Сыныптағы диалогтың маңызы
Тукпиева Ансаған Ибраевна
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылы
Оқушының білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
«Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілі. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндіктері болады. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетеді. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларын бөліседі, пікірлеседі, білімді бірлесіп алады, өз білімін толықтырады.
Диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, ашығын айтсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас жасады. Барлық сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын.
Диалогтық оқыту арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы сұрақтардың маңызы .
Оқушылар көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен, мұғалімдермен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады. Диалогтық оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтауға, сыни тұрғыдан ойлауға, әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек берді. Сыныптағы диалог мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың қандай деңгейде екендігін білуге көмектессе, оқушылардың тілдік қорын, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартты, білімдерін кеңейтті.
Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді . Ал Барнстың пікірінше сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан . Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Дәлелдеме идея мен мүмкіндіктерді ілгерілету және келісу деген анықтама береді. Оқушылар құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады . Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден- бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Келесі ғалымдардың Рэгг және Браун пайымдауынша оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен. Олардың еңбегінде жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау мәселесі қарастырылған . Харгривс пен Гэлтон ойларынша күту уақыты үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді . Диалог арқылы оқытуға В. Л.Скалкин мынадай сипаттама бере отырып «Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол- өзара байланысы бар мәтін»,- дейді. Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы, оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Талқылау мен диалог өзінің танымдылығы мен ерекшеленеді.
Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет. Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мүмкіндік береді.
Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар диалогтік кезінде (Барнс, 1971) өте белсенді болды. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Күрделі емес пікір сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білуді үйренгенінің өзі мен үшін де, оқушы үшін де жетістік болды.
Мәтін бойынша тапсырма берсек, оқушы түсінбедім деген сұрақ қойса, біз оған түсіндіруге уақыт жібереміз, ал бір партадағы екі оқушыға тапсырсақ олар ақылдасып, бір-бірімен кеңесіп жетеді Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды.Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түседі. Күннен-күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастайды. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түседі. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренеді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетелейді.
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі
Тақырыбы:
Сыныптағы диалогтың маңызы
Әзірлеген:Тұқпиева А.Ы
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |