Сравнительная таблица



жүктеу 431,27 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі431,27 Kb.
#7281
түріКодекс

ҚОСЫМША А

Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



З А Ң Ы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі:

1) 3-баптың 1-тармағын келесідей мазмұндағы жаңа 57-2) тармақшасымен толықтыру:

«57-2) мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару – бұл, мемлекеттік инвестициялық жобалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуді, жоспарлауды, жүзеге асыруды, мониторинг және аяқтауды қамтиытын процесстер;»;.

2) 3-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы жаңа 57-3) тармақшасымен толықтыру:

«57-3) мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша жұмыс тобы – жоба мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік инвестициялық жоба жұмыстарын бірлесе атқаратын, жұмыс тобының жетекшісімен басқарылатын, біріккен тұлғалар тобы;»;

3) 3-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы жаңа 57-4) тармақшасымен толықтыру:

«57-4) Жобалық топ – жоба мақсаттарына қол жеткізу үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды бірлесе атқаратын, жұмыс тобының жетекшісімен басқарылатын, біріккен тұлғалар тобы;»;

4) 3-баптың 1-тармағының 17-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17-2) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптама – техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, негізділік пен нәтижілілік критерийлеріне іс-шаралардың сәйкестігі тұрғысынан кешендi бағалау;»;


5) 3-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы жаңа 57-5) тармақшасымен толықтыру:

«57-5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қызметі мақсаттарының, міндеттерінің, негізгі бағыттарының, шығыстарды өтеу және табыстарды алу көздерінің, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асырудан пайда алушылардың, мемлекеттік қолдау шараларының сипаттамаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сипаттамасын қарастыратын, тікелей келіссөздер кезінде әзірленетін құжат;»;

6) 58-бапты мынадай мазмұндағы жаңа 5-1) тармақшасымен толықтыру:

«5-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі және рұқсат етілетін ауытқулар шекарасынан тыс мәселелер бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жобалық мониторингі нәтижелерін және мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар ары қарайғы жүзеге асырылуы орынсыз жобаларды тоқтату туралы шешімдерді қабылдауды қарастыру;»;

7) 61-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау, мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жобалық мониторингі, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.»;

8) 8-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бөлім. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару»;

9) 30-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«30-тарау. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу және жоспарлау»;

10) 151-бапты мынадай мазмұндағы жаңа 1-1 және 1-2 тармақшаларымен толықтыру:

«1-1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару келесідей процесстер тобын қамтиды:



1) әзірлеу;

2) жоспарлау;

3) жүзеге асыру;

4) мониторинг;



5) аяқтау.

1-2. Орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару тиімділігін қамтамасыз етеді және заңда қарастырылған жауаптылықта болады.

Орталық мемлекеттік органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша жұмыс тобымен жүзеге асырылады. квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару жобалық топпен жүзеге асырылады.



Мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша жұмыс тобын, жобалық топты құру тәртібі бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органның келісімімен, мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органмен анықталатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша тәртіппен жүргізіледі.»;

11) 151-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«14. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру орталық уәкілетті органның келісімімен, мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органмен анықталатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша тәртіппен жүргізіледі.»;

12) 152-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«152-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу»;

13) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламары шегінде мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсынысты әзірлеу немесе түзету және оған оң экономикалық қорытынды алу;

2) тікелей келіссөздер кезінде потенциалды жеке әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеуі және оған оң экономикалық қорытынды алу.

1-1. Инвестициялық ұсыныстарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейді немесе түзетеді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын сәйкес саланың орталық уәкілетті органы немесе салалық жергілікті атқарушы орган береді.

Егер де МИЖ-ны жүзеге асыру бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне қатысты болса, онда аталған салалық органдар қосымша МИЖ-дың сәйкес салалық сараптамаларының қадағаланатын салаға МИЖ әсерін бағалау және сала приоритетеріне сәйкестік бойынша қорытындысын әзірлейді.



3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады..

4-1. Мемлекеттік бюджеттен шығыстарды қажет етеін, тікелей келіссөздер кезіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес потенциалды жеке әріптес әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне енгізіледі.

4-2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жекеше әріптеспен әзірленетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.

4-3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы салалық сараптамаға жатады.

4-4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.



6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;

14) 153-баптың 1,5,8,21 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау бюджеттік инвестициялық жобаның орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде екі кезеңде жүргізіледі:

1) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

2) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу»;

«5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган  техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырады.



Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару бойынша тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобаларды қарау инвестициялық ұсыныс кезеңінде жүзеге асырылады.»;

«8. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның негізділік және тиімділік критерийлеріне іс-шаралардың сәйкестігі тұрғысынан зерделеу нәтижелерін қамтиды.»

Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

Шығындардың өсуі немесе кемуіне алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге рұқсат етілмейді.»;

«21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару тәртібімен жүргізіледі.»;

15) 154-баптың 1,2,13 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде, мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:


1) қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізу;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды бюджетті әзірлеу кезеңінде іріктеу.»;

«2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі және тиімділігі жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжатты, сонымен қатар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды басқару бойынша процесстерді білдіреді.

Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.

Мазмұнды, мерзімдерді, құнды, сатып алуларды, тәуекелдерді, ресурстарды толықтыруға және (немесе) өзгертуге әкеп соғатын, қаржылық-экономикалық негіздемеде қарастырылған рұқсат етулерден ауытқу жағдайында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз қнның артуын немесе кемуін қарастыратын бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бекітуге жол берілмейді»;

«13.  Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау, қарастыру және iрiктеу бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару тәртібіне сәйкес жүргізіледі.»;

16) 154-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жоба инвестициялық ұсынысының экономикалық қорытындысы негізінде немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асырудың орындылығы туралы жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер кезіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тұжырымдамасының қорытындысы негізінде екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік заңнамасына сәйкес жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жағдайынан басқа, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;

2) шартқа қол қою.

2. Конкурстық құжаттамаға оң қорытынды және Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының талаптарына сәйкес қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.»;

17) 154-2 бап мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер кезінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы салалық сараптамаға жатады.

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.»;

18) 154-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық немесе жергілікті уәкілетті орган, консультативтік сүйемелдеуі сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасымен бөлінетін қаражаттар есебінен жүргізілетін, жобалардың тізбесін құрады.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.

2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.

3.  Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 4 000 000 еселік көлемінен артық болған жағдайда, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.



4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттамаға оң қорытынды алған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және конкурстық құжаттамаға оң қорытынды алған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.

7. Мемлекеттік міндеттемелерді төлеу бойынша шығыстар ұарастырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартына отыру жылында жобаны жүзеге асырудың бірінші жылындағы шығыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына оң қорытынды және тиісті бюджеттік комиссияның оң шешімі негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны жүзеге асырудың кейінгі жылдарының шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.

8. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сонымен қатар техникалық түрде қиын емес болып табылатын, типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде жүзеге асатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу талап етілмейді.

Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.



9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;

19) 154-4 бап мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасын әзірлеуді, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің арасындағы келіссөздер процесі кезіндегі консультациялық қызметтерді қамтиды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен айқындалатын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары немесе жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына консультативтік қолдау көрсету қызметтерін қаржыландыру жөніндегі тапсырыс енгізеді.

3. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесіне енгізілген консультативтік қызметтері мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету жүргізіледі.

5. Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.

Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.



6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына консультативтік қолдау көрсету үшін Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергіліеті атқарушы органдар, сонымен қатар заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына консультативтік қолдаудың негіздемесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа ие.»;

20) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Концессиялық жобаларды жоспарлау концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

2) концессия шартын жасасу.»;

21) 155-1-бап алып тасталсын;

22) 155-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті орган, консультативтік қолдауы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жобалар тізбесін қалыптастырады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.

2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, концессиялық жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 4 000 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері бойынша арнайы ұйымға сараптамаға жібереді.



4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттамаға оң қорытынды алған мемлекеттік концессиондық міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және конкурстық құжаттамаға оң қорытынды алған мемлекеттік концессиондық міндеттемелерді тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.



7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.



8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.»;

23) 155-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультативтік қолдау

1. Концессиялық жобаларды консультативтік қолдау концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын және (немесе) концессия шарты жобасын әзірлеуді, сондай-ақ концессия субъектілері арасындағы келіссөздер кезіндегі консультативтік қазметтерді қамтиды.

Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен айқындалатын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.



2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары немесе жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға концессиялық жобаларға консультативтік қолдау көрсету қызметтерін қаржыландыру жөніндегі тапсырыс енгізеді.

3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

4. Концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген консультативтік қызметтері мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалар бойынша, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, концессия жобалары техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету жүргізіледі.



5. Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.

Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.

6. Концессиялық жобаларға консультативтік қолдау көрсету үшін Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар заңды тұлғалар концессиялық жобаларға консультативтік қолдаудың негіздемесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа ие.»;

24) 157-баптың 1, 2, 10, 11, 12 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Құрылыс қызметін жүзеге асыруды қажет етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

«2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға және оның негізінде әзірленген бюджеттік инвестицияларды басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылыс қызметін жүзеге асыруды қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды басқару жоспарын әзірлеу тәртібі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы органмен келісу арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен айқындалады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады.»;

«10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы тұрақты мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.

Жобаның бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жүзеге асырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы жобалық мониторингін мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бақылау нүктелері және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.»;

«11. Тұрақты жобалық мониторинг, бақылау оқиғалары бойынша және/немесе ауытқулар бойынша мониторинг, жүзеге асыруды бағалау және жернілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды аяқтау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен жүзеге асырылады.»;

«12. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың қорытынды жобалық аудиті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Қорытынды жобалық аудит жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың қорытынды жобалық аудиті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Тұрақты жобалық мониторинг, бақылау оқиғалары бойынша және/немесе ауытқулар бойынша мониторинг, жүзеге асыруды бағалау және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды аяқтау жүргізу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

24) 158-баптың 1, 2, 3-1 және 4 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Концессиялық жобалар "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының және жобаны басқару жоспарының негізінде іске асырылады.»;

«2. Жобалық мониторинг концессия объектілерін құру (реконструкция) және олардың кейінгі эксплуатациясы кезеңінде жүргізіледі.

Концессиялық жобалардың тұрақты жобалық мониторингін концессионер жүргізеді.



Бақылау оқиғалары және ауытқулар бойынша жобалық мониторингін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуға құқылы.»;
3-1. Концессиялық жобаларды аяқтау барысында жүргізілетін жобалардың қорытынды жобалық аудитін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Концессиялық жобалардың қорытынды жобалық аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Концессиялық жобалардың қорытынды жобалық аудитін жүргізу кезінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуға құқылы.»;

«4. Жобалық мониторинг, жүзеге асыруды бағалау және концессиялық жобаларды аяқтау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;

25) 158-1-бабының 1, 2, 3-1 және 4 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты және жобаларды басқару жоспары негізінде іске асырылады.»;

«2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу жобалық мониторингі шарттық қатынастарды орындау кезеңінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұрақты жобалық мониторингі жеке әріптеспен жүзеге асырылады.

Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бақылау оқиғалары және ауытқулар бойынша жобалық мониторингін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүргізеді.

Бақылау оқиғалары және ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде тиісті саланың уәкілетті органы Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының бақылау оқиғалары және ауытқулар бойынша жобалық мониторингін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Бақылау оқиғалары бойынша және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуға құқылы.»;
«3-1. Аяқтау барысында жүргізілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қорытынды жобалық аудитін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қорытынды жобалық аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қорытынды жобалық аудитін жүргізу кезінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуға құқылы.»;

«4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырылу жобалық мониторингін, жүзеге асыруды бағалауын және аяқтауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;

26) 159-баптың 1-1, 3, 4 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялары ары қарай құрылыс қызметін жүзеге асыру мақсатында бөлінген жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға бағытталған инвестициялық шаралар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүргізіледі, ал құрылыс қызметі белніленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және оның негізінде әзірленген Инвестицияларды басқару жоспарына сәйкес жүргізіледі.



Инвестицияларды басқару жоспарын әзірлеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;

«3. Заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру мақсатында бюджеттік инвестицияларды алғашқы рет бөлу жағдайында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың тұрақты жобалық мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталының артуы жағдайында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларының тұрақты жобалық мониторингін бюджеттік инвестициялар есебінен жарғылық капиталы артып отырған квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.


Жобаның бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жүргізілетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестицияларының және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың жобалық мониторингін мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жобаның бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.»;

«4. Тұрақты жобалық мониторинг, бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг, сонымен қатар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргізеді.»;



27) 159-бап келесідей мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

«3-1. Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың қорытынды жобалық аудитін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қорытынды жобалық аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың қорытынды жобалық аудитін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргізеді.

Тұрақты жобалық мониторинг, бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг, іске асырылуын бағалау және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды аяқтауды жүргізу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды басқару тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады»;

2. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 «Концессиялар туралы» Заңы:

1) 1-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;»;



2) 1-баптың 12-тармағы алып тасталынсын;

3) 9-баптың 1), 7) және 7-8) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:

конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;

концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын:

концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;

концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;

концессиялық жобалардың арнайы оқиғалары және ауытқулары бойынша мониторингін;

концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалауды;



концессиялық жобалардың қорытынды жобалық аудитін жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;»;

«7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;»;

«7-8) концессия шарттарының мониторингін, концессиялық жобалардың жобалық мониторингін жүргізу, іске асырылуын бағалауды жүргізу және оларды аяқтау қағидаларын бекітеді;»;

4) 9-бап келесідей мазмұндағы 7-11 тармақшамен толықтырылсын:

«7-11) объектті құру құны (реконструкция) 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын концессиялық жобалардың қорытынды жобалық аудитін жүргізеді»;

5) 10-1-бабының бірінші бөлімінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) концессиялық жобаны консультациялық қолдауды қаржыландыру, конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;»;



6) 10-1-бабының бірінші бөлімін жаңа 2-1-тармағымен толықтырылсын:

«2-1) концессиялық жобаларды ары қарай жүзеге асырудың орындылығы және басқа да басқару шешімдерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;»;

7) 11-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

8) 12-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

9) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) концессиялық жобалардың іске асырылуы жобалық мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Жобаның бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулар бойынша жобалық мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті ақпаратты концессия мәселелері жөніндегі арнайы ұйымға жібереді;»;

10) 13-баптың 1-тармағы алып тасталынсын;

11) 13-баптың 1-тармағының 2-абзацы алынып тасталынсын;

12) 13-бап мынадай мазмұндағы жаңа 9-1) тармақшамен толықтырылсын;

«9-1) коммуналдық меншікке жататын объектті құру құны (реконструкция) 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын концессиялық жобаларға қорытынды жобалық аудит жүргізеді;»;

13) 15-баптың 1-тармағының 2-абзацы алып тастылсын;

14) 15-1-бабы алып тасталсын;

15) 15-2-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.»;

16) 17-баптың 1-тармағының 2), 2-1), 2-2), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені. осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы сараптамалау барысында мақұлданған жобаны басқару жоспарын немесе оның негізгі тарауларын тіркейді;»

«2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын;»;

«2-2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын;»;

«5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде жергілікті қамту және концессиялық жобаларды басқару жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;»;



17) 18-баптың 1-тармағы келесідей мазмұндағы жаңа 7)-тармақшамен толықтырылсын:

«7) концессиондық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімінде жоба жетекшілігі функциясын жүзеге асыратын штатында немесе шарттық негізде тартылған маман болуы тиіс. Жоба жетекшісі болып тек жобаларды басқару саласында кәсіби дайындықтан өткен тұлға ғана тағайындала алады.»;

18) 18-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) потенциалды концессионер осы баптың 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кәсіби талаптарға сәйкес болуы тиіс;»;

3. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңына:

1) 1-баптың 7), 11) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау – Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау бойынша көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын көрсетілетін қызметтер;»;

«11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы – жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер кезінде әзірленетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттау көзделетін құжат;»;

2) 10-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер кезінде жеке әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын немесе мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты әзірлеуі;»;

3) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, көзделетін төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.»;

4) 20-баптың 4), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;

«9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, бақылау оқиғалары мен ауытқулар бойынша жобалық мониторинг, қорытынды жобалық аудит мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;

5) 21-бабы келесідей мазмұндағы жаңа 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«6-1) МЖӘ жобаларын ары қарай іске асырудың орындылығы және басқа да басқару шешімдерін қабылдау туралы мәселені Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару;»;

6) 23-баптың 2-тармақшасы алып тасталсын;

7) 23-баптың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«5) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және МЖӘ жобасын іске асыруды бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді; Жобаның бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулары бойынша жобалық мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті ақпараттарды МЖӘ дамыту орталығына жібереді;»;

8) 25-баптың 3), 9) тармақшалары алып тасталсын;

9) 25-баптың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасына, бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулары бойынша жобалық мониторингке, қорытынды жобалық аудитке сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;»;

10) 26-баптың 2-тармағының 2-тармақшасы алып тасталсын;

11) 26-баптың 2-тармағы келесідей мазмұндағы жаңа 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын;



«8) МЖӘ жобаларының бақылау оқиғалары және/немесе ауытқулары бойынша жобалық мониторинг жүргізу;

9) қорытынды жобалық аудит жүргізу.»;

12) 28-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

13) 32-баптың 1-тармағы келесідей мазмұндағы жаңа 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың бүкіл мерзімінде жоба жетекшілігі функциясын жүзеге асыратын штатында немесе шарттық негізде тартылған маман болуы тиіс. Жоба жетекшісі болып тек жобаларды басқару саласында кәсіби дайындықтан өткен тұлға ғана тағайындала алады.»;

14) 37-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) потенциалды жеке әріптес әзірлеген жобаны басқару жоспарының қисындылық және шынайылық критерийлерін қоса алғандағы, үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;»;

15) 37-баптың 2-тармағы келесідей мазмұндағы жаңа 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) конкурс ұйымдастырушысы әзірлеген және конкурстық құжаттаманың сараптамасы барысында мақұлданған жобаны басқару жоспары немесе оның негізгі бөліктері;»;

4. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңына:

1) 9-бап келесідей мазмұндағы жаңа 1-1 тармағымен толықтырылсын:



«Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға қатысуға немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын құрылыс қызметтерін жүргізуге үміткер потенциалды жеткізушілер көрсетілген жобаларды іске асырудың бүкіл мерзімінде жоба жетекшілігі функциясын жүзеге асыратын штаттық немесе шарттық негізде тартылған маманмен қамтамасыз етуі тиіс. Жоба жетекшісі болып тек жобаларды басқару саласында кәсіби дайындықтан өткен тұлға ғана тағайындалады.».

2-бап.


1. Осы Заң алғашқы жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті



жүктеу 431,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау