Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы «__»_____№___
қаулысымен бекітілді
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелді) бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді, осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінберу сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
Егер діни бірлестіктердің қызметі:
бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеленуге итермелеуге бағытталса;
дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
мемлекеттік қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берген өтініші негіз болады:
стандартықа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.
үй-жайды пайдалануға, тіркелген діни бірлестіктің басшысықол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы қол қойған анықтама-негіздеме.
Анықтама-негіздемеде: діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайды айқындаудағы мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғимараттан үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.
жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылары жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан бұрын болмауы тиіс.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушініңқабылдап алғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған, кіріс құжаттарының күні, қабылданған уақыты мен нөмірі қамтылған, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген өтініштің көшірмесін береді – 15 (он бес) минут;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына бұрыштама ресімдеу үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін айқындайды, тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне береді – 4 (төрт) сағат;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттар топтамасы осы регламенттің 7-тармағының талаптарына сәйкес келуін тексереді және зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі) күнтізбелік дайындайды – 23 (жиырма үш) күн;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін береді – 15 (он бес) минут;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 4 (төрт) сағат;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне жолдайды – 10 (он) минут;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 (он) минут.
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының топтамасын алуы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін айқындау және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттар топтамасын зерделеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау үшін алуы;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған, кіріс құжаттарының күні, қабылданған уақыты мен нөмірі қамтылған, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтініштің көшірмесін береді – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына бұрыштама ресімдеу үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін айқындайды, тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне береді – 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттар топтамасы осы регламенттің 7-тармағының талаптарына сәйкес келуін тексереді және зерделейді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін береді – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алады – 10 (он) минут;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында қамтып көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіз болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр іс-қимылдың мазмұны, оның орындалуының ұзақтығы:
Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімнің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы регламенттің 7-тармағына сәйкес толық болуын тексереді – 5 (бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылса Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) ақпараттық жүйесінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады – 5 (бес) минут;
Жеке басын куәландыратын құжат, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқық белгілеуші құжат және (немесе) жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан соң түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады – 5 (бес) минут;
құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде сұрау салудың қабылданған күні мен нөмірі, сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны, құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушыға беріледі – 5 (бес) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және курьерлік немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып тіркеу туралы белгі қояды, басшыға жолдайды – 15 (он бес) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін айқындайды, тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне береді – 4 (төрт) сағат;
8)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттар топтамасы осы регламенттің 7-тармағының талаптарына сәйкес толық болуын тексереді және зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі) дайындайды – күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін береді – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 10 (он) минут;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не өтінішті одан әрі қарастырудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорация нәтижесінің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қосылған ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік корпорация арқылы функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің: www.din.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурстарында көрсетілген телефондар арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Облыстың жергілікті атқарушы органының мекенжайы
(көрсетілетін қызметті беруші)
Жергілікті атқарушы органның атауы
|
Заңды
мекенжайы
|
Байланыс
телефоны
|
Жұмыс кестесі
|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Петропавл қаласы Парк көшесі, 57 В
|
8-7152-34-01-89
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
|
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде
Достарыңызбен бөлісу: |