Статистикалық жорамал деп бас жиынтықтың белгісіз таралу түрі немесе белгілі таралудың параметрлерінің шамасы жөніндегі ұйғарымды айтады



жүктеу 19,27 Kb.
Дата13.12.2022
өлшемі19,27 Kb.
#40606
Áèîñòàòèñòèêàëû? çåðòòåóëåðäå ?îëäàíûëàòûí ñòàòèñòèêàëû? æîðàìàë


11.03.2021 Биостатистикалық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар.
Статистикалық жорамал деп - бас жиынтықтың белгісіз таралу түрі немесе белгілі таралудың параметрлерінің шамасы жөніндегі ұйғарымды айтады. Статистикалық жорамалдарды тексеру медициналық зерттеулерде қолданылатын ең маңызды статистикалық әдістердің бірі болып саналады.Медициналық зерттеулерде ағзаның қалыпты жағдайы мен патологиялық жағдайындағы, емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі немесе әртүрлі емдеу тәсілі қолданған кездегі көрсеткіштерін салыстыру маңызды орын алады. Басқаша айтқанда, статистикалық жорамалдарды тексеру теориясы дәлелді медицинаның негізгі құралы болып табылады. Статистикалық жорамал таңдама бақылаудың нәтижелері бойынша статистикалық әдістермен тексеріледі. Жорамалдарды статистикалық тексеруге салыстыру арқылы тексеру және әртүрлі үрдістерді бағалау жатады: емдеу тиімділігі,аурудың ұзақтығы, ауру-сырқаулық тың ауырлығы, емдеу әдістерін және медициналық техниканың салыстыру, препараттардың сипаттамаларын салыстыру және т. б. Салыстырылып отырған топтардың қайсысының артықшылығы жөнінде әдетте, орта мәндердің, үлестердің немесе басқа таңдама көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық бойынша тұжырымдайды. Айырмашылықтың шынайылығы жөніндегі сұрақ тандама сипаттамалары бойынша тексеру негізінде шешіледі. Статистикалық жорамалдарды тексерудің мағынасы бақыланып отырған (немесе тәжірибе негізінде алынған) белгілер арасындағы айырмашылық кездейсоқ жағаайдың нәтижесі болу ықтималдығы қандай екендігін анықтау. Тексеруге жататын негізгі жорамалды нөлдік жорамал деп атайды және Н, арқылы белгілейді. Нөлдік жорамал Н, деп -таңдама деректерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылықтың жоқтығы немесе ұқсастығы жөніндегі ұйғарымды айтады.Оның мағынасы салыстырылып отырған топтардың бас параметрлері арасындағы айырма нөлге тең және таңдама сипаттамалары арасындағы кез-келген айырмашылық мүлде кездейсоқ сипатқа ие дегенді білдіреді. Мысалы, егер бір таңдама қалыпты таралған бас жиынтықтан алынған және параметрлері хорта және 1, ал екінші таңдама параметрлері х2 және болатын бас жиынтықтан алынған болса, онда нөлдік жорамал х1=X2,яғни Х1-х2=0 түрінде ұйғарылған болар еді. Біз әрқашан әсерді жоққа шығаратын нөлдік жорамалды (Н0) тексереміз. Мысалы, егер бізге популяциядаяы ер кісілер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштерін салыстыру қажет болса, онда нөлдік жорамал төмендегідей түрде болар еді: H0-популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері бірдей. Нөлдік жорамалға қарама-қарсы жорамал балама жорамал деп аталады және Н1 арқылы белгіленеді. Ол айырмашылықтың бар болуы жөніндегі жорамал, яғни орта мәндер тең емес х.-х,+0, жоғарыдағы мысалға қатысты балама жорамал Н1 – популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері әртүрлі деп ұйғарылар еді. Зерттеулерде нөлдік жорамалды тұжырымдау - асы маңызды, әрі қажетті кезең, себебі балама жорамал нөлдік жорамалды жоққа шығарғаннан кейін ғана қабылданады.
Статистикалық жорамалдарды тексеру барысында жіберілетін қателер
Статистикалық жорамалды жоққа шығару немесе қабылдау жөніндегі шешім таңдама деректері негізінде қабылданады. Сондықтан нөлдік жорамалға қатысты қате шешім қабылдануы мүмкін. Болуы мүмкін қателерді І текті және II текті деп бөледі. Көрнекілік үшін болуы мүмкін қателерді кестеде келтірейік:

Шындығында

Н0 қабылдау


Н1 қабылдау


Н0 дұрыс

Қате жоқ

Ықтималдық:1-α


1 текті қате

Ықтималдық:α

Н0 дұрыс емес


2 текті қате

Ық:β

Қате жоқ


Ы:1-β


Көріп отырғанымыздай әртүрлі төрт жағдай болады. текті қателік - дұрыс нөлдік жорамалды
жоққа шығару, яғни шындығында жоқ әсерді бар деп қорытынды жасау. II текті қателік - дұрыс емес нөлдік жорамалды қабылдау, яғни шындығында бар әсерді жоқ деп қорытынды жасау.
Таңдама деректері бойынша ғана ақпаратқа ие бола отырып (толық емес ақпарат) бас жиынтық жөнінде дәл емес, ол қандай да бір белгілі ықтималдықпен тұжырым айтуға болады.
Нөлдік жорамалды екі түрлі қателердің болу мүмкіндігі мейлінше аз болатындай тексеру қажет.
Бірінші текті қатені жіберу ықтималдығын а арқылы белгілейміз, a. саны _ мәнділік деңгейі деп атанділік деңгейі айырмашылықтың кездейсоқ пайда болуының ықтималдығы. II текті қатені жіберу ықтималдығын арқылы белгілейік. II текті қатені жібермеу ықтималдығын критерийдің
қуаттылығы деп атайды. Критерий қуаттылығы 1-В тең. Қуаттылық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым II текті қатенің ықтималдығы аз.
Мысал: В вирустық гепатитінің бар болуына диагностикалық тексеру жүргізілді.
Н.: тексерілуші адам сау.
Н1: тексерілуші адам гепатит жұқтырған.
I текті қате - тесттің нәтижесі бойынша тексерілуші адам гепатитпен ауырады, ал шындығында ол сау (жалғанпозитивті нәтиже),
II текті қате шындығында гепатит жұқтырған адамды қателікпен сау деп санады.
Мәнділік деңгейі немесе қабылданған жорамалды бағалағанда жіберілуі мүмкін текті қатенің ықтималдығы 5%, 1%, 0,1% болуы мүмкін, алайда медициналық - биологиялық зерттеулерде, егер
арнайы басқа мән ескертілмесе, ол әдетте 5%-ға тең деп қабылданады, яғни 0,05 - ке тең мәнділік деңгейі нәтижелерді дұрыс түсіндіру үшін жеткілікті деп саналады. Егер нәтижелер 1-5% деңгейде мәнді болса, онда маңызды статистикалық мәнділік бар деп айтылады, 1%-дан аз деңгейдегі мәнділік - жоғары статистикалық мәнділікті көрсетеді Ғылыми жұмыстардағы р тәжірибеде алынған мәнділік деңгейі. Статистикалық талдау үшін компьютерлік бағдарламалардың кең түрде ендірілуі қазіргі кезде мәнділік деңгейін дәл есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, заманауи зерттеулерде р мәнін «<» немесе «>» белгілерінсіз нақты көрсетуге болады. Мысалы, р=0,004 жазуы тәжірибедегі бақыланған айырмашылық көрсетілген деңгейде статистикалық мәнді дегенді білдіреді. Биология мен медицинада ықтималдығы төмен жорамал деп жүзеге асу ықтималдығы 5% -дан кем болатын жорамалды айтады. Оқиға ықтималдығы мәнділік деңгейімен тығыз байланысты. Оны зерттеуші тәжірибелік деректерді алғанға дейін анықтауы тиіс. Мәнділік деңгейі берілгеннен кейін нөлдік жорамалды қабылдайтын немесе жоққа шығаратын ережені табады. Ондай ереже статистикалық критерий деп аталады. Зерттеу нәтижелерінің статистикалық мәнділігін бағалау Деректердің статистикалық мәнділігі деп олардың бейнелеп отырған болмысқа сәйкестік дәрежесін айтады, яғни статистикалық мәнді деректерге объективті шынайылықты бұрмаламайтын және дұрыс бейнелейтін деректер жатады. Зерттеу нәтижелерінің статистикалық мәнділігін бағалау - нәтижелерді қандай алынган таңдама жиынтықта ықтималдықпен барлық бас жиынтыққа көшіруге болатынын анықтауды білдіреді.
Статистикалық мәнділікті бағалау жиынтықтың бөлігі бойыншақаншалықты барлық жиынтықты және оның заңдылықтарын тұтас пайымдауға болатынын түсіну үшін қажет.
Статистикалық критерийлер және олардың түрлері
Статистикалық критерий - нөлдік жорамалды қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін ереже. Статистикалық критерийлер ең алдымен таңдама деректерінің
түрлеріне қарай қасиеттері негізінде және олардың таралу таңдалынады.
Статистикалық критерийді таңдау
Деректерді талдаудың қолайлы статистикалық әдісін таңдауға ықпал ететін жағдайлар:
1. Талдау мақсаты. Зерттелетін өзгерістер немесе айырмашылықтар бір бағытта арасындағы мүмкін, деректер немесе екі бағытта болуы айырмашылық немесе өзара байланыс зерттелуі мүмкін.
2. Деректер түрлері.Зерттелетін белгінің мәні сандық немесе сапалақ айнымалы болуы мүмкін.
3. Деректердің таралу түрі: қалыпты немесе қалыпты емес.
4. Жұптасқан деректер (бір ғана субьектілер үшін қайталап өлшеу, «дейін-кейін» есебі).
5. Тәуелсіз деректер.
6. Салыстырылатын топтар саны.
Сәйкес критерийді (жалпы жағдайда оны К арқылы белгілейік) тандағаннан кейін К қабылдайтын барлық мәндер жиынын екі қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлеміз: олардың біреуінде критерийдің нөлдік жорамал жоққа шығарылатын мәндері жатады, ал екіншісінде - нөлдік жорамал қабылданатын мәніері жатады, яғни сыни аймақ және жорамалды қабылдау аймағы.
Сыни аймақ - нөлдік жорамалды жоққа шығаратын критерий мәндерінің жиынтығы.
Жорамалды қабылдау аймағы- нөлдік жорамалды қабылдайтын критерий мәндерінің жиынтығы.
Жорамалдарды тексерудің негізгі принципі: егер К критерийдің таңдама бойынша есепттелген бақылау мәні сыни аймаққа жатса нөлдік жорамалды жоққа шығарады, егер критерийдің бақылау мәні жорамалды қабылдау аймағында жатса - нөлдік жорамалды қабылдайды.
Сыни аймақты жорамалды қабылдау аймағынан бөліп тұратын нүктелерді сыни нүктелер деп атайды. Оларды К деп белгілейік.Нөлдік жорамалды жоққа шығару басталатын критерийдің мәні сыни мән деп аталады.Сыни нүктелерді әрбір критерий үшін оның таралу түріне сәйкес келетін арнайы кестелерден табады. Нөлдік жорамалды қабылдаған жағдайда бақылау мәндері мен ақиқат (бас жиынтық бойынша) мәндердің арасындағы айырмашылық кездейсоқ себептерден туған жән мәнді емес (принципті емес) деп есептеледі.Нөлдік жорамалды теріске шығарған жағдайда,бақылау мәндері мен теориялық (нөлдік жорамалға сәйкес) мәндердің арасындағы айырмашылық мәнді,яғни принципті себептерден туған деп есептеледі.
жүктеу 19,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау