28
жасалуы мүмкін. Мәліметтердің логикалық моделі әмбебап болып табылады
және нақты жүзеге асып тұрған мәліметтер қорын басқару жүйесімен (МҚБЖ)
байланыспайды. Мәліметтердің логикалық моделі оны тіркеуге жататын
фактілер мен объектілерді сипаттайды. Мәндер арасында байланыс
орнатылады, атрибуттар анықталады және мәліметтерді қалпына келтіру
жүргізіледі.
Мәліметтер қорының логикалық жобалауы AllFusion Erwin Data Modeler
(Erwin) құралының CASE көмегімен жасалып, «Entity-Relationship» моделі
құрылады. Бұл сызба жоба үлгісін береді және әсіресе пайдаланушылар
арасында ой алмасу үшін пайдалы.AllFusion Erwin Data Modeler (ERwin)
қорды қолдау және құру, мәліметтерді сақтау үшін мәліметтер қорын
модельдеуге арналған жетекші шешім болып табылады. ERwin моделі
мәліметтерді басқаруды және ұйымдастыруды жеңілдету үшін, мәліметтердің
өзара күрделі байланысын ықшамдау үшін деректердің құрылымын визуалды
қалыптастырады, сонымен қатар мәліметтер қорын құру технологиясы және
өрістеу ортасы. Оның арқасында деректер қорын жасау үрдісін жылдамдатады
және ықшамдайды, ал оның сапасы мен сенімділігі айтарлықтай жақсарады.
Логикалық модель – ER-диаграмма негізінде реаляциялық жүйелердің
мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры
кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау үшін арналған. ER-
диаграмманы тұрғызу үшін заттық аумақтың объектілерін, атрибуттық
құрамын анықтау керек. ЖШС «Базис» компаниясының кадрлар бөліміне
арналған бағдарлама мәліметтер қорының логикалық моделі ERwin ортасында
жасалып араларына байланыстар жүргізеді, ол 4-суретте көрсетілген.
4 сурет
– All fusion ERWin Data Modeler бағдарламасының мәліметтер қор
логикалық моделі
29
3 Қолданбалы бөлім
3.1 Бағдарламамен қамтамасыздандыру сипаттамасы
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын
және программалық жасақтың жұмысын басқару үшін қажет. Ол компьютер
мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық
жүйе – бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық
құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат жасай алады, орындалатын
басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын біледі.
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштарды
және қолднабалы бағдарламалар арасында үйлестіруші қызметін атқарады.
Ол адамның бағдарламаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді
оларға беруге және олардан алуға, бағдарлама жұмысын басқаруға,
компьютердің және оған қосылған құрылғылардың баптауларын өзгертуге,
ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді.
XP операциялық жүйесі екі нұсқадан тұрады:
1. Windows XP HomeEDITION;
2. Windows XP Professional.
Бұл операциялық жүйенің принциптері:
- сәйкестілігі (Compatibility);
Windows-тың қарапайым операциялық жүйесі, NTFS5, NTFS4, FAT166
FAT 32 жүйелік файлдарын қамтамасыз ететін кейбір қосындылары бар.
MSDOS, W9x, NT4 жазылған көптеген қосындыларды, сонымен қатар кейбір
OS/2 және POSIX бағдарламаларын еш қиындықсыз ашады.
- сенімділігі (Reliability);
Операциялық
жүйенің архитектурасы қосымшаларды әр түрлі
зақымдаулардан сақтайды.
- жергіліктілігі (Localization);
Операциялық жүйе басқа мемлекеттерде әр түрлі тілде жұмыс істеу
мүмкіндігін береді.
WINDOWS ХР жүйесінің негізгі функциялары:
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS ортасының негізгі
ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйeci, файлдық жүйесі, енгізу-шығару
кұрылғыларымен жұмыс істейтін дpaйвepлepi, т.б. жүйeлepi бар. Ол жұмыс
кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- файлдық жүйемен жұмыс істеуін;
- колданбалы бағдарламаларды icкe қосуын;
- бұған қоса WINDOWS жүйесін;
- бip уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін;
- әpтүpлi бағдарламалар арасында мәлiмeттep алмасуын;
30
- бірыңғай анықтамалар жүйе жұмысын қамтамасыз ете алуын.
Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды
толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын
файлдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-
өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіге
сақталып қалып, бipaқ орын алып тұрады.
Бағдарламалық жабдықтар интepфeйciндeгi нeгiзгi элемент оның
анықтамалар жүйесі болып саналады. Әpбip адамға қажетті ақпарат толық
түрде болуы тиіс. Бiз Windows ортасының бip артықшылығы peтiндe оның
анықтамалар жүйесінің барлық қолданбалы бағдарламалар үшiн бірдей eтiп
құрастырылған.
3.2 Delphi бағдарламалау тіліне сипаттама
Қазіргі таңда қолданушылар аясында кең тараған, әрі атақты объектілі
бағытталған жүйесі – Delphi. Оның негізін Delphi тілі құрайды (бұрыңғы
Object Pascal). Delphi визуалды бағдарламалар технологиясының негізінде
әртүрлі деңгейдегі күрделі қосымшаларды жылдам құрауға көмектеседі.
Delphi – объектілі бағытталған визуалды бағдарламасы. Delphi
қосымшасы интерактивті жүйе болып табылады. Қолданушылар мен
бағдарламаның арасында оқиғаны басқару тәсілі қолданылады. Объектілі
бағытталған бағдарламаның негізі - объект болып табылады. Объектілі
бағытталған бағдарламаның құрамдас бөлігі және онымен жұмыс істеу тәсілі
ретінде қарастыруға болады. Объектілі бағытталған бағдарламасы -
объектілердің құрамы және олардың өзара байланысы болып саналады.
Объектілер арасындағы ақпараттың алмасуы хабарлама арқылы іске асады.
Хабарлама оқиғаның тууына себепші болады. Оқиғаларды басқару
бағдарламасы профессионалды қолданушыға міндетті.
Оқиға – сыртқы ортаға жауап. Оқиғаларды басқару бағдарламасының
мәні – қосымшалар әрекетін қажет етуін тексеру. Windows операциялық
жүйесінің барысында әртүрлі оқиғалар туындайды, алайда тек кейбір
қосымшалар ғана жауапты қажет етеді. Delphi ортасы қосымшалардың
тәсілдері мен оқиғаларды байланыстырады. Delphi ортасы операциялық
жүйеде жүріп жататын қосымшалардың тәсілдері мен оқиғаларды
байланыстырады. Delphi бағдарламасында қолданылатын бағдарлау тілі ең
соңғы деңгейінде Windows -тың ішкі функцияларымен тығыз әрекет етеді. Бұл
байланыс Delphi компоненттерінде, объектілерінде және тәсілдерінде
жасырын түрде болады. Визуалды бағдарлама жүйесінің көмегімен Windows
қосымшасының пайда болуын жеңілдетуге болады. Жүйеде орындалатын
барлық оқиғалар жайында Windows қосымшалар тәсілі арқылы хабарламалар
және оқиғаның түр сипатына қарай хабарламаны жібереді. Windows
қосымшасына арналған бағдарлама хабарламаларды жіберіп, қабылдайтын
объектілердің құрамы [5].
Достарыңызбен бөлісу: |