Байланыстар аксиомасы. Байланыстар əсерлерін реакцияларымен алмастыру
арқылы кез келген еркін емес денедегі байланыстарды алып тастауға болады, сондықтан да
ол дене өзіндегі актив күштер мен байланыстар реакцияларының əсеріндегі еркін дене
ретінде қарастырылады.
Сонымен, бұл аксиома əрбір еркін емес қатты денені еркін дене ретінде қарастыруға
мүмкіндік туғызу үшін ол денедегі байланыстарды ойша алып тастап, олардын орынына
өздеріне сəйкес келетін реакциялық күштерді алу керек екендігін көрсетеді.
Енді байланыстардын негізгі түрлеріне тоқтап, олардын реакцияларын мүмкін
болатын бағыттарын көрсетейік.
Берілген дене оның қандай мақсатқа қолданылатынына қарай түрліше
байланыстармен бекітіледі. Статика мəселелерінде жиі кездесетін байланыстарды негізгі
төрт топқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |