Сызықты және сызықты емес тізбектердің теориясы



жүктеу 6,39 Mb.
бет46/67
Дата03.03.2018
өлшемі6,39 Mb.
#11099
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Бақылау сұрақтары

1 Сызықты және сызықты емес трансформаторлардың ВАС салу.

2 Осы трансформаторлардың қайсысын синусоидалы емес тогын алу үшін, синусоидалы кернеуге қосу қажет және неге?

3 Жиілік көбейткіштері қандай принциппен жұмыс істейді?

4 Жиіліктің бірфазалы ферромагниттік үш есе күшейткіштің жұмыс принципін түсіндіру.

5 Неге қосындылық магнит ағыны синусоидалы кіру кернеу кезінде синусоидалы, ал әрбір трансформатордағы магнит ағыны синусоидалы емес?

6 Негізгі жиіліктің толық өтеу моментін қалай анықтауға болады (үш есе күшейту моменті)?

7 Қайда және неге жиілік көбейткіштері қолданылады?



8 Әр түрлі жиілікті екі синусоиданы қалай қосуға болады?

2 Зертханалық жұмыс
Токтар феррорезонансы

Жұмыс мақсаты: конденсатор мен ферромагнитті өзекшесі бар индуктивтіліктің параллель қосылған тізбегіндегі токтар феррорезонансын зерттеу.
2.1 Қысқаша теориялық мәліметтер

Айнымалы токтың сызықты электрлік тізбектерінде индуктивтілік пен сыйымдылықтың кедергілері өзара өтеледі және тізбектің баламалы реактивті кедергісі нөлге тең болады. Бұл жағдайда, реактивті кедергі болса да, ток пен кернеу фаза бойынша сәйкес келеді. Сызықты тізбектердегі бұл құбылысты резонанс деп атайды. R, L, C элементтерінің параллель қосылған тізбегінде реактивтік өткізгіштіктердің тең болуы кезінде токтар резонансы пайда болады. Токтар резонансының шарты немесе .

Болаттан жасалған өзекшесі бар индуктивтілік (сызықты емес индуктивтілік) пен конденсатордан тұратын сызықты емес тізбекті жоғары гармоникалардың болуынан және ток пен кернеудің әсерлік мәндері арасында сызықты емес тәуелділік болғандықтан резонанс құбылысын байқау қиын. Сызықты емес индуктивтілік пен конденсатордың параллель қосылуы кезінде токты баяу өзгерткенде кернеудің негізгі гармоникасының фазасы мен амплитудасының секіріп өзгеруі байқалады. Токты өзгерте отырып сызықты емес индуктивтілік пен конденсатордың волтьамперлік (ВАС) сипаттамалары қиылысқан кезде токтар феррорезонансының режимі пайда болады, яғни - тан дейін (2.2 сурет).

2.1 Сурет 2.2 Сурет


Егер, ораманың активті кедергісін және жоғары гармониканың шығындарын ескермесек, токтар фероререзонансының шарты IL =Ic теңдігімен өрнектеледі. Сызықты емес индуктивтілік пен конденсатордың белгілі ВАС бойынша кернеулері тең болғанда сәйкес келетін ВАС токтарын алып тастап, барлық тізбектің нәтижелік ВАС алуға болады (2.3 сурет).


1(I) – сызықты емес индуктивтіліктің ВАС

2(I) – конденсатордың ВАС

3(I) – барлық тізбектің ВАС

2.3 Сурет

2.3 суретіндегі а нүктесі индуктивтілік пен сыйымдылықтың реактивтілік токтарының тең болуына сәйкес келеді және токтар феррорезонансының нүктесі болып табылады.

Тізбек тәжірибеде кернеу көзінен қоректенсе (энергия көзінің кедергісі тізбек кедергісінен аса кем болады) тізбектің жалпы тогы мен I жұмсалған кернеу U арасында баяу тәуелділік көрінеді (2.4 сурет).



2.4 Сурет

Тізбек ток көзінен қоректенсе (энергия көзінің ішкі кедергісі тұтынушының кедергісінен аса үлкен болады) кейбір моменттерде фазаның «аударылуымен» жалғасатын кернеудің «секіруі» байқалады (2.5 сурет), («секіруге» дейін – ток кернеуден фаза бойынша озады, «секіруден» кейін – ток кернеуден фаза бойынша қалады).

I


2.5 Сурет
Энергия көзінің тогы шамалы өзгерген кезде тізбек кернеуінің күрт өзгеру құбылысын параллель феррорезонанс тізбегінің триггерлік эффекттісі деп атайды. Графикалық тәуелділікте (2.5 сурет) I тогының өсуі кезінде U кернеуі b нүктесіне дейін баяу өзгереді, сол кезде ол U кернеуінен фаза бойынша озып тұрады. b нүктесінде кернеу b нүктесіне сәйкес келетін шамаға дейін өзгереді. Бұл кезде фаза «аударылады» – ток фаза бойынша кернеуден қалып тұрады. I тогының төмендеуі кезінде кернеу с нүктесіне дейін баяу өзгереді де, с нүктесіне сәйкес шамаға дейін секіріп өзгереді.

Сондықтан, тізбек ток көзінен қоректенгенде b-с бөлігі тізбек жұмысының тұрақты емес облысы болып саналады.


жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау