Стратегия каз indd



жүктеу 474,72 Kb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата08.03.2018
өлшемі474,72 Kb.
#11986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

16

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

•  Қазақстан бойынша өлкетану экспедициялары;

•  мүдделер  бойынша  сабақтар  (спорттық,  көркем,  технологиялық  және 

интеллектуалды);

•  элективті курстар;

•  оқушылардың  өзін-өзі  басқаруы  мен  қоғамдастықтар  («Шаңырақ»  және 

басқалары);

•  драмалық және театр көрсетілімдері;

•  интеллектуалды және іскер ойындар;

•  желілік іс-шаралар және басқалары.

Коммуникативтік  және  зерттеу  дағдылары,  жобалау  қызметінің,  командалық 

жұмыс пен көшбасшылық дағдылары қалыптасатын болады.

Мәдениаралық коммуникация, жаһандық ойлау мен төзімділік дағдыларына баулу 

үшін мыналар көзделеді:

•  әр  түрлі  елдердің  оқушылары  мен  мұғалімдерінің  алмасуы  үшін  «Әріптес 

мектептер» жобасы; 

•  Зияткерлік мектептер желісінің ішіндегі алмасу бағдарламалары

•  оқушылар 

үшін 

халықаралық 



конференцияларға, 

симпозиумдарға, 

саммиттерге қатысу;

•  басқа елдердің оқушыларымен жобалау және зерттеу қызметі;

•  халықаралық жазғы лагерлерге бару.

Оқушылардың  мансаптық  дамуы  (CareerAdvising)  мақсатында  Зияткерлік 

мектептер:

•  кәсіпорындармен,  жоғары  оқу  орындарымен,  ғылыми  мекемелермен 

ынтымақтасады;

•  әр  түрлі  кәсіптердің  өкілдерімен  және  Зияткерлік  мектептердің  түлектерімен 

кездесулер өткізеді;

•  үздік  отандық  және  халықаралық  жоғары  оқу  орындарының  дерекқорын 

қалыптастырады;

•  елдің  және  әлемнің  университеттері  туралы  ақпарат  алады,  білім  беру 

көрмелеріне қатысады.

Осылайша,  бүгінгі  таңда  Зияткерлік  мектептердің  тәрбие  жүйесінің  тұғырнамасы 

құрылды,  ол  анық  көшбасшыны,  тәуелсіз  оқушыны,  азаматтық  ұстанымы  белсенді, 

өз  елінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  үлес  қосуға  дайын  сенімді  жеке  тұлғаны 

қалыптастырады. 

3.1.6 Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі

Қазіргі  заман  мектептердің  түлектеріне  жоғары  талап  қояды:  жоғары  дәрежедегі 

құзыретке  ие  болу,  өз  бетімен  өмір  сүруге  және  кәсіби  қызметке  шығармашылық 

тұрғыдан дайын болу. Адам көп жағдайда дайын рецепттер көмектеспейтін жағдайларға 

жиі  ұшырайды.  Мектепте  алған  зерттеу  дағдысы  оны  бітірушіге  кез  келген  жағдайда 

табысты болуға көмектеседі.    

Бұл  кезеңде  елдің  білім  беру  жүйесінде  білімді  қолдану  проблемасы  барынша 

өткір  қойылуда.  Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-практикалық  қызметке 

қатысуын  көздейтін  бағыт  барынша  маңызды  болуда.  Нағыз  осы  бағыт  оқушыда 

теоретикалық  білімді  практикалық  тұрғыдан  қолдана  білу  және  қолдану  дағдысын 

қалыптастырады. 

Зияткерлік  мектептер  оқушыларының  ғылыми-зерттеу  қызметінің  мақсаты 

оқушылардың  танымдық  дағдыларын,  олардың  сыни және шығармашылық  ойлауын,  өз 

білімін  өз  бетінше  үйлестіре  білуін  және  ақпараттық  кеңістікте  бағдарлануын  дамыту 

болып табылады. 



17

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

Зияткерлік  мектептердегі  оқу  процесі  зерделетін  проблеманың  мән-жайына 

әбден  түсінуді  қамтамасыз  ететін,  әрбір  оқушының  жеке  қатысуын  және  оның  оқуға 

қызығушылығын арттыратын белсенді оқыту әдістерінен құрылған.

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

•  оқушыда ғылыми шығармашылыққа қызығушылықты қалыптастыру, ғылыми-

зерттеу міндеттерін өз бетінше шешу әдістемесі мен тәсілдеріне оқыту

•  шығармашылық ойлауды және өз бетінше жұмыс істеуді дамыту, оқыған кезде 

алған теоретикалық және практикалық білімді тереңдету және бекіту; 

•  неғұрлым  дарынды  және  талантты  оқушыларды  анықтау,  өзекті  міндеттерді 

шешу үшін олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін пайдалану.

Зияткерлік  мектептерде  зерттеу  қызметінің  дағдыларын  меңгеру  оқушыларда 

базалық  білім  жүйесінің  бар  екендігін  және  зерттеу  жұмысына  тікелей  қатысуды 

болжайды. Бірінші шарт теоретикалық және пратикалық білім жүйесі, оқушылардың өз 

бетімен  жасайтын  жұмысы,  ғылыми  зертханалардағы  практикалық  сабақтары  арқылы 

іске  асырылады.  Екінші  шарт  меншікті  зерттеу  жұмысын  әзірлеу  процесінде  базалық 

білімді іске асырумен қамтамасыз етіледі. 

Мәселен,  Зияткерлік  мектептерде  зерттеу  жұмыстарын  және  кеңейтілген 

зертханаларда биология, химия, физика және математика бойынша3D технологияларды 

пайдаланып  оқу  процесін  неғұрлым  қызықты  ететін  тәжірибелер  өткізуге  мүмкіндік 

беретін барлық қажетті жағдай жасалған.

Зияткерлік  мектептерде  мультитач  экран  мен  компьютерді  біріктіретін,  қазіргі 

заманғы сынып талаптарына жауап беретін интерактивті үстел пайдалану оқушылардың 

оқуы мен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.   

Зияткерлік  мектептер  оқушыларының  ғылыми-зерттеу  және  оқу-тану  қызметін 

ынталандыру,  ғылымға,  техникаға  қызығушылықты  қолдау,  неғұрлым  талантты  және 

дарынды  жас  зерттеушілерді  іріктеу  және  қолдау  мақсатында  олимпиадалар,  элективті 

курстар өткізіледі.

Бұдан  басқа  консультация  үшін  елдің  жоғары  оқу  орындарына  шығатын  топтар 

ұйымдастырылады  және  «Қалай  табысты  жоба  жазуға  болады?»  деген  тақырыпқа 

шеберлік сабақтары өткізіледі. 

Элективті  курстар  кезінде  оқуында  жақсы  көрсеткіштері  мен  ғылыми  әлеуеті 

бар  оқушылар  елдің  жетекші  оқу  орындарында  (Назарбаев  Университеті,  Ұлттық 

биотехнология орталығы, Ядролық физика институты және басқалары) және шет елдерде 

(BigBang  ғылыми  көрмесі,  Суррей  ғарыш  орталығы,  Лондондағы  ғылым  мұражайы, 

Корольдік  қоғамдастығының  Жазғы  ғылыми  көрмесі)  практикалық  сабақтарға, 

зертханалық жұмыстарға және ғылыми дәрістерге қатысады. 

Жыл 


сайын 

Зияткерлік 

мектептерде 

Ұлыбританияның 

Корольдік 

институтында  Фарадей  зертханасының  базасында  туындаған  рождестволық  дәрістер 

мысалында  Зияткерлік  мектептердің  мен  елдің  жалпы  білім  беретін  мектептерінің 

9-10-сыныптарының  оқушылары  үшін  жаратылыстану-ғылыми  цикл  пәндері  бойынша 

Наурыздағы кездесулер өткізіледі. 

Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін «Жаһандық перспективалар мен 

зерттеулер» атты жаңа пән енгізілді. 

Әр түрлі теоретикалық және практикалық сабақтарда алынған білімді Зияткерлік 

мектептердің  оқушылары  Зияткерлік  мектептер  мұғалімдерінің  басшылығымен  жеке 

зерттеу жұмыстарын әзірлеу арқылы іске асырады, олар біліктілігін уақтылы арттырады, 

өз жұмысын және жаңа технологияларды қолданып, пәндерді оқыту әдістерін жетілдіреді.   

Тұтастай 

алғанда, 

ғылыми-зерттеу 

қызметінің 

құндылығы 

Зияткерлік 

мектептердің  оқушылары  әр  түрлі  проблемаларға  қазақстандық  және  шетелдік  жоғары 

оқу  орындарына  түспей  тұрып-ақ  ғылыми  зерттеуге  қойылатын  талаптардың  барлық 

спектрін түйсінетін ғалымдардың позициясынан қарау мүмкіндігін алады. 




жүктеу 474,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау