СӨЖ
Тақырыбы:
Жұқпалы үрдіс патофизиологиясы. Сепсис.
Орындаған: Әбдікәрім А. Ә.
Факультет: Жалпы медицина
Курс: 2
Топ:15-002-01
Тексерген: Мырзагулова С.Е.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСфЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
| |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСфЕНДИЯРОВА
| Жоспары: - І. Кіріспе
- ІІ. Негізгі бөлім
- 1. Жұқпалы үрдістің түрлері.
- 2. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының түрлері.
- 3. Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар.
- 4. Жұқпалы үрдіс патогенезі, ерекшеліктері мен өту сатылары.
- 5. Жұқпа қоздырғыштарына ағзаның қорғанып-бейімделу жолдары.
- 6. Сепсис.
- 7. Жұқпалы үрдісті емдеу негіздері.
- ІІІ. Қорытынды
Кіріспе - Жұқпалар сезімтал организм мен микробтардың өзара әсерлерінен дамиды. Жұқпалы аурулардың, басқа аурулар сияқты, өздерінің себепкер ықпалдары мен даму жолдары болады. Олардың дамуында сырттан енген жұқпаларға қарсы тұтас организмнің, жүйелердің, ағзалар мен тіндердің және жасушалардың деңгейлерінде қорғаныстық тетіктері қосылады. Бұл тетіктер жеткілікті болғанда организм жұқпалардан нәтижелі қорғанып, сырқаттану болмайды немесе ол жеңіл түрде ғана болады. Ал олар жеткіліксіз болғанда ауыр жұқпалы аурулар дамиды.
Жұқпалы үрдістің түрлері - ● Сепсис – жұқпалардың бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы болады;
- ● Септикопиемия – науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен тіндерінде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі;
- ● Бактериемия, вирусемия, фунгиемия – бактериялардың, вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен, көрінетін түрі;
- ● Салдарлық жұқпалар – организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде екінші бір микробтардан туындаған жұқпалы үрдістің түрі;
- ● Микстинфекция – бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын жұқпалы үрдіс түрі;
- ● Реинфекция – науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті туындатқан микробтың әсерінен жұқпалы үрдістің қайталануы;
- ● Суперинфекция – науқас адам сауықпай жатып, сол дерт туындатқан микробты қайта жұқтыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |