Стратегиялық менеджмент пәні бойынша дәріс конспектісі



жүктеу 0,84 Mb.
бет4/4
Дата05.02.2018
өлшемі0,84 Mb.
#8633
түріКонспект
1   2   3   4


Мак-Кинси матрицасы

«Дженерал Электрик» және «Мак-кинси» консалтингтік компанияның қосылу нәтижесінде GEMACPM атағын алған бәсекелі ұстанымдар мен нарықтық жұмылдырулардың үлгісі пайда болады. Ол БКТ матрицасының баламалы нұсқасы болып келеді.

БКТ матрицасына қарағанда, бұл портфельдік әдіс қолданылады: технологиялар мен салалардың өмір циклінің барлық фазаларында, бәсекелері түрлі талаптарында тұрақсыз қоршаған ортада.



МсКіпsеу үлгісі фирманың нарықтағы тартымдылығын және бизнес-бірліктерінің бәсекелестерін 3Ч3 формадағы матрицаның әрбір үш деңгейін (төмен, орта, жоғары) айқындау арқылы бегілейді.

Фирманың СББ ұстанымдарының бәсекелестері және нарықтық тартымдылығының потенциалын бағалау нақты фирмамен саланың барлық факторын ескеріп тұрады.



Эксперттік әдістер арқылы жүргізілетін ұзақ мерзімді көрсеткіштерді сандық бағалау кезінде көрсеткіштердің маңыздылық дәрежесі жүргізіледі. Осыдан, бәсекелі ұстанымдар мен критерийлердің артықшылығына сонымен қатар маңызды коэффициенттерінің болатынын есте сақтау керек.

Көпөлшемді матрица


«Тартымдылық»- бәсекеқабілеттік» матрицаның таңдауы әрбір бизнес үшін фирманың диверсификациясының мүмкіндіктері туралы даму стратегиялары инвестициондық басылымдағының дұрыс өлшенген шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұндағы стратегиялық таңдау ұзақ мерзімді жоспарлаудың көрсеткіші болып табылатын инвестициялардың қайта келуін бағалауына негізделеді.

Қабылданатын стратегиялық шешімдерге жататын матрицаның 3 облысын көрсетуге болады:

1. Басу стратегиясы фирма бизнесінің инвестициялау мен өсудің неғұрлым ұстанымды болып табылатын тек сол сомалары, егер нарықтағы ұзақ мерзімді кезеңдеріндегі оң ұстанымдары бар болатын болса.

2. Қорғану стратегиясы матрицасының диагоналі бойынша орналасқан СББ үшін қолайлы болады. Өзінің позицияларын бизнес-бірліктері арқылы қорғау және сақтау үшін тұрақты реинвестициялауға бағытталуға болады;

3. Кету стратегиясы максималды болатын пайданы алумен байланысты, одан кейін олардан тез кету қажет. Перспективті емес нарықтарды ыңғайсыз бәсекелес ұстанымдары бар СББ-ге қысқартылу қажет екені айтылады.

Портфельдік әдістерді қорытындылауда бұл әдіс ең жақсы болып келеді. Олар фирманың бизнес-бірліктерінің даму бағыттары туралы стратегияның жағдайын көрсетеді. Олар арасында ресурстарды бөлісу инвестицияларды жүзеге асыру үшін маңызды. Портфельдік талдау менеджерлерге өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтары туралы ақпарат береді. Сонымен қатар оларды тәжірибелік міндеттерді шешу құралы деп санауға болады.

Әрбір матрицаның кемшіліктері мен құндылықтары болады, олар бір-бірін толықтырып тұрады, сонымен қатар шешілетін стратегияларды басқару сапасын жоғарлатады.
Бақылау сұрақтары:

1. Стратегияны таңдау үшін қандай маңызды факторлар орындалады?

2. Өнім немесе нарықтың түрлі үлестеріне негізделген стратегияны таңдау тәуекелі немен байланысты?

3. Бәсекелі артықшылығының мәні неде?

4. Ішкі және сыртқы бәсекелі артықшылық арасындағы айырмашылығы қандай?

5. Масштаб пен тәжірибе әсерлері арасындағы айырмашылық неде және оларды не байланыстырады?

6. Іскерлік стратегияны қалыптастыруда қандай талаптар қолданылады?

7. Бес бәсекелескүштерден қорғайтын шығындар бойынша жетекшілік стратегия қалай қалыптасады?

8. Шығындар бойынша жетекшілік стратегияның тәуекелі немен байланысты?

9. Дифференционды стратегияның мәні неде?

10. Дифференционды стратегияда қандай негізгі әдістер қолданылады?

11. Негіз қалаушы нақты стратегия дегеніміз не?

12. Фирманың шаруашылық портфелі деген не және стратегияны таңдағанда портфельдік әдістің негізгі мақсаты қандай?

13. БКТ және МсКідеу портфельдік үлгілер арасындағы айырмашылық неде?


Әдебиет:

1.Ансофф И. Новая корпоративная стратегия / Пер. с англ. — СПб.: «Питер», 1999г.

2.Виханский О. С. Стратегический менеджмент: Учебник. — М.: «ГАРДАРИКИ», 2000г.

7 Тақырып. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру: ұйымдық потенциалды таңдап алынған стратегиямен сәйкестендіру
Дәріс мақсаты:

«Стратегиялық терезелердің» пайда болу себептерімен және нарық

жағдайының өзгеруіне ұйымның реакциясы мен танысу стратегиялық

жоспарды атқарылуын бақылау мен жүзеге асырылуына әсер ететін басқарушылық құралдарды қарастыру.


Жоспар:

1. Ұйымдағы өзгерістер.

2. Ұйымдағы ішкі өзгерістердің реттілігі.
1. Макроортадағы маңызды өзгерістер болып бөлінеді: технологиялық, экономикалық, саясаттық және бәсекелі, сонымен қатар тұтыну саласындағы өзгерістер.

Сыртқы өзгерістерді пайда болу жиілігіне және өзгеру қарқынына қарай үздіксіз және күтілетін деп сыныптауға болады.



Ортаның үздіксіз эволюциялық өзгерісі болжанатын, үнемі болып тұратын процесс. Фирма бұндай өзгерістерге жедел бейімделуі мүмкін. Мысалы, еңбекақы жоғары төленетін елден төмен жұмыс күші еліне еңбектік өзгерісінің ауысуы, демографиялық өзгерістер. Бұндай өзгерістер кезінде жаңа мүмкіндіктерді қолдан шығармау үшін уақыт бар.

Ортаның күтпеген радикалды өзгерісі қазіргі кездегі шаруашылығына дискретті, кез келген уақытта күтілмеген қорытындыларымен сипатталады. Тұрақты болып қалыптасатын жүйені жоспарлау және басқаруы бұндай өзгерістерге уақытында бейімделе алмайды.

Күтілмеген сыртқы өзгерістер нарықта «Стратегиялық терезелердің» пайда болуына әкеледі. Бұндай жағдайда нарықтық әкімшіліктердің қызметі осы «Терезелерді» жабуға бағытталған. Ал бәсекелестер бұл кезде осы ашылған «Терезелер» арқылы нарыққа енуін көздейді. Жаңа бәсекелестердің мақсаты – пайда болған мүмкіндікті қолдану болып табылады.

«Стратегиялық терезелердің» пайда болуының себебі кестеде көрсетілген.

«Стратегиялық терезелердің» пайда болу себебі.



«терезенің» пайда болуының алғы шарттары

Өзгерістердің сипаттамасы

«терезені» қолданып тұру мысалы

Жаңа технологиялар

Жаңа технологиялардың пайда болуы ескерілген техникалық базасында жетекшілік фирмалармен шығарылатын тауарлардың жедел құнсыздануына әкеледі.

Ever Ready компаниясы батарейкалардың өндірісі бойынша жетекшілік сипатта болады, бірақ жаңа технологияларды қолданған Duracell фирмасы оны нарықтан шығарып, жетекші фирма деп танылды.

Жаңа сегменттер

Нарықтың жаңа сегментіне «терезелерді» құрайды, егер негізгі бәсекелестер олардың бейімділігін дұрыс бағаламаса.

1960 жылдардың соңында Honda компаиясы транспорттық қаражаттардың нарықтағы жаңа сегменттерін бағалап басып алады. Бұл фирма үшін салада жетекшілік ұстанымға ие болуға мүмкіндік берді.

Бөлісудің жаңа каналдары

«Стратегиялық терезелер» нарықтың даму негізінде және жаңа каналдардың бөлісуіне байланысты ашылады.

Pioneer компаниясы жоғары сапалы аудиоаппаратура өндірісі облысында жетекшіліктен айырылды, өйткені ол тауарды универмагтар арқылы сатудың артықшылығын түсінбеді. Нәтижесінде Panasonic және Sony жаңадан пайда болған компаниялар бұндай сатудың артықшылығын түсініп, жетекшілікке ие болды.

Нарықтың бағдарлануы

Нарықтың дамуынан сұраныстарда өзгереді, ал ол қызмет ететін жүйелердің тауарларды сатып алудан дамиды.

Ең басында банкоматтар нарығында Dokutel компаниясы жетекшілікте болды. Содан кейін сұраныс төлемдерді басқаруы жүйесіне көшті. Бұл жағдайды IBM және Burroughs компьютерлік компаниялар қолданып, сәйкес жабдықтарды ұсынды. Нәтижесінде Dokutel компаниясы нарықтан кетті.

Заңнамалардағы жаңалық

Жаңа заңдар, нормативтік актілер, кеден ережелері, жекешелендіру туралы шешімдер және халықтық қатынастар.

Телекоммуникация құралдары облысындағы мемлекеттік моноплиялардың жабылуы Ericsson, Notthern Telecom және Alcatel компаниялар арасындағы бәсекелес күрестердің пайда болуына әкеледі. Олар тұтыну нарығына бағытталған болатын.

Сыртқы әсерлер

Тарифтердің, тауарлар бағаларының, валюта курстарының, банктік пайыздық ставкалардың күтпеген өзгерістері; күтпеген саясаттық және халықтық оқиғалар.

1992 ж. АҚШ долларының девольвациясы және элитикалық автомобильдерге салық енгізілуі американдық фирмалардың ішкі нарықта өз ұстанымдарын күшейтуге әкелді, ол европалық экспорттық лимузиндерге өте үлкен залал әкелді. Ресейдегі дефаст – 1998 жыл тамыз.

Егер фирма белгілі бір себепке байланысты «стратегиялық терезелердің» пайда болуына көңіл аудара алмаса, онда сыртқы өзгерістер әсерінен пайда болатын залалдар күрделі мәселелерді туғызады.

Стратегиялық менеджменттің міндеті болып уақытында өзгерістерді байқау шығындарды минимализациялау және де фирма үшін залалды оң мүмкіндігіне ауыстыра алатын іс-әрекеттердің стратегиясын құру табылады.

Әрбір фирманың қазіргі жағдайдағы табыстың негізі сыртқы өзгерістеріне үнемі бейімделуімен анықталады. Ұйым өзгерістерінің мақсаты, оң біріншіден, бәсекеқабілеттілікті жоғарлатуымен байланысты, сонымен қатар экономикалық және технологиялық инфрақұрылымының барлық аясындағы бағытталған өзгерістер әсерінен белгісіздіктен өту болып табылады.

Қазіргі кездегі жағдайларда ұйым өзгерістерін өткізу менеджменттің мәні болып табылады, нақтырақ айтқанда ол стратегиялық менеджменттің мәні.
Бақылау сұрақтары:

1. «Стратегиялық терезелердің» пайда болу мәні неде?

2. Ұйым өзгерістерінің мақсаты неде?

3. Таңдап алынған стратегияға сәйкес ұйымның ішкі элементтерінің қайсысын атауға болады?


Әдебиет:

1.Ансофф И. Новая корпоративная стратегия / Пер. с англ. — СПб.: «Питер», 1999г.

2.Виханский О. С. Стратегический менеджмент: Учебник. — М.: «ГАРДАРИКИ», 2000г.

8 Тақырып. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру: нақты уақыт кезеңіндегі басқару

1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуын басқару

2. Стратегиялық мақсаттарға жетуді бақылау
1. Көптеген фирмалар радикалды өзгерістерді іздемейді, өйткені ол-фирманың саясаттың жүргізілуін білдіреді. Бірақ, жай өмір сүру мен фирманың пайдалы қызметі арасында үлкен айырмашылық бар және болашақта оның өмір сүрунің кепілі жоқ болады.

Сонымен қатар, «ұсақ өзгерістерді» жұмыс әдістерінде, операцияларында, кадрлық сұақтарда, т.б жүргізудің маңызы зор. Бұндай өзгерістер фирма үшін мәнсіз болып келеді, бірақ олар кейбір нақты адамдар үшін маңызды болады. Менеджмент – бұл басқа адамдардың білімін, еңбегін қолдану арқылы қойылған мақсаттарға жету қабілеттілігі болғандықтан, осы өзгерістердің ықтимал реакцияларын қарастыру қажет.

Ұйым өзгерістерінің мақсаты болып фирма мүмкіндіктері мен стратегиялар арасындағы мәселелерді шешу табылады.

Бұл мәселені Mckinsey «7S» үлгісі жүйесін қолдану арқылы қарастырайық. Үлгінің негізгі идеясы ұйымның тиімді қалыптастырылуы үшін жеті өзара байланысқан ішкі элементтер базасын қарастыруға бағытталған (стратегия, қабілет пен ресурстар, мәдениет, құрылым, жүйе, персонал, стиль), әрбіреуінің өзгеруі басқарулардың өзгеруіне әкеледі.



Құрылым

McKinsey «7S» үлгісі.

Бұл үлгі арқылы келесі сұрақтарға жауап беруге болады:



  • қандай тәжірибе мен ресурстар қажет;

  • қандай ұйымның жүйесі мен құрылымы қажет;

  • стратегияны жүзеге асыру үшін тиімділікті қамтамасыз ететін қандай басқару стилі және қандай кадрлар қажет;

  • қандай ұйым мәдениеті таңдап алынған стратегияға сәйкес келеді?

2. Стратегиялық жоспарды орындау мақсатында оның жүзеге асырылуына бақылау жасай алатын программалардың кешені құрастырылды. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар мен міндеттер бойынша стратегиялық жоспар тактикалық жоспармен, тәртіптер мен ережелермен толтырылады.



Тактикалық жоспар – ұйым пайдалылығына және нарықты игеруіне бағытталған әрекеттердің ағымдағы жоспары.

Тактикалық жоспарға тән белгілер:



  • стратегиялық жоспар жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады;

  • тактикалық қорытындылар өте тез дамиды және олар стратегияны жүзеге асыру үшін қолданылады;

  • тактикалық жоспарды ортабуынды басқарушылар әзірлейді.

Тактикалық жоспардың дамуы тәртіптер мен ережелерді жоспарлайды.

Тәртіптер келесілермен анықталады:


  • шаруашылық бөлімшелер бойынша негізгі өндірістік процестерді атқару кезінде қызметтердің орындалуымен;

  • қосалқы қызмет көрсетулердің көлемі және олардың орындау мерзімімен;

  • нақты орындаушыларымен;

  • бақылау орындарымен, яғни олар арқылы негізгі өндірісінде қабылданға шығыс туралы ақпарат алуға болады.

Тәртіптер тактикалық жоспарды нақты мерзімдерімен анықтайды: квартал, ай, тәулік. Ережелер әрбір жағдайдане орындау керектігін анықтайды, яғни, процестер бойынша анықтауға тиіс стандарттар мен шектеулер, қабылданған режим параметрлерінен ауытқу жағдайындағы өндірістік іс-әрекеттер, алдын ала болжамдар, т.б.

Стратегиялық жоспардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін көптеген басқару құралдарының ішінен көбінесе екеуі қолданылады: мақсаттар бойынша басқару; бюджетті құрастыру.



Бюджеттерді дайындау – түрлі деңгейдегі жоспарлар арасындағы сәйкестікті және ресурстардың бөлісуін қамтамасыз етеді. Бюджеттердің артықшылығы тек қана ресурстардың қандай және қайсы деген сұрақтарына жауап бермей, сонымен қатар ол бюджеттің толтыруының қайнар көздерін көрсетеді. Бюджеттердің нақты мәні ресурстар мен мақсаттарды сандық бағалау болып саналады. Көбінесе бюджеттер құндылық өлшемдерімен дайындалады және бағаланады, бірақ мерзімдік, еңбектік және табиғи көрсеткіштер кейде қолданылуы мүмкін. Бюджетті дайындау басқарушылық пен зерттелетін және өзгертілетін жоспарлық мерзімге сметалардың алдын ала есебін беретінімен басталады. Осы кезеңде ресурстарды бөлу мен оның қаржыландыру көздері анықталады. Ең соңғы кезеңде қорытынды бюджет дайындалады және басшылық талаптары негізінде ресурстар мен олардың қайнар көздерінің есебі жүргізіледі.

Мақсаттар бойынша басқарудың мәні басқарушының әрқайсысына жоғары деңгейіне дейін нақты мақсаттар қойылатынымен сипатталады. Олар жоғарыдан төмен қарай және әрбір басқарушының мақсаттары бастық мақсатының жетуіне қарай бағытталуы тиіс. Мақсаттарға жету үшін әрекеттер жоспарын құру қажет. Ол кімнің, қайда, қашан және қандай көлемде мақсатқа жету үшін нақты жұмыстардың орындалуын белгілейді. Әрекеттердің жоспары барлық тапсырмалардың орындалуына бағытталған және де ол пайда болған мәселелер мен залалдарды уақытында жоюға бағытталған. Бұл жүйе жұмыс үшін міндетті теріс байланысы бар нақты коммуникациялар және барлық деңгейлерді басқаратын тұрақты бақылаулар болу қажет.

Бақылау – ұйым басшылығы шешімдердің дұрыстылығын және оларды толтыру керектігінін анықтайтын процесс. Бақылау ұйымның өзінің мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді. Осы бақылау тәртібі негізінде орындалатын жоспар 3 кезеңге бөлінеді: стандарттар критерийлерді анықтау, соларға салыстырылған нақты қорытындыларды анықтау және толықтырылатын әрекеттердің шешімін қабылдау. Стандарттар - жоспарлау процесінен туындайтын нақты мақсаттар. Стандарт негізінде қабылданатын мақсаттар 2 ерекшелікпен ерекшелінеді: мерзімді шектеулермен; нақты критерийлермен. Жоғары буынының басшылары мүмкін болатын ауытқулардың масштабын бекітеді. Соңғы кезеңдегі таңдап алынатын әрекеттердің сызығы:

  • мақсаттар орындалған болса, ештеңе жасамау;

  • басшылықпен қарастырылған ауытқуларды түзету әрекеттері көмегімен орындау;

  • стандарттарды қайта қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа стратегияға сәйкес ұйым құрылымы үшін не істеу қажет?

2. Сыртқы ортамен өзарабайланысқан сипатта ұйым құрылымы қалай анықталады?

3. Соңғы уақытта сыртқы ортаның өзгеру салдары неде?

4. Ұйымның стратегиялық жоспарының орындалуын бақылау деген не?


Әдебиет:

1.Ансофф И. Новая корпоративная стратегия / Пер. с англ. — СПб.: «Питер», 1999г.

2.Виханский О. С. Стратегический менеджмент: Учебник. — М.: «ГАРДАРИКИ», 2000г.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Шифрин М. Б. Стратегический менеджмент: Учебно-методиче­ское комплексное пособие. — СПб.: Изд. МБИ, 2007.

  2. Ансофф И. Новая корпоративная стратегия / Пер. с англ. — СПб.: «Питер», 1999.

  3. Виханский О. С. Стратегический менеджмент: Учебник. — М.: «ГАРДАРИКИ», 2000.

Қосымша:


  1. Дойль П. Менеджмент: стратегия и тактика/ Пер. с англ. — СПб.: «Питер», 1999.

  2. Забелин П. В., Моисеева Н.К. Основы стратегического управле­ния. 2-е изд. - М., 1998.

  3. Боумен К. Основы стратегического менеджмента: пер. с англ. — М.: «ЮНИТИ», 1997.

  4. ВайсманА. Стратегия маркетинга: десять шагов к успеху. Стра­тегия менеджмента: пять факторов успеха / Пер с нем. — М.: «Экономика», 1995.

  5. Азоев Г. Л. Конкуренция: анализ, стратегия и практика. — М.: Центр экономики и маркетинга, 1996.

  6. Азоев Г. //., Челенков А. П. Конкурентные преимущества фирмы. — М.: «Типография «НОВОСТИ», 2000.

  7. Кинг У., КлиландД. Стратегическое планирование и хозяйствен ная политика / Пер. с англ. — М.: «Прогресс», 1982.

  8. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент / Пер. с англ. — СПб.: «Пи тер», 1999.

  9. Круглов М. И. Стратегическое управление компанией: Учебник. -М., 1998.

  10. Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива/ Пер. с франц. — СПб.: «Наука», 1996.

  11. Муравьев А. И., Игнатьев А. М., Крутик А. Б. Предпринимательство: Учебник. - СПб.: «ЛАНЬ», 2001.

  12. Портер М. Международная конкуренция: конкурентные преимущества / Пер. с англ. — М.: «Международные отношения», 1993.

  13. Пью Д. Понимание организационных изменений и управление ими. Хрестоматия «Управление изменением». — М.: «ЛИНК» 1996.

  14. Стратегическое планирование / Под ред. Э.А.Уткина. — М «ТАНДЕМ», 1998.

  15. Томсон А. А., Стрикленд А. Дж. Стратегический менеджмент. Искусство разработки и реализации стратегии: Учебник / Пер. англ. - М.: «ЮНИТИ», 1998.

  16. Фатхудинов Р. А. Стратегический менеджмент: Учебник. — М.: «Дело», 2001.



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау