«Сот медициналық сараптама негіздері»



жүктеу 0,7 Mb.
бет1/9
Дата18.02.2020
өлшемі0,7 Mb.
#29318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПОӘК 042-18-20.1.56/03-2013

№ 1 баспа

беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.56/03-2013

«Сот - медициналық сараптама негіздері»пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

09.2013ж




«Сот - медициналық сараптама негіздері»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс

  5. Студенттердің өздік жұмысы



  1. Глоссарий



Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

«авторлық құқық»

Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы

2

« адвокат»

Заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсіндірмелер,заңдар жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беру; арыздар ,шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды түзу,сотта,арбитражда және т.б.мемлекеттік органдарда азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұушылық жөніндегі істерде өкілдік ету ,қорғаушы , өкілі ретінде алдын-ала тергеуге және қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуға кіреді.

3

« әкімшілік құқық »

Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру ,атқару , билік жүргізу процесінде пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші құқық саласы

4

«заңи акт»

Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын,заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.

5

«әкімшілік тұтқындау»

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза ;оны 15 тәуліктік мерзімге шейін

6

«билік»

өкімет жұртшылықтың құқықтық қарым-қатынастары барсында адамдардың санасы мен мінез-құлқына ұйымдасқан түрде әсер ете отырып,оларды ортақ мақсатқа жетуге бағыттау.

7

«қылмыстық іс қозғау»

Қылмыстық істің бастапқы сатысы ,мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып ,прокурор,тергеуші,анықтау органы , сот,судьянемесе одан бас тарту т.б жөнінде шешім(қаулы , ұйғарым) қабылдайды.себеп (өтініш ,хат,баспа сөздегіхабарлама,кінәсін мойындап келу,т.б) пен қылмыстың нышандарын көрсететін жеткілікті мәліметтер болған кезде ғана қылмыстық іс қозғалады.

8

«залалды өтеу»

Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі.Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.

9

«мемлекет басшысы»

Атқарушылық билік пен сыртқы байланыстар аясында мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлға.

10

«үкімет басшысы»

Мемлекеттің биліктің (өкімететтңің) жоғарғы атқарушы органның жетекшісі (басқарудың парламентарлық пішімі бар елдерде –премьер –министр,канцлер,ал президенттік республикада –президент)

11

«мемлекеттік құқық»

Елдердің қоғамдық құрлысы мен саясатының,азаматтарының құқықтық жағдайларының , олардың құқылармен бостандықтары,міндеттерінің негіздерін,мемлекет құрлысы мен оның мемлекеттік органдардының жүйесін бекіндіретін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығы.

12

«мемлекеттік аппарат»

Нақты бір мемлекеттің мемлекеттік билігін ,міндеттерін жүзеге асыратын мемлекет органдарының жүйесі;мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі.М.а-тың қызметінің мазмұны , оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының принциптері ,кадр құрамы,жұмыс пішімдері мен әдістері сол мемлекеттің міндеттерін атқарушының тиісті мұқтаждарымен айқындалды.

13

«азаматтық»

Нақты бір мемлекетке адамның саяси және құықтық жағынан тіленуі.Мемлекетпен және өзара оның билігі жүретін адаммен арадағы өзара қарым-қатынастар ретінде көрінеді:мемлекет азаматқа құқылар береді,қорғайды және шет елде жүргенде қамқорлығына алады.Өз кезегінде , азамат мемлекеттің заңдары мен басқалай нұсқауларын бұлжытпай сақтайды,әрі оның белгіленген міндеттемелерін орындайды.Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтығы жоқ адамнан ерекшелейтін саяси –құқықтық статусын құрайды.

14

«талап»

Нұқсан келтірілген немесе даулы құқыларды немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңи құралы.Азаматтық істе талапты белгіленген заңдық тәртіппен кез келген мүдделі тұлға қоя алады.

15

«Жеке тұлға»

Көптеген елдердің азаматтық низамында-азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі жеке адам ,осының өзі –оның ұжымдық құрлым (ұйым)

16

«заңды тұлға»

Азаматтардың құқықтың субьектісі меншік шаруашылығын жүргізуі немесе оперативті басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүліктпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ,өз атынан мүліктік және жеке бей мүліктік құқылар мен міндеттерге ие болып , оларды жүзеге асыра алатын ,сотта ,арбитражда және төрелік сотта талапкер де жауапкер де бола алатын ұйым.

17

«теріс қылық»

Нақты бір мемлекеттің заңы боынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.


2.Дәрістер

Тақырып 1. Сот медицина пәні.

1. Сот медицина пәні.

2. Қазақстанда сот-медицина сараптамасының даму жолдары.

Сот медицинасы бір-бірінен алшақ жатқан екі білім саласы-тығызмен байланысты. Медицина ғылымы бола отырып, сот мединасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медицинасының пайда болуы құқық ғылымының, сот ісін жүргізу мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Соңғылары сот медицинасының мазмұнына ғана емес, тіпті пәннің атауына да ізін қалдырған.

Біздің елімізде сот-медицина анықтамасы сот әділдігі органдарына қызмет көрсетумен бірге халыққа емдеу алдын алу көмегін көрсету сапасын жақсарту ісінде денсаулық сақтау органдарына да жәрдемдеседі.

Сот медицинасы мен сот-медицина сараптамасы бірқатар медицина ғылымы мен медициналық емес ғылымдармен тығыз байланысты. Медициналық емес ғылымдардан кейбір заң ғылымын, криминологияны, сот химиясын атап өтуге болады.

Қүқықтық ғылымдар ішінде сот медицинасын дамытуға қылмыстық және азаматтық қүқық, қылмыстық және азаматтық процесс зор ықпал жасайды. Сот-медицина сараптамасын белгілеу мен жүргізудің себептері мен тәртібі, сарапшылардың қүқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі мен Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Осы кодекстердің тиісті баптары сот дәрігерінің тәжірибелік сарапшылық қызметін реттейтін үжымдық қүжаттар (ережелер, нүсқаулар, т.б.) шығаруға негіз болып табылады.

Қылмыстарды тергеудің техникасы, әдістемесі мен такти-касы туралы ғылым-криминалистика сот-медицинасымен ежелден ақ тығыз байланысты. Бүдан көп жыл бүрын-ақ сот-медицина сарапшылары медицина-криминалистика сараптамасы ретінде іс-тәжірибеге енген зерттеулер жүргізе бастаған.



Сот медицинасы медицина пәндерінің ішінен патологиялық анатомиямен, патологиялық физиологиямен, рентгенологиямен және басқа да бірқатар клиникалық пәндермен, мысалы, терапиямен, педиатриямен, акушерлікпен, гинекологиямен, урологиямен, хирургиямен және венерологиямен, т.б. өте-мөте тығыз байланысты. Сот дәрігерлері бүл мамандықтардан сот-медицина сараптамасын жетілдіру үшін тікелей де, жанама түрде де пайдалануға болатын ең жаңа теориялық қағидалар мен тәжірибе жетістіктерін алып отырады.

XX ғасырдың орта шеніне дейін сот медицинасы жөніндегі оқулықтарда оның негізгі бөлімдерін баяндаудың бірыңғай жүйесі болған жоқ. Әрбір пәнді өзінің ең маңызды және жетекші деп санайтын бөлімінен бастап келді. Мүның өзі сот медицинасын оқып-үйренуді қиындатты.

1948 жылы М.И.Авдеев заңгерлерге арналған сот медицинасы оқулығында пәннің ғылыми негізделген жүйесін бірінші рет баяндап берді; ал оның 1959 жылы жарық көрген сот медицинасы курсында бүл жүйе одан әрі дамытылды. Пәннің дәйекті де айқын жүйесін жасауға ғылымда объективті түрде қалыптасқан заңдылықтарды көрсететін сот-медицина сараптамасы сенімді негіз болып табылады. Сондықтан да пәннің жүйеленуі сот-медицина сараптамасының объектілерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде еліміздегі сот медицинасы пәнінің жүйесі мынадай:

сот-медицина сараптамасының заңдық негіздері және


үйымдастырылу ы;

сырттан әсер етудің әр алуан түрлерінен денсаулықтын
бүзылуы және зақымдануы;

тірі адамдарды сот-медицина түрғысынан зерттеу (са-
раптама);

өлу және өлік өзгерістері; өлікті қарап шығу және сот-
медицина түрғысынан зерттеу (сараптама);

айғақты заттарды сот-медицина түрғысынан зерттеу (са-
раптама);

айғақты заттарды медициналық-криминалистік түрғы-
дан зерттеу (сараптама);

тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот-
медицина сараптамасы;

медицина және фармацевтика қызметкерлерін қылмыс-
тық жауапқа тарту туралы істердегі сот-медицина сарапта-
масы.

Сот медицинасы медицина ғылымына жататындықтан, медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады, өйткені ол болашақ дәрігердің білім алуындағы соңғы буын. Ал әрбір дәрігер сот- медицинасының негіздерін білуге тиіс. Оны білу жан-жақты дәрігерлік қызметке қүқылық жағынан ой жүгіртуге ғана емес, сонымен қатар олардың сот-медицина сарапшысы міндетін сауатты атқаруына да көмектеседі.

Біздің заңдарымыз бойынша бүл қызметке сот әділдігі органдары кез келген мамандықтағы дәрігерді тарта алады. Сонымен қатар сот медицинасын заң оқу орындарының студенттері де оқиды, өйткені оның негіздерін білмейінше, тергеу және сот жүмысын жүргізу өте қиын.



Әдетте, сот-медицина сараптамасының объектілері тірі адамдар, өліктер, айғақты заттар, тергеу және сот істерінің материалдары болып табылады.

Сот-медицина сараптамасының жиі кездесетін түрі - тірі адамдарды куәландыру. Бүл сараптама зақымданудың ауырлық дәрежесі, денсаулық жағдайы туралы, жыныстық қылмыстар жағдайында жынысты, сол сияқты жасанды аурулар мен өтірік ауыруды және басқаларын анықтау туралы мәселелерді шешу үшін тағайындалады



Өліктер ең алдымен өлу себептерін анықтау, зорлап өлтірілген бе, жоқ па деген сүрақты шешу үшін зерттеледі. Өлікті көбінесе жеке адамдар зерттейді, бірақ оның комиссия арқы-лы да зерттелуі мүмкін. Сараптаманың бүл түрі сот-медицина мәйітханаларында немесе ауруханалардың патологиялық-анатомі^ялық бөлімдерінің секциялық орындарында жүргізіледі.

Айғақты заттарды сот-медицина түрғысынан зерттеу сарапшының арнаулы даярлығы болуын талап етеді. Әдетте, сараптама объектілері адам денесінен бөлінген заттар немесе оның бөлшектері, мысалы, қан дақтары, үрықтық сүйық, не-сеп, сүт, сондай-ақ адамның шашына немесе әлдебір ағзасына үқсас бөлшектер, т.б. болуы мүмкін. Мүндай зерттеулер Сот-медицина сараптамасы бюросының лабораториясының арнаулы бөлімшелерінде жүргізіледі. Айғақты заттарға медициналық-криминалистік зерттеу аталған лабораториялар-дың барлық физикалық-техникалық бөлімшелерінде өткі-зіледі.

Тергеу және сот істерінің материалдары бойынша жүргізі-летін сот-медицина сараптамасы - зерттеудің ерекше түрі. Оның объектілері - әр түрлі қүжаттар: тексерудің, жауап алудың, тергеу эксперименттерінің хаттамалары, науқастың тарихы, басқа сарапшылардың қорытындылары және т.б.

Сот-медицина сараптамасында зерттеудің алуан түрлі әдістері көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың кейбіреулері өзге де медицина ғылымдары мен медициналық емес ғылымдардан алынған, ал енді бір бөлігі сот дәрігерлерінің өз қызметінде туындайтын бірсыпыра мәселелерді шешу үшін арнайы талдап жасаған бірегей әдістемелері болып табылады. Кейінгі жылдарға зерттеудің осы заманғы нәтижелері алуан түрлі лабораториялық әдістемелердің сот-медицина сараптамасына көп мөлшерде тез енгізілуі тән болып отыр. Бірқатар талаптар бойынша: ғылыми анықтылыгы мен зерттеудің оңайлығы, жеткілікті аспаптар мен реактивтердің пайдаланылуы, зерттелетін объектінің аз шығындалуы, нәтижелердің түрақ-ты болуы, қайталап талдау жасау мүмкіндігі, алынған дерек-тердің нақтылығы мен көрнектілігі жөнінен талапқа сай келетін әдістемелер сот-медицина тәжірибесінде кеңінен қол-данылып, берік орнығуда.

Әр алуан әдістер арасынан секрециялық, гистологиялық, изосерологиялық, биохимиялық, бактериологиялық, фотосуреттік (спекгрдің көзге көрінетін сәулелерінде, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердегі микро және макросурет), спектроскопиялық, рентгенологиялық, трассологиялық әдістер меи түрлі түсті таңбалар әдісін және басқаларын атап көрсетуге болады. Сот-медицина сараптамасын жасаган кезде, аталған әдістердің біреуі көбінесетірі адамдарға, ал басқа


Қазақстанда сот-медицина сараптамасының даму

жолдары

Қазақстан Республикасында ғылым ретінде сот медицинасы және сот-медицина сараптамасы ғылымының іс-тәжірибелік саласы ретінде сот-медицина сараптамасы республиканың денсаулық сақтау ісінің дамуы мен өсуінен шет қалдырылып отырған жоқ. Тарйх қойнауына үңілсек, патшалы Ресей кезінде ғана емес, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да Қазақстанда сот-медицина қызметін бірен-саран дәрігер-лердің өз жұмысына қосымша атқарганын көреміз. Мәселен, 1927 жылға дейін Қазақстанда сот-медицина сараптамасын кездейсоқ дәрігерлер жасап келді, ал олардың қорытынды-лары, негізінен алғанда, өліктерді сырттай қараумен шекте-летін.

1928 жылдан 1933 жылға дейін Алматы қаласында М.В. Фрунзенің інісі Константин Васильевич Фрунзе округтік сот-медицина сарапшысы қызметін атқарды. Білімдар сот дәрігері болған К.В.Фрунзе республикада сот-медицина қыз-метін үйымдастыру жөнінде бірқатар жобалар әзірлеген еді, алайда оларды жүзеге асыруына денсаулығының нашарлап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болуы мүмкіндік бермеді.

Қазақстанда сот-медвдина қызметінің одан кейінгі бүкіл даму кезеңі Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ме-дицина гылымдарының докторы, профессор Семен Михайлович Сидоровтың есімімен байланысты. Ол Омбы мемлекеттік медицина институтының сот медицинасы кафедрасы жанында кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 1935 жылдың қазан айында Алматы мемлекеттік медицина институтының сот-медицина кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалған еді. Сол жылы С.М.Сидоров республиканың Бас сот-медицина сарапшысы да болып тағайындалды, сөйтіп, оның алдына сот медицинасы кафедрасын қүру жөнінде және республикада сот-медицина қызметінің тәжірибелік істерін жүзеге асыру үшін дәрігерлер даярлауды үйымдастыру жөнінде күрделі міндеттер қой-ылды.

Заң жүзінде қүрылғанымен сот медицинасының көрнекі оқу қүралдары да, мекен-жайы да, тиісті тәжірибелік базасы да болмады. Өліктер 3x3,5 шаршы метр кішкене бөлмеде зерттеліп, патологиялық анатомия кафедрасының ауыз бөлмесін-де амбулаториялық қабылдау өткізіліп жүрді.



1937 жылға қарай институтта қалыпты оқу процесі үшін жағдай жасалды, Бас сот-медицина сараптамасының бюросы үшін жаңадан үй салынып, облыстарда сот-медицина және сот-химия лабораториялары бар сот-медицина сараптамаларының бюролары қүрылды. Сот-медицина сарапшылары кадрларын, дәрігерлерді Москеу, Ленинград (қазіргі Санкт- Петербург) және Киев қалалары медициналық жоғары оқу орындарының сот медицинасы кафедраларында мамандан-дыру жолымен даярлау жөнінде едәуір жүмыс жүргізілді. Алайда дәрігерлердің көпшілігі Алматы мемлекеттік медицина институтының сот медицинасы кафедрасы жанындағы жүмыс орнында біліктілігін арттыру арқылы даярлықтан өтетін еді.

Сот-медицина сараптамасының ғылыми және тәжірибелік жүмысы өзара тығыз байланысты болғанына қарамасган, оған С.М.Сидоровтың басшылық етуі арқасында, ғылым ретіндегі сот медицинасы мен сот-медицина сараптамасының осы қалыптасу және даму процесі кезеңдерінің аражігін ажыратып айтуға болады.

1935 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты ғылыми қадрлар жөнінде ғана емес, оқу процесі үшін де қажетті базасы болмағанына қарамастан, сол кезде институттың патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі болған профессор Б.Ф.Малышевтің бастамасымен сот-медицина кафед-расының бір шағын бөлме алғанын атап өткен жөн. Ал 1941 жылы кафедрада 6 адам болды. Бірақ Үлы Отан соғысы басталғаннан кейін кафедра ассистенттерінің көпшілігі майданға кетті де, олардың орнЫн эвакуацияға келген дәрігерлер басты.

Соғыс аяқталған жыл кафедра қызметкерлерінің ғылыми жүмыстар атқара бастаған кездері болды. 1945—1966 жылдар аралығында кафедрада он үш кандидаттық, бір доктор-лық (С.М.Сидоров) диссертация қорғалды.

Кафедра қызметкерлері жүргізген жүмыстардың жалпы токсикологиялық бағыты да ғылыми-тәжірибелік мәселелерін, атап айтқанда, айғақты заттарды сот-медицина сараптамасынан өткізу мәселелерін талдаумен ойдағыдай үштастырылды. Мәселен, С.М.Сидоров шаштың терістаңбаларын алудың, шаштың көлденең қимасын дайындаудың жаңа әдісін, сондай-ақ көміртегі тотығымен уланған жағдайда қанда карбоксигемоглобиннің болуына жаңа сынама үсынды; сондай-ақ жергілікті саңырауқүлақтардан, өрік сүйектерінен улану диагностикасына сот-медицина сараптамасын жа-саудың тәжірибелік мәселелері де талдан жасалды. Сонымен бірге асфикция мен "қақалып өлудің" патогномониялық белгілері анықталды.

Қазақстанда сот-медицина сараптамасының дамуы Алматы медицина институты сот медицинасы кафедрасының дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. 1935 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты жөніндегі бүйрықпен өлкелік сот-медицина инспекторының қызметі белгіленді. Оған дейін сот-медицина сараптамасы Қазақ КСР Л^нсаулық сақтау халық комиссариаты кәсіптік емдеу басқармасынын қарамағында болып келген еді. Алайда бақылау, калрлардаярлау мәселелерін айтпағанның өзінде, сот-медицина сарапшыларының қызметіне іс жүзінде ешкім басшылық етпейтін.

Өлкелік инспекция жүргізген үйымдастыру жұмысы республикадағы сот-медицина қызметінің жай-күйін өте қанағаттанғысыз деп тапты. Өйткені сол кезде республиканың үланбайтақ аумағында небары сегізақ сот-медицина сарап-шысы қызмет көрсеткен, ал олардың да тең жартысы бүл істі өз жүмысымен қоса атқарып жүрген дәрігерлер еді.

1935 жылғы ақпанда С.М. Сидоровтың Қазақстан дәрігер-лерінің бірінші съезінде жасаған баяндамасы бойынша республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариаты мына-дай шешім қабылдады:

  1. Алматы медициналық институты сот медицинасы кафедрасының негізінде бас сот-медицина сараптамасы үйымдастырылсын.

  2. Сот-медицина сараптамасы үшін база салу қолға алынсын.

  3. ҚИЭМА сот-медицина лабораториясы бөлімі сараптама штатына енгізілсін.

  4. РК Денсаулық сақтау халық комиссариатынан сот-медицина қызметін толықтыру үшін дәрігерлер бөлу сүралсын.

Дегенмен де жағдай көп өзгере қойған жоқ. 1937 жылдың аяғына қарай сол кезде 168 ауданнан түратын кең-байтақ Қазақстан аумағында небары 16 сот-медицина сарапшысы жүмыс істеді, олардың да 11-і жүмысты қоса атқарушылар еді. Ал сарапшылардың жүмыс жағдайы өте ауыр еді, мәйітха-налар болған жоқ, тіпті республика астанасы Алматы қала-сының өзінде де өліктерге сот-медициналық және патологиялық-анатомиялық зерттеулер өлікті союға бейімделген бүрынғы күзетшілер үйінде өткізілетін.

1941 жылға дейін сот-медицина сараптау мекемелерінде істейтін дәрігерлер санының жылдан-жылға артқаны аңғарылды. Сөйтіп, Үлы Отан соғысы басталарда олардың саны 61-ге жеткен еді, олардың екеуі ғана жүмысты қоса атқаратын. Соғыстан кейін де сараптама мекемелерінің штаттары өте баяу толықты. Мысалы, 1948 жылы 38 орынның 28-і ғана штатта істейтін сот-медицина сарапшылары болды.

1951 жылы Одақтық және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлікгерінің бүйрықтарымен Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Республикалық сот-медицина сараптама бюросы, ал облыстық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облыстық бағыныстағы қалалар мен^барлық селолық аудандарға қызмет көрсететін облыстық сот-медицина сараптамасы бюролары қүрылды. Сөйтіп, сол кездегі аумақтық бөлініс бойынша Қазақстанда осындай 15 бюро жүмыс істеді.

жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау