Смж құжаты сж 5/1-07-2016 Тәрбие жұмыстарының есебі Баспа Енгізу күні 05. 01. 2016 1



жүктеу 494,89 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата22.05.2018
өлшемі494,89 Kb.
#16018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

СМЖ құжаты  

СЖ 15/1-07-2016 

 

Тәрбие жұмыстарының есебі 



Баспа 4 

Енгізу күні 05.01.2016 

 

14 


 

5. 

Рухани адамгершілік тәрбие 

Ел тәуелсіздігін алғалы төл мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз, тарихымыз қайта 

жаңғырды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында  елдің мәдени саласында тиімді 

реформалар  жасалып,  ауқымды  істер  атқарылуда  Елбасымыз  Н.А.Назарбаевтың  2017 

жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жарияланған бағдарламалық 

мақаласы  аясында  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-дің  атқарып  жатқан  жұмыстары  

жетерлік.  Біздің  университетіміз  облысымыздағы  беделді  білім  ордасы  ғана  емес,  үлкен 

мәдени орталық. Қазақстанда санаулы жоғары оқу орындарында ғана өз университетінің 

тарихынан сыр шертетін мұражайы бар. Өйткені мұражай ашу, оны тарихи жәдігерлермен 

толтыру – ауқымды қаражат пен тынымсыз ізденісті қажет ететін іс. Біздің мұражай – бұл 

университеттің  мақтанышы,  біздің  тарихымыз,  жетістіктеріміз,  мәдениетімізден  сыр 

шертетін  тарихи  мәні жоғары  орталық.  Мұражайдың  студенттеріміздің  рухани  ой-өрісін 

дамытуға, мәдени сауатын арттыруға қосып отырған үлесі зор. 

Мұражай  1998  жылы  ашылды.  Мұражайдың  дизайнын  жасаған,  елімізге  еңбегі 

сіңген архитектор Сапаргалиев Малик Кинаятович. Мұражайдың тұсаукесері 2001 жылы 5 

маусымда салтанатты түрде ҚР мемлекетік хатшысы, қоғам қайраткері, халық жазушысы 

Әбіш  Кекілбаевтың  қатысуымен  ашылған  болатын.  Атақты  жазушымыз  «Аты  әлемге 

мәшһүр Тараз шаһарындағы М.Х.Дулати атындағы университетте шәкірттер үшін басты 

дәрісхана  мұражай»  –  деп    қолтаңба  қалдырды.  Мұражай  құрылған  күннен  бастап 

университет  тарихы  мен  ғылымына  байланысты  2000-ға  жуық  жәдігерлер  қоры 

жинақталған. 

Жалпы мұражай бес залдан тұрады: 

1) 

М.Х.Дулати бабамызға арналған зал. 



2) 

Ректорлар залы. 

3) 

Университеттің кешегісі мен бүгіні. 



4) 

Халықаралық зал. 

5) 

Ұлттық этнографиялық зал. 



2016 жылы 985 1 курс студенттері мұражаймен танысса, 2017 жылы 1014 студент, 

2 – 


4 курс  4365 студент мұражаймен танысты, 63 рет  сырттан келген қонақтарға, зиялы 

қауым  өкілдері  мен  ғалымдарға,  экскурсия  жүргізілді.  30-дан  астам  дөңгелек  үстел 

өткізілді.  Атап  айтсақ,  Қаракерей  Қабанбай  батырдың  325  жылдығы,  Алаш  ұлт-азаттық 

қозғалысының  100  жылдығы,  Алаш  қайраткерлеріне,    Әлихан  Бөкейхановтың  150 

жылдығы,  Мағжан  Жұмабаевтың  125  жылдығы,  Смағұл  Садуақасұлының  туғанына  117 

жыл,  М.Әуезовтың  120  жылдығы,  сондай-ақ  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыруға» 

байланысты,  ф.ғ.д.,  профессор  Мекемтас  Мырзахметұлының  филология  және 

журналистика мамандығының 1 курс студенттерімен бірге дөңгелек үстел өткізуі және т.б. 

Университет жатақханаларында  Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген 

Елбасы» атты тақырыпта студенттермен  пікір алмасу кештері жүргізілді. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  мұражайымен  20.05.2016  жылы  екі  жақты 

меморандумға  қол  қойылды.  ҚР  Ұлттық  мұражайында  «Музей  экспозициясы:  қазіргі 

заманғы тәжірибе және мүмкіндік. Музейдегі ғылыми қор жұмысы: жинақтау, есепке алу 

және музей коллекцияларын сақтау» атты ғылыми-практикалық оқу семинарына мұражай 

меңгерушісі  барып,  өз  біліктілігін  арттырып  келді.  «Мұражай  –  тарихи  қазына», 

«Руханият ордасы – мұражай», «Мұражай – ұлт бейнесі» тақырыптарында республикалық 

ғылыми журналдарда, атап айтсақ  «Ғылым жолы», ҚР Ұлттық мұражайының журналына, 

«Білім  және  өнер»  журналдарына  мақала  жарияланды.  Сондай-ақ,  өзіміздің  облыстық 

өлкетану мұражайын 2016-2017 жыл аралығында 3000 мыңға жуық студенттеріміз барып 

тамашалады. 




СМЖ құжаты  

СЖ 15/1-07-2016 

 

Тәрбие жұмыстарының есебі 



Баспа 4 

Енгізу күні 05.01.2016 

 

15 


 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.А.Назарбаевтың  2017  жылдың  сәуір 

айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын М.Х.Дулати 

атындағы  ТарМУ-де  талқылау,  насихаттау  және  одан  туындайтын  міндеттерді  жүзеге 

асыру  бойынша,  жастардың  бойында  патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  және  туған 

жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, еліміздегі мұражайлардың виртуалдық 

нұсқасын дайындау үшін арнайы өкім етіліп төмендегі жұмыс тобы құрылды. 

Кульбаева  А.М.- ТарМУ мұражайы меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі



Дәулет А.У.- Студенттік телестудия басшысы, 

Құспаев Т.К.- Медиа-қызметінің баспасөз хатшысы, 



Қалабаева А.Т.- Мұражай қор сақтаушысы. 

Осы  топ  мүшелері  бірлесе  отырып  виртуалды  мұражайдың  3Д  форматында 

дыбыссыз, яғни қазақ күйінің сүйемелдеуі негізінде екі жарым минуттық нұсқасы және де 

видеоролик түрінде 5 минуттық қазақша, орысша нұсқасын дайындады. 

Сонымен  қатар «Жетім көрсең, жебей жүр» - деп қазақ айтқандай, студенттерді 

ізеттілікке,  мейірімділікке  баулу  мақсатында  және  қамқорлыққа  мұқтаж,  мүмкіндіктері 

шектеулі азаматтарға көмек көрсетуге арналған іс-шаралар келесідей: 

3.10.2017ж.  ақпараттық  технологиялар,  автоматика  және  телекоммуникация 

факультетінің  «Математика»  кафедрасының  профессор  оқытушылары  «Қарттар  күні» 

мерекесіне  орай,  Тараз  қ.  №1  қарттар  және  мүгедектер  үйіне  барып  «Қарттарым  асыл 

қазынам» атты  мерекелік концерт ұйымдастырды. 

 

3.10.2017ж. мұнай, газ және механика факультетінің белсенді студенттері Асқаров 



көшісінің бойындағы Қарттар уйіне «Қарттарым асылым» акциясын өткізді. 

11.11.2017ж. экономика және бизнес факультеті «Менеджмент» кафедрасының аға 

оқытушысы,  э.ғ.к.  Қ.Ж.  Көшербаевтың  бастауымен  өзі  демеушілік  ететін  Сармолдаев 

атындағы  балалар  үйінде  қайырымдылық  іс-шарасы  (сабақ  оқитын  парта 

орындықтарымен, перде т.с.с. заттармен қамтамасыз етті.) акцияларын өткізді.  

2.12.2017

ж.  ақпараттық  технологиялар,  автоматика  және  телекоммуникация 

факультетінің белсенді студенттері Сармолдаев атындағы балалар үйінде қайырымдылық  

концерт ұйымдастырды. 

Сондай ақ жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты 

руханилыққа  тәрбиелеп,  тағдыр  тәлкегіне  ұшырап,  ата-ананың  қарауынсыз  қалған 

балаларға  жаңа  2018  жыл  қарсаңында  әлеуметтік  және  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі 

бөлімнің  ұйымдастыруымен  университеттегі  барлық  факультет  декандарының  тәрбие 

жұмыстары  жөніндегі  орынбасарлары,  әлеуметтік  және  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі 

бөлімі  әлеуметтік,  тұрмыс-тіршілігі  төмен  отбасына  және  Жамбыл  облыстық  

Жасөспірімдер  үйіне  жаңа  жылдық  сыйлықтар,  киім-кешек,  қаржылай  және  азық-түлік 

апарып қайырымдылық акциясын өткізді.   

5.1. 

Ұлтаралық төзімділік пен интернационализмге тәрбиелеу 

Қазіргі  жастар  арасындағы  негізгі  мәселерді  анықтау  және  мемлекеттік  жастар 

саясатындағы  өзекті  мәселерді  шешу  жолдарын  ұсыну,  патриоттық  сана-сезімін  сіңдіру, 

этносаралық  төзімділікті  даму  үрдістерін  анықтау  және  жалпы  Жамбыл  облысында 

орындалып  жатқан  әлеуметті-маңызды  жобаларды  іске  асыру  мақсатында  2012  жылдан 

бастап  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің  жанынан  «Жастар» 

ғылыми-зерттеу  орталығы  құрылған.  Орталық  тарапынан  әр  түрлі  аса  ауқымды 

тақырыптарда    комплексті  әлеуметтік  зерттеулер  жүргізіп  тұрады.  Ғылыми  зерделеу  

нәтижелері тек университеттің тәрбиелік тәжірибе жұмысында ғана емес, жалпы Жамбыл 

өңіріндегі жастар саясатын іске асыру жұмыстарындада кеңінен пайдалануда.  

27.09.2017ж.  «Жастар»  ғылыми-зерттеу  орталығының  ұйымдастыруымен  Тараз 

қаласының  «Қоғамдық  келісім»  КММ  конференц-залында  жалпы  ұлттық  бірлік  пен 




жүктеу 494,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау