СӨЖ 12. Мүшелердің және функциялардың эволюциясы
1.Организмнің біртұтастығы және мүшелерінің автономдылығы.
2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары: мүшелердің мультифункционалдылығы және функциялардың сан жағынан өзгеруі.
3. Биосфера эволюциясы.Ноосфера.
4.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар,олардың себептері және биосфераның эволюцияға әсері.
1.Организмнің біртұтастығы және мүшелерінің автономдылығы.
Организм дегеніміз - өзін-өзі қайталап жасауға, өздігінен дамуға және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар тірі биологиялық біртұтас жүйе. Организм түрлік жағынан өзін бірыңғай тұтас нәрсе ретінде көрсетеді.
Организмнің тұтастығы, яғни оның бірігуі (интеграциялануы):
Организмнің барлық бөлшектерінің ( жасуша, тін, ағза, сұйықтар т.б ) қосылуымен;
Организмнің барлық бөліктерінің : а)оның тамырларында , қуыстары мен кеңістіктерінде айнала ағып жататын сұйықтардың (гуморалдық байланыс, humor-сұйықтық); ә) организмнің барлық үрдістерін реттейтін нерв жүйесінің көмегі арқылы байланысуымен қамтамасыз етіледі. Әлі нерв жүйесі жоқ қарапайым біржасушалы организмдерге (мысалы , амебалар ) байланыстың тек бір ғана түрі -гуморалдық байланыс тән. Нерв жүйесінің дамуымен байланысты - гуморалдық және нервтік байланыстар пайда болып, жануарлар құрылысы күрделеніп, нерв жүйесі дамыған сайын '' денені меңгеріп '', әрі организмнің барлық үрдістерін, оның ішінде гуморалдық үрдістерді де өзіне бағындырды. Нәтижесінде нерв жүйесінің жетекшілік рөлімен бірыңғай нейрогуморалдық реттелу құрылды.
2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары: мүшелердің мультифункционалдылығы және функциялардың сан жағынан өзгеруі.
Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері. Әрбір мүше үшін мультифункциональдылық ал қызметі үшін сандық өзгеруге қабілеттілік тән. Бұл категориялар мүшелер мен олардың қызметтерінің эволюциялық өзгерулерінің барлық принциптерінің негізінде жатыр.
3. Биосфера эволюциясы.Ноосфера.
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.
4.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюцияға әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |