ҚР ҚН 3.02-16-2014
3
3.8
Обсерватория: Астрономиялық,
геофизикалық
және
метеорологиялық
зерттеулер жүргізуге арналған арнаулы мекеме (үй-жай).
3.9 Ойын бөлмесі: Үстел үстінде ойналатын ойындарға арналған бөлме.
3.10 Оқудан тыс қызмет: Жалпы білім беру мектептерінде оқитын оқушылардың
оқудан тыс уақыттағы бүкіл қызметі сыныптан тыс және мектептен тыс болып бөлінеді.
3.11 Пандус: Ішкі, сондай-ақ ғимараттан тыс тік хабарлама үшін еңіс жазықтық.
3.12 Сыныптан тыс қызмет: Оқушылардың мектеп ғимаратының қабырғасында,
сабақтан тыс уақытта жүзеге асыратын қызметі.
3.13 Үй-жайлардың функционалдық-жоспарлау тобы (блок): Клуб-үйірме
жұмысының саласын анықтауға арналған үй-жайлар тобы.
3.14 Функционалдық-жоспарлау бірлігі: Қызметтің бір бағытына арналған үй-
жайлар.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптардың мақсаты – балалардың және жасөспірімдердің жаппай
демалу мекемелерін жобалау мен салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, демалу,
сауығу, тұру (келу), тамақтану, жұмыс істеу үшін жағдай жасау, өрт, санитарлық-
гигиеналық, эргономикалық талаптарды, қоршаған ортаны қорғау, энергия тұтынуды
азайту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шараларды сақтай отырып,
балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына залал келтірудің ықтимал қолайсыз
тәуекелдігіне жол бермей, конструкциялардың сенімділігі мен орнықтылығын ескере
отырып, медициналық және әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ғимараты
ғимараттың конструкциясы мен бөлшектерінің олардың белгіленген қызмет ету
мерзімінің бойында берілген сапаны сақтайтындай жобалануы тиіс.
4.2.2 Негізгі және көтергіш конструкциялар үстемелер мен әсер етулерді, оның
ішінде климаттық, геологиялық, сондай-ақ ғимараттың ішкі ортасының ерекшеліктерін
ескере отырып, болжамдық әсерлер тіркесіміне төзімді болуы тиіс.
4.2.3 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдарды өрттің шығу кезінде қауіпсіз жерге дер кезінде
және кедергісіз көшіру, құрылыс конструкцияларын өрттен қорғау мен өрттің таралуын
болдырмау бойынша шаралар кешенін қарастыруы тиіс.
4.2.4 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау және
олардың құрылысы кезінде өрт ошағын ерте анықтау, адамдарға хабарлау және өртті аса
қысқа мерзім ішінде жою жөніндегі шаралар ескерілуі тиіс.
4.2.5 Мекемелердің көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдері оның
бағытына, қажетті құрамы мен жекелеген үй-жайлар параметрлеріне сәйкес келуі тиіс
ҚР ҚН 3.02-16-2014
4
және балалардың, жасөспірімдер мен қызметкерлердің келуі немесе басқа да қызметтер
үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар қарастыруға тиіс.
4.2.6 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ғимаратын
жобалау кезінде үй-жайлар микроклиматын (температурасын, жол берілген шу деңгейін,
ылғалдылығын, үй-жайлардағы ауаның қозғалу жылдамдығын, жарықтандырылуы мен
инсоляциясын) қамтамасыз ету және ғимараттың мақсатына сәйкес арнайы үй-жайлар мен
қондырғылардың болуы жөніндегі кешенді шаралар ескерілуге тиіс.
4.2.7 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау, салу
және пайдалану кезінде табиғи ландшафты барынша сақтау арқылы әуе және су
бассейнінің ластануын болдырмайтын адамдар өмірінің санитарлық-гигиеналық
жағдайларына жауап беретін экологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету қажет.
4.2.8 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ғимараты
мен іргелес аумағын халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере
отырып жобалау қажет.
4.2.9 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін салу және
пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау, энергия тұтынуды азайту және табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс.
5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін «Ғимараттар
мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу
және оларға білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар», «Санаторийлік және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің және жобалауға, құрылыс пен
пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық
құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.1.2 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелері мынадай
түрлерге бөлінеді:
а) оқушылар сарайы (балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйлері,
орталықтары мен кешендері және т. б.);
б) жас табиғат зерттеушілер станциясы (балалар экологиялық орталықтары,
биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар);
в) жас
техниктер
станциясы
(балалар
және
жасөспірімдер
техникалық
шығармашылығының орталықтары мен мектептері);
г) жас саяхатшылар станциясы (балалар және жасөспірімдер туризмі орталықтары);
д) балалар аула және балалардың әскери-патриоттық клубы (басқа да клубтық бос
уақыттық ұйымдар);
е) балалар көркемөнер мектептері (балалар музыка, көркемөнер, балалар көркемөнер
және басқа да көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептер);