Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін статистикалық көрсеткіштер қолданыалды. Бұл көрсеткіштер жүйесі 4 топқа бөлінеді: өтімділік, активтердің айналымдылығы, қаржыларды кірісітіру көрсеткіштері, табыстылық.
1 топқа жабу коэффициенті кіреді. Өтімділік көрсеткіштерін есептеу өтімді активтерді міндеттемелерге қатнасы арқылы анықтайды. Оларды белгілі бір мерзімге және күнге анықтауға болады. Жабу коэффициенті барлық өтімді актвитердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады. Ал өтімділік коэффициенті жылдам өтімді активтердің қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады.
Өтімді активтер деп төлем ретінде пайдалануға болатын немесе жылдам өткізуге болатын қаржылар жатады. Олар ақшалай қаражат, тауарлықматериалдық запастардан, дебиторлық қарыздан т.б. тұрады. Оларды келесі класстарға бөлеміз:
1 класс – барлық ақшалай қаражат, яғни кассадағы ақша, банк есеп шоттарындағы қаржылар, векселдер, мелекеттік облигациялар, басқа кәсіпорындардың акциялар;
2 класс – есептесудегі барлық қаражаттар, төлем мерзімі әлі келмеген түсірілген тауарлар мен істелінген жұмыстар құны, 3 ай мерзімге дейінгі дебиторлар; басқа дебитрорлық қарыздар;
3 класс – ТМҚ барлығы.
Қай көрсеткішті пайдаланған тиімді екендігін (өтімділік коэф немесе жабу коэф.) келесі түрде анықтаймыз: егер өтімді құралдар құрамында ТМҚ 50 % дан жоғары болса, онда жабу коэффициентін пайдаланған жөн.
2 топ көрсеткіштерін актвитердің айналымдылық коэффициенттері құрайды.
3 топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері кіреді. Оларға: барлық активтерді кірістіру коэффициенттері (несиеқабілеттілік көрсеткіштері), меншікті қаражатты кірістіру коэффициенттері және белгіленген төлемдерді жабу деңгейі көрсеткіші жатады. Барлық активтерді кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының барлық актвитерге қатынасы арқылы анықталады.
Ал меншікті қаражатты кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының меншікті капиталға қатынасы арқылы анықталады.
2 коэффициенттің 1 коэффициентке қатынасы меншікті қаражаттың 1 тенгесіне шаққандағы барлық актвитердің размерін сипаттайды. Бұл қатынастан 1-ді шегеру арқылы қарыздық пен меншікті қаражаттың қатынасын аламыз.
Бұл топтың келесі көрсеткіші белгіленген төлемдерді жабу деңгейі. Ол жалпы (пайданың) табыстың белгіленген төлемдерге қатынасы арқылы анықталады. Белгіленген төлемдерге: ссудалар бойынша негізгі қарыздың жабылмаған размері, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар сомасы, арендалық төлем.
Ол белгіленген төлемдердің бір тенгесіне шаққандағы жалпы табыстың шамасын сипаттайды. Маңызды сипаттама ретінде кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруға қабілеттілігі есептеледі, яғни кәсіпорынның өзінің дамуын қаржыландыру үшін өз қарамағында қалған ресурстар сомасы.
Өзін-өзі қаржыландыру үшін ресурстар «кэш-флоу» = таза пайда(төленген дивидендтерді шегергендегі) + амортизация + пайдаланылмаған резервтер. Оның негізінде «қарыздар жасау қабілеті» деп шартты аталатын коэффициент анықталады
4 топқа өнім және кәсіпорын рентабельділігі жатады.
Мекемелердің қарыжылық көрсеткіштері туралы статистикалық мәлімет көздері. Бұл үшін мемлкеттік статистикалық есеп беру, ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі және қаржылық ұйымдармен қарастырылатын есеп беру ұйымдары мен мекемелері қызмет етеді.
Мемлекеттік есеп беру статистикалық есеп берумен көрсетіледі. Мекеменің қаржылық қызметінің негізгі көрсеткішінің есебі, қарыжылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есептер.
Қаржылық нәтижелер туралы есептер мекемелермен және ұйымдармен ұсынылады. Онда демалыс бағасымен өткізілген өнім түсімінің мәліметтерін, жанама салықтар, өткізілген өнімді шығаруға шығындар жалпы мәліметтер болады.
Мекемелердің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі көзі болып жылдық бухгалтерлік есептер табылады. Онда активтер және пассивтер жайлы табыс және зала активтер және пассивтер туралы және қозғалысы жайлы мәліметтер болады.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Авров А.П., Нурлыбаева А.А. Финансово-банковская статистика. – Алматы «Экономика», 1997 г.
Статистика финансов: учеб.для студентов вузов, обучающихся по специальности «Статистика» / под ред. М.Г.Назарова. – М.:Изд. Омега-Л, 2005. -460с.: ил., табл.
Глинский В.В., Ионин В.Г. Статистический анализ: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., перераб. И доп. –М.: Филинь, 1998.
Ефимова О.В. Финансовый анализ.2-е изд., перераб. и доп.-М.; Бухгалтерский учет.- 1998.-320с.
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: банкроттылық, қаржылық жағдай, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, төлемдік қабілеттілік, қаржылық талдау әдістері, экспресс талдау, баланс активтері, баланс пассивтері, операциялық қызмет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, тікелей (горизонтальды) талдау, көлденең (вертикальды) талдау, тренді талдау, салыстырмалы талдыу, факторлы талдау, қаржылық коэффициенттер әдістері, меншікті капитал, қарыдық капитал, жиынтық капитал және т.б.
Қазақстан Республикасының «банкроттық» туралы заңына сәйкес (2173 07.04.95 ж), қабілетсіз дегеніміз қарыздаушының, кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын орындамауы, оның ішінде еңбекақы және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді төлемеуі.
Банкроттықтың пайда болуының объективті және субъективті себептері бар.
Объективті себептер: қаржылық, несиелік жүйелердің дұрыс деңгейде дамымауы; инфляция деңгейінің жоғары болуы; бәсекелестік деңгейдің жоғарылауы және осыған байланысты өнімнің сату бағасының төмендеуі (ал өндіріс шығындары жоғары болып қалуда).
Субъективті себептер: өндіріс көлемінің азаюы, жоғарғы деңгейдегі өзін-өзі ақтамайтын шығындар, өнімнің рентабельділігінің төмендеуі, үлкен қарыздар, өзара төлемсіздіктерді және т.б.
Кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығына байланысты оның қаржылық жағдайын болжаудың келесі 4 әдісі қолданылады:
несиеқабілеттілік индексін есептеу;
формальдық және формальдық емес критерийлерді қолдану;
төлемқабілеттілік көрсеткіштерін болжау;
қаржылық ағымдарды талдау.
1. Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның тұрақтылығын болжау және тәуекелін анықтау мен банкроттыққа ұшырауын айқындау үшін экономика-математикалық модельдер қолданылады. Солардың ішінде көп қолданылатын модель – бұл американдық экономист Э. Альтманның Z – модельдері. Бұл модельдердің ең жай екі факторлы модель болып саналады. Ол модель екі көрсеткішке негізделеді. Жалпы өтелу коэффициенті ( коэффициент общего покрытия) немесе ағымдағы өтімділік коэффициенті () және қаржылық тәуелділік коэффициенті.
Американдық тәжірибеде келесі Z – моделі қолданылады:
-0,3877 – тұрақты көрсеткіш;
-1,0736 – ағымдық өтімділік көрсеткіштеріне анықталған коэффициент көлемі;
+0,0579 – баланс пассивінде заемды қаржылардың үлес саламығының көрсеткіштері үшін анықталған коэффициент.
Дамыған елдер тәжірибесінде Э. Альтманның көп факторлы модельдері қолданылады:
Z = 1.2 * K1 + 1.4 * K2 + 3.3 * K3 + 0.6 * K4 + 1.0 * K5
Z – индексінің шекті көлемі: 2,675
Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығының деңгейі.
Z – көлемі
|
Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығы
|
1,81 және одан төмен
|
өте жоғары
|
1,81-ден 2,70-ке дейін
|
Жоғары
|
2,71-ден 2,90-ға дейін
|
Мүмкіндік туындайды
|
3,0 және одан да жоғары
|
өте төмен
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.-4-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2001.-416 с.
Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.3-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2003.-285 с.
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансово-экономического положения предприятия.-Алматы:Экономика.- 1999.-184 с.
Ефимова О.В. Финансовый анализ.2-е изд., перераб. и доп.-М.; Бухгалтерский учет.- 2004.-320с.
Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. М..;ИНФРА-М.-2005.-208с.
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е издание, прераб. и дополн.- Минск: ООО «Новое знание», 2004.- 688с.
|
Студенттердің өзіндік жөмысы шеңберіндегі сабақ жоспарлары
Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
Рефераттар тақырыптары
Қазіргі жағдайда ҚР-ның кәсіпкерлік қызмет даму саясаты.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет типтері мен түрлері.
Классикалық экономикалық теория бойынша кәсіпкерлік ұғымы
Кәсіпкерлік орта
Жеке кәсіпкер
Туризмдегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары
Туризмдегі шағын кәсіпкерлік
Өзінің жеке ісін ұйымдастыру
Туристік қызметтерді бизнес – жоспарлау
Туристік ұйымдарды қаржыландыру көздері
Кәсіпкерлердің еңбек қатынасы даму мәселелері
Туризм кәсіпкерлігіндегі келісімшарт мәселелері
Кәсіпкерлік тәуекелділік туралы түсінік және оның түрлері
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі субъектілер жауапкершілігі
Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі (кәсіпорын немесе өнеркәсіп саласының мысалында).
Бизнес-жоспар: мазмұны, даярлау реті, көрсеткіштері.
Шағын кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жаңарту, оны жеделдету жолдары және қаржыландыру көздері (өнеркәсіптік кәсіпорынның мысалында).
Келісім-шарт жүйесінің қалыптасуы және дамыту жолдары (өнеркәсіп кәсіпорынның мысалында).
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің даму мүмкіндіктері (саланың немесе кәсіпорынның мысалында).
Шағын кәсіпорындарда еңбекақыны ұйымдастыру және нарықтық экономика жағдайында оның ерекшеліктері.
Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындардың өндіріс шығындарын азайту резервтері (өнеркәсіптік кәсіпорынның мысалында).
Кіші бизнес өндірістің рентабельдігінің деңгейін талдау және оны жетілдіру жолдары (саланың немесе кәсіпорынның мысалында).
Кіші кәсіпорындардың өндірістік ұжымының әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруды дамытуда оның талаптары.
Нарық жағдайында орта бизнестің даму проблемалары.
Кіші кәсіпкерліктің инвестициялық стратегиясы (кәсіпорын мысалында).
Кіші бизнес кәсіпорында табыстың қалыптасуын және бөлуін талдау (кәсіпорын мысалында).
Кіші кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін дамыту (кәсіпорын мысалында).
Кәсіпорынның еңбекақы төлемінің саясаты (кәсіпорын мысалында).
ҚР акционерлік қоғамдарды ұйымдастырудың тәжірибесі (кәсіпорын мысалында ).
ҚР кіші бизнесте инновациялық процестердің дамуы (кәсіпорын мысалында).
Кіші кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау (кәсіпорын мысалында).
Кіші кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуы.
ҚР-дағы шағын және орта кәсіпорындар тиімділігі және оның дамуы.
Кіші кәсіпорындарда өнімнің сапасын басқару.
Қазақстан экономикасы бәсекелік қабілеттілігінің даму мәселелері.
Курс бойынша емтихан сұрақтары
Кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы
Кәсіпкерліктің мәні мен мағынасы.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің заң актілеріндегі мәнін анықтау.
Кәсіпкерлікті іс-әрекет ретінде түсіну.
Кәсіпкерлік функциялары.
Кәсіпкерліктің типтері
Кәсіпкерлікті жіктеу белгілері
Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері
Кәсіпкерлік орта
Кәсіпкерлік ортаның мәні мен мағынасы
Кәсіпкерлік ортаның жетекші элементі – экономикалық еркіндік
Сыртқы кәсіпкерлік орта
Ішкі кәсіпкерлік орта
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру субъектілері
Жеке тұлғалар – кәсіпкерлік субъект ретінде
Заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъект
Кәсіпкерлердің міндеттері мен құқықтары
Кәсіпкерлердің жеке басының ерекшелік қасиеттері
Жеке кәсіпкер
Жеке кәсіпкердің мәні мен мағынасы
Азаматты жеке кәсіпкер ретінде мемелекеттік тіркеу тәртібі
Салық органдарына тіркеп есепке алу
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары
Коммерциялық мекемелер
Коммерциялық емес мекемелер
Мемлекеттік тіркеу тәртіптері
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік
Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері
Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау түрлері
Шағын кәсіпкерлік тұлғаларының мемлекеттік мекемелермен қатынасын құқықтық реттеу
Өзінің жеке ісін ұйымдастыру
Жек өзінің ісін ұйымдастыру шарттары
Жеке өз ісін құру принциптері (қағидалары)
Жеке өз ісін ашу кезеңдері
Кәсіпкерлік қызметтерді бизнес – жоспарлау
Бизнес–жоспарды дайындау реті
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Қаржыландыру көзін таңдау.
Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың ішкі көздері.
Қаржыландырудың негізгі ережелері.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.
Халықаралық ұйымдар гранты
Кәсіпкерлердің еңбек қатынасы – жұмыс берушілер мен жалданушылар
Жұмысқа алу және еңбек қатынастарын тоқтату принциптері
Жұмыс істеу тәртібі және жұмысшылардың еңбек ақысы
Кәсіпкерлік қызметтегі келісімшарт мәселелері
Келісім–шарттың жалпы сипаттамасы
Келісім –шартты дайындау үшін қойылатын талаптар
Кәсіпкерлік тәуекелділік туралы түсінік және оның түрлері
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі тәуекелділік және оның түрлері
Жобаны қаржыландырудағы тәуекелділік
Тәуекелділікті сақтандыру
Кәсіпорын қызметінде тәуекелділікті төмендету әдістері мен жолдары
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі субъектілер жауапкершілігі
Достарыңызбен бөлісу: |