Сөж тақырыбы: Түрік қағанаты Орындаған:Қалмахан Л. Тобы



жүктеу 86,96 Kb.
бет4/5
Дата21.05.2022
өлшемі86,96 Kb.
#38728
1   2   3   4   5
Түркі мемлекеттер тарихы

Саясаты.Ал сыртқы саясатына тоқталатын болсақ, отырықшы аудандандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктерді батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болатын. Олар эфталиттерінің батыс тармағымен осы кезеңдерде кездесті, ал эфталиттерді иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді.Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастаған еді. Эфталиттерге тәуелді болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехвели жазуымен қоса эфтали жазуы бар теңгелер дәлел ретінде көрсете алады. Сондықтанда түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Иранның билеушілеріне қолайлы болған. Түрік қағанымен келісімге тұрған Хұсрау І Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттер тартып алады, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамтамасыз тылынан уақытша айырылып қалады. Мұның өзі Иштемиге 563-567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. Түрік пен эфталит арасындағы соғыс біткен бойда Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздықтар туа бастайды.Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын.Сондықтан бұрынғы одақтармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау І Ануширванға Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге бұйырғанда, бұл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барғанына таңдансақта болмайды.Алайда, елшілік сәтсіздікке ұшырайды. Хұсрау І Ануширванмен қатынасты біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйрық береді, сөйтіп, оны Маниахтың көзінше өртейді.Екінші елшілікте дәл осылай сәтсіз болып шығады. Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры ІІ Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді.Маниахтың бұл келіссөзі сәтті болып, қайтқан кезінде түріктердің жаңа одақтасының өкілі Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх бастаған елшілік Кавказды асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті.Бұл елшіліктің сипатталуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Және Византия елшісінің түрік қағанымен келіссөзде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы қимылдаулары туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек мата әкелуге зәру емес болатын. Олар тек түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті.Түріктер бұл келіссөзге оң қарайтын болса да, бұл мәселе туралы нақты шешім қабылданбады.Бұл Иран мен Византия бірдей әлсіретуді көздеу туралы дипломатиялық есеп болуы да мүмкін. Және де бұл дәл солай болып шықты. Өздерінің арасындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия түрік қағанатының істеріне ықпал жасай алмады. Бірақ та жағдай 575 жылы өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты.Тіпті, Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады.Бұған жауап ретінде түріктер атты әскері Киммерия Боспорына, одан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.
Бірақ осыншама кең жерде мемлекеттігі әлі қалыптаса бастау шеңберіндегі Түрік қағанаты ұзақ уақыт тұра алмады. Еуразияның аса үлкен бөлігін қамтыған, әртүрлі тілдерде сөйлейтін және әртүрлі этностарды күшпен біріктірген көшпелілердің әскери империясы болып табылатын ұлы Түрік қағанатын бір орталықтан басқару қиынның қиыны еді.
Өздері мұздай сауытпен құрсанған, бақайшағына дейін қаруланған қуатты әскерге сүйенген жоғарыдан төменге дейін ел басқарған қағандар, тегіндер, шадтар, ябғулар, елтеберлер, тұтықтар және жергілікті рулық-тайпалық бірлестіктерді басқарған бектер үлкен қиыншылықпен қол жеткізген арайлы тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсіне қойған жоқ. Мансапқорлық пен таққұмарлық елді билеген Ашина әулетінің ұрпақтарын меңдеп алып, емі жоқ «ауруға» айналды. Осындай мерез пиғылға тосқауыл қою үшін кезінде данагөй Ашина Мұқан қаған әкесінің орнына баласы таққа отыратын дәстүрді бұзып, ағаның тағына іні отыратын жаңа салтты енгізген еді. Осылайша қаған ауысқанда таққа сарыауыз жас бала емес, ақыл тоқтатқан азамат ие болатын болды. 571 жылы түріктерідің әскери қолбасшысы болып Иштеми Солтүстік Кавказды басып алады,сөйтіп Керчь түбінде, кейбір деректерде Боспорға шыққан. Оның баласы Түріксан Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс бастала бастайды.
Ұлы далада түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: «Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Иштеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті.» Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне бағындырған алғашқы түркі қағандары билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.


  1. Әкімшілік және әлеуметтік құрылымы. 

Түрік қағанаты Маньчжуриядан Боспорға және Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді. Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты. Қытайдан Византияға апарылатын жібектің бір бөлігі қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тәртіп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды. Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты — ябғу, шад т.б. құрылды. Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тәжірибелі адамдардың қолында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердің байырғы қонысы — Алтайда орналасты.
Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун (мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. Үстем тап, яғни «бектер» ақсүйектер билік тобын құрады. Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушілер «ашина» терминін әрқилы саралайды, біреулері бұл сөзді «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.
Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бүдундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған. Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Соғыста ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тіпті ең кедей ердің өзі бектің алдында еркіндігін сақтап қалды. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды.
Жаулап алғанға дейін бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.
Тәңірлік дін – Түркі қағанатының мемлекеттік діні болды. Көкке – Тәңірге, қара жерге, суға табынған. Түркі халқы о дүниені жер үстіндегі тірліктің жалғасы деп түсінген. Дүниеден қайтқан кісінің қазасына жоқтау шығарып айтқан. Қағанаттың халқы түркі жазуын қолданып, түркі тілінде сөйледі. Сол тілдегі әйгілі тас қашау жазуларын қалдырды. Шығысында Қытай қорғаны мен Батысында Темірқақпа (Дербент) арасында біртұтас мемлекет құрған түркінің даңқты ерлері: «Басы барды – идірдік, тізесі барды – бүктірдік» деген сөздерді тасқа қашап қалдырған.

  1. Мемлекеттің ыдырауы.

VI ғасырдың 60-90-жылдарында Түрік қағанаты іштей қуатты және көршілер үшін қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерінің кіріс көзі деп білді. Қытайлар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы күрес олардың басты міндетіне айналды.
Мұқаннан кейін таққа оның ұлы Табар (572-581жж.) отырып, Қытайлар мен ынтымақта тұрды, елдің саяси басқару жүйесін өзгертіп, ағасына елдің сол қанатын, інісі Бөле ханға оң қанатын басқартты, орталық билікті өз қолында қалдырды. Көшпенді жұртты басқарудың дәстүрлі жолы болғанымен бұл ақсүйектердің билік үшін тартысын қоздырды. Шабалио қағанының тұсында орталық Моңғолия тайпалары бірнеше дүркін бас көтерді. Шабалио көтерілісті басқанымен, бас көтеру тиылған жоқ. Және осы кезеңдерде Иштеми өлгеннен соң, және іштей қырқысқа 587-590 жылдары мемлекетті үш қаған билегеніде себеп бола отырып, мемлекет әлсірей бастайды. Мұны Қытайдың Суй әулетінің басшылары шебер пайдаланып, тайпа басшыларын бір-біріне айдап салып отырды. Осы кездері күшейіп алған Иран 588 жылы Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, және түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.



  1. жүктеу 86,96 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау