларын меңгеру , оларды көптеген нармативтік - құқықтық актілердің ішінен ажыратуын және практикада банктік заңнаманы дұрыс қолдануын ұйрету.

Құзіреттілігі: Осы пәннің негізгі ережелерін оқу, жоғары білікті маман – заңгерді дайындауда міндетті жағдай болып табылады.

Күтілетін нәтиже: ҚР Бюджет құқығы курсы бойынша туындайтын құқықтық қатынастардың студенттерге игеріп шығады.

Абдуллаева Б.С.

в) ҚР Тұрғын үй құқығы

KRTK 2301






















Пререквизиттер: ҚР конституциялық құқығы, ҚР азаматтық құқығы (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР міндеттемелік құқығы, Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, ҚР отбасы құқығы

Постреквизиттер: ҚР сақтандыру құқығы, ҚР Банк құқығы

Пәннің мақсаты: Мемлекетімізде орын алатын тұрғын үй қатынастарын студенттердің зерттеуіне ұсыну, студенттерді ҚР Тұрғын үй қатынсатары туралы заңымен және тұрғын үй саласын толығымен қамтитын басқа да азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық актілерімен таныстыру, сонымен қатар соттарды заңи қызметте қарастырылатын даулар үшін оның негізгі ұғымдарын айқындау болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Тұрғын үй құқығының түсінігі; ҚР тұрғын үй заңнамасы; тұрғын үй қорлары, тұрғын үй қорларының жіктелінуі; тұрғын үй жайларды беру; тұрғын үйге (пәтерге) меншік құқығы; тұрғын үй жайларын жалға беру; тұрғын үй жайларын жалдау шарты; тұрғын үй жайларын ауыстыру; қосалқы жалға беру (субаренда); тұрғын үй құрылыс кооперативтеріндегі тұрғын үй жайларды пайдалану; қызметтік тұрғын үй жайлар мен жатақханаларды пайдалану.

Құзіреттілігі: Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй заңнамасын меңгеру; ағымдағы жағдайларды саралай білу мен оны шешудің басым бағыттарын көру, қандай да бір тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға теориялық білімін қолдану мен мүмкін болатын салдарларын алдын ала көре білу, пайда болған өзгерістерге бейімделу қабілетінің болуы; құқықтық сипатттағы құжаттар құрастыра білу, заңдық сипаттағы құжаттарға құқықтық сараптама жасауды жүзеге асыру мен заңнамаға сәйкес білікті заң қорытындысын қабылдау.

Күтілетін нәтиже: Курсты оқу барысында студент тұрғын үй қызмет құрамы туралы білім алып, оны басқа шаруашылық қызмет түрлерінен ажырату қажет. Сондай-ақ тұрғын үй сипаттамасын, оның құқықтық жағдайларын, құқықтық реттелу механизімін біліп, тәжірибеде өз білімдерін қолдана білуі керек.

Саниязова Е.Қ.


































































































































жүктеу 425 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау