НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жылу электр станциясы (ЖЭС) – отынды жағуда бөлінетін энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын бөліп шығарады. ЖЭС үшін отынның негізгі түрлері бөліп шығарады. ЖЭС үшін негізгі түрлері газ, мазут, көмір және торф – табиғи ресурстары табылады.
Жылу электр станциясының (ЖЭС) түрі –жылу энерго орталығы (ЖЭО) болып табылады, ЖЭО – тек электр энергисяын ғана емес, сонымен қатар батареядан жылу желісі арқылы өтетін ыстық су түріндегі жылуды бөлетін жылу электр станциясы болып табылады. Электростанциядан пәтерге (үйімізге) дейінгі энергияның жолы.
Жылу электр станциясының машиналы залында суы бар қазан орнатылған. Жылу электр станциясының сұлбасы 1-суретте көрсетілген. Отынның жануы кезінде қазандағы су бірнеше жүздеген градусқа дейін қыздырылып буға айналады. Қысымның әсерінен бу турбина қалақшаларын айналдырады, ал турбина өз кезегінде генераторды айналдырады. Генератор электр тогын бөліп шығарады. Электр тогы электр желілеріне түседі және ол арқылы қала, ауылдарға, зауыт, мектеп, аурухана электрэнергиясының тасымалдануы 110 – 500 кВ кернеуде, яғни генераторлардың кернеуін арттыратын жағдайда жүзеге асырылады. Кернеуді арттыру электр энергиясын қашық жерлерге тасымалдауда қажет. Одан кейін тұтынушы ыңғайлы деңгейге дейін кернеуді қайта төмендету керек. Кернеуді түрлендіру электрлі станцияларда трансформатор көмегімен жүзеге асырылады. Жер астынан тартылған кабельдер және жерден биікке көтерілген сымдар арқылы тоқ үйлерге жеткізіледі. Ал жылу ыстық су түрінде жер астымен тартылған жылу трассалары бойынша ЖЭО келеді[2].
1-сурет. Жылу электр станциясының сұлбасы
Жылу электр орталықтарының (ЖЭО) артықшылықтары болып табылады: турбинада жұмсалынған бу немесе ыстық су жылытуда, өндірістік және коммуналдық ортаны ыстық сумен қамтамасыз етуде қайтадан қолданылады. Ыстық су және будың эффективті тасымалдануына көп жылуды жоғалту салдарынан құбырларда (20 ÷ 25) км арақашықтықта тасымалдау мүмкін болғандықтан ЖЭО сәйкесінше ірі қалаларда салынады. Одан бөлек, жылу жоғалтуды азайту үшін, ЖЭО тұтынушыға жақын орналасатын шағын станциялармен толықтырып отыру қажет. ЖЭО барлық көрсетілген кемшіліктерінен жылу және электрэнергиясының комбинирленген өндірісі бойынша құрылғыларды көрсетеді, соған байланысты пайдалы отынды қолданудың жалпы қосындысынң коэффициенті (70 ÷ 76) % дейін жоғарылайды [3].
Градилегіш – электростанцияда атмосфералы ауамен суды кептіруге арналған құрылғы.
Буландырғыш қазан – электростанцияда суды қыздыру арқылы буды алуға арналған жабық агрегат. Суды қыздыру отынды жағу арқылы жүзеге асады (Саратов ЖЭО – газды).
Электр берілу желісі. Электр тасымалдануына арналған. Ауалы (жер үстінен тартылған сымдар) және жерастылық (күштік кабельдер) электр берілу желілерінен ажыратады[4].
Достарыңызбен бөлісу: |