Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 2,52 Mb.
Pdf просмотр
бет39/81
Дата10.10.2023
өлшемі2,52 Mb.
#43732
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
СН РК 1.03-00-2022

К-ҚОСЫМШАСЫ 
(міндетті) 
Құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде құрылыс салушы 
ұсынатын құжаттардың тізбесі 
1)
 
Құрылыс салушы дайындайтын құжаттама 
Жерге меншік, өмір бойы мұраға қалдырылған иелену, жерді мерзімсіз (тұрақты) 
пайдалану құқығына арналған акт. 
Мемлекеттік органдардың құрылысқа жер учаскесін бөлу туралы қорытындыларын 
және осы учаскені радиациялық бақылау хаттамасын қоса бере отырып, бекітілген жоба 
(жұмыс жобасы). 
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар ету. 
Рұқсат беру құжаттамасы. 
Жер учаскесінің шекараларын нақты жерге шығару актісі және ғимараттың 
(құрылыстың) негізгі осьтерін нақты жерге шығару схемасы. 
Аумақтық немесе басқа пайдалану ұйымдарының суық және ыстық сумен 
жабдықтаудың, су бұрудың, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, Электрмен 
жабдықтаудың және байланыстың сыртқы коммуникациялары объектінің қалыпты 
пайдаланылуын қамтамасыз етеді және олар объектіні қызмет көрсетуге қабылдады деген 
анықтамалары. 
Орнатылған жабдықтың паспорты. 
Жабдықты кешенді сынау туралы актілер. 
Мұндай рұқсаттар беру осы органдар туралы ережелерде көзделген жағдайларда, 
тиісті мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы объектілер мен жабдықтарды 
пайдалануға арнайы рұқсаттар. 
Тіркеуші органның объектіні пайдалану көрсеткіштері туралы анықтамасы немесе 
оның техникалық паспорты (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 
жағдайда). 
2)
 
Орындаушы (мердігер) құрылыс салушыға (тапсырыс берушіге) 
ұсынатын құжаттама 
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қатысқан ұйымдардың тізбесі, олар 
орындайтын жұмыстардың түрлері, оларды орындауға жауапты инженер-техникалық 
қызметкерлердің тегі және тиісті лицензиялардың болуы туралы деректер көрсетіледі. 
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар жасаған, орындалған 
жұмыстардың осы сызбаларға сәйкестігі, сондай-ақ оларға белгіленген тәртіппен енгізілген 
өзгерістер туралы жазулары бар қабылдауға ұсынылған объектінің құрылысына арналған 
жұмыс сызбаларының жиынтығы. Жұмыс сызбаларының көрсетілген жиынтығы атқарушы 
құжат болып табылады. 
Тиісті ғимараттарға, құрылыстарға, конструкцияларға және жұмыс түрлеріне, сондай-
ақ мердігерлік шартының талаптарына нормативтік құжаттардың талаптары негізінде 
белгіленген құрамдағы атқарушылық геодезиялық құжаттама. 
Сертификаттар (оның ішінде өрт және гигиеналық), техникалық паспорттар, сынақ, 
оның ішінде радиациялық қауіпсіздік туралы хаттамалар немесе жұмыстарды жүргізу 
кезінде қолданылған материалдар, конструкциялар мен бұйымдар сапасының, 
қауіпсіздігінің, қасиеттерінің жобалау құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін 
куәландыратын басқа да құжаттар. 
СТ - КZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданылатын сертификаттар және 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
69 
индустриялық сертификаттар. 
Жасырын жұмыстарды куәландыру актілері және жобалау құжаттамасында, сондай-ақ 
мердігерлік шартында (шарттарында) белгіленген тізбеге сәйкес жекелеген жауапты 
конструкциялар мен тораптарды (көпірлердің, аркалардың, күмбездердің, тіреу 
қабырғаларының, көтергіш металл және құрама темірбетон конструкцияларының тіректері 
мен аралық құрылыстары және т.б.) аралық қабылдау актілері. 
Монтаждалған жабдықты жеке сынау актілері. 
Технологиялық құбырларды, суық және ыстық сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін, 
кәрізді, газбен жабдықтауды, жылытуды және желдетуді, сумен жабдықтаудың сыртқы 
желілері мен құрылыстарын, кәрізді, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, сорғыту 
құрылғыларын сынау, сондай-ақ дәнекерленген қосылыстарды сынау актілері. 
Жобаға сәйкес ғимараттардың сыртқы қабырғаларының жер асты бөлігі арқылы 
өтетін жерлерде инженерлік коммуникациялардың кірмелері мен шығаруларын 
тығыздауды (герметизациялауды) орындау туралы Акт. 
Ішкі және сыртқы электр қондырғылары мен электр желілерін сынау актілері. 
Телефондандыру, радиофикация, теледидар, сигнализация және автоматтандыру 
құрылғыларын сынау актілері. 
Жарылыс, өрт қауіпсіздігін, найзағайдан қорғауды қамтамасыз ететін құрылғыларды 
және өрттен қорғау жүйелерін қабылдау актілері. 
Басқа арнайы жүйелер мен жабдықтарды қабылдау актілері. 
Жұмыстарды жүргізу және авторлық қадағалау журналдары. 
Құрылыс процесінде мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдары жүргізген 
тексеру материалдары. 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
70 

жүктеу 2,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау