Сызықтық функция және оның графигі



жүктеу 15,76 Kb.
Дата14.09.2023
өлшемі15,76 Kb.
#43370
Сызықтық функция және оның графигі


Сызықтық функция және оның графигі
у = kx + l (мұндағы x – тәуелсіз айнымалы, k және l – қандай бір сандар) формуласымен берілген функция сызықтық деп аталады.
Мысалы, y=2x−3, y=−5x+1,2, т.с.с.
Сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады.
Сызықтық функцияның графигі түзу болғандықтан, екі нүктенің координатасын тауып, түзу салу керек.
Ол нүктенің бірі ретінде абсциссасы 0-ге тең нүктені алған тиімді.
Мысалы, y= x−4 функциясының графигін салайық. Ол үшін х = 0, у = –4, А(0; –4) және х = 3, y = –2, В (3; –2) нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп, осы нүктелер арқылы түзу сызу жеткілікті.
Берілген нүктенің түзуге тиісті немесе тиісті болмауын анықтау үшін нүктенің координаталары х пен у-тың орнына қойып, дұрыс теңсіздік шығатынын тексеру керек.
Мысалы, у = 2х + 3 функциясының графигіне А(–1; 1) және В(2; 5) нүктелерінің тиісті болатынын не болмайтынын анықтайық. Ол үшін:
А нүктесі: 1 = 2 · (–1) + 3; 1 = 1 ⇒ тиісті;
В нүктесі: 5 = 2 · 2 + 3; 5≠7 ⇒ тиісті емес.
y=kx+l функциясының графигі > 0 болса, І және ІІІ ширектеk < 0 болса, ІІ және ІV ширекте орналасады.
Cызықтық функцияның дербес жағдайлары
y=kx+l функциясында l = 0 болса, онда y=kx түрінде болады.
y=kx формуласымен берілген функцияны тура пропорционалдық деп аталады.
Мысалы, у = 2x; y= x; y=−1,2x; y= − x; у = kx тура пропорционалдығының графигі – координаталар басы арқылы өтетін түзу болса, І, ІІІ ширектеk > 0 болса, ІІ, ІV ширекте жатады.
k = 0 болса, онда у = l тұрақты функция болады, оның графигі ОХ осіне параллель түзулер.
Егер k мәндері тең болсау = kx және у = kx + l түзулері өзара параллель болып орналасады.
Сызықтық функциялар графиктерінің орналасуы
Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функциялардың графиктері қиылысу үшін бұрыштық коэффициенттері (х-тың алдындағы коэффициент) тең болмауы керек.
Мысалы, = 3+ 2 мен = 2– 3 болса, онда бұл графиктер бір нүктеде қиылысады. Оны табу үшін: 3+ 2 = 2– 3, = –5, = 3 · (–5) + 2 = –15 + 2 = –13. Ендеше (–5; –13) нүктесінде қиылысады.
Егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері параллель болатын түзулер болады.
Мысалы, y = x−5 және y = x+3 функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең k= , олар параллель болады.
жүктеу 15,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау