Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері. - Жұқпалы үрдістерді емдеу үш бағытта жүргізілуі қажет. Ол, біріншіден, туындатқан себепкер ықпалға қарсы бағытталады. Осы мақсатта бактерияларға, вирустарға, қарапайым жәндіктер мен құрттарға, майда саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
- Екіншіден, аурудың даму жолдарындағы маңызды тетікті үзуге бағытталады. Ол үшін:
- ● организмді уытсыздандыру емшаралары (қанға сұйық енгізу, гемодиализ, плазмаферез, гемосорбция, микробтардың уыттарына қарсы емдік сарысулар енгізу т.б.);
- ● қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер мен емшаралар;
- ● иммунитетті емдеу, иммундық жүйені қалпына келтіруге бағытталған емшаралар;
- ● ағзалар мен тіндердің қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған емшаралар;
- ● организмнің ішкі тұрақтылық көрсеткіштерін (рН, рО2, рСО2, электролиттер мен судың көлемін т.с.с.) қалпына келтіруге бағытталған емшаралар – қолданылады.
- Үшіншіден, аурудың әйгіленімдерін азайтуға немесе жоюға бағытталған емшаралар пайдаланылады. Осы мақсатта бас ауыруын басатын, ұйықтататын, көңіл-күйін жақсартатын, ауырусынуды жоятын дәрі-дәрмектер қолданылады.
Қорытынды - Жұқпалы аурулардың, басқа аурулар сияқты, өздерінің себепкер ықпалдары мен даму жолдары болады. Олардың дамуында сырттан енген жұқпаларға қарсы тұтас организмнің, жүйелердің, ағзалар мен тіндердің және жасушалардың деңгейлерінде қорғаныстық тетіктері қосылады. Бұл тетіктер жеткілікті болғанда организм жұқпалардан нәтижелі қорғанып, сырқаттану болмайды немесе ол жеңіл түрде ғана болады. Ал олар жеткіліксіз болғанда ауыр жұқпалы аурулар дамиды.
- Сепсис – жұқпалардың бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы болады;
- Жұқпалы үрдістерді емдеу үш бағытта жүргізілуі қажет. Ол, біріншіден, туындатқан себепкер ықпалға қарсы бағытталады. Осы мақсатта бактерияларға, вирустарға, қарапайым жәндіктер мен құрттарға, майда саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: - «Патофизиология», Әбділман Нұрмұхамбетұлы, Алматы 2011, 312-316 бет
- http://kazmedic.kz/archives/1165
- Пат.физиология оқулығы , П.Ф. Литвицкий, 1 том
- Пат.физиология оқулығы , П.Ф. Литвицкий, 2 том
- «Основы патологической физиологии» , В.В. Михайлов.
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Сепсис
Достарыңызбен бөлісу: |