. Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі.
Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады. Жүген– атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.
Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы.Тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.
Тоқым – аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.
Құйысқан– өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.
Үзеңгі – атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.
Үзеңгілік– үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.
Тебінгі – атқа үзеңгі тимес үшін және киім ат терімен бүлінбес үшін тоқымға жалғасатын әбзел.
Шылбыр – жылқы ноқтасына тағылатын берік еспе бау.
Ат-әбзелдері – атқа міну және жегу үшін пайдаланатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.
Ер-тұрман – салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы
6 оқушы:
Жылқының бір жылдық ауа – райын болжайтын қасиеті де бар. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады. Жылқы басын көп шұғыса, келер қыс жайсыз болады. Ата — бабамыз қымызы бал, еті дертке дауа, мінсе ер қанаты болған Қамбар ата тұқымын осындай көреген жаратылысы, сезімталдығы үшін де ерекше пір тұтқан.
Жүргізуші: Сарапшыларға сөз кезегі беріледі, Мадақтау, марапаттау.
Мұғалім:
Бәйгенің бірден – бір шарты атты баптап қосу. Атты атабегілер баптайды. Қазақта «ат шаппайды, бап шабады» деген сөз бар. Бәйгенің негізгі түрлері: тай, құнан, дөнен, жорға жарыс. Атқұмар бапкерлер шаңтимес жүйріктерін адамша қастерлейді, кірлі қолмен ұстамайды. Атты баптау ұқыптылықты талап етеді. дегендей бүгін оза шауып келген топты құттықтап, осындай елімізді, жерімізді қорғайтын батыр ұлдарымыз өсіп келе жатқандығын көру қандай тамаша. Бүгінгі сабақтан көп ой түйіп, білгендерің көп болды деп ойлаймын. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |