Абрахам де Муавр
Колин Маклорен
Абрахам де Муавр— француз текті ағылшын математигі. Францияда, гугенот дәрігерінің асыл емес отбасында дүниеге келген. Тегінің алдына Де сөзін өз бастамасымен қосқан. 11 жасында ол Седандағы протестанттық академиясына оқуға түсіп, онда 4 жыл оқиды, содан кейін академияға билік тарапынан тыйым салынды (1682). Муавр білімін Сомурда жалғастырды (2 жыл). Гюйгенстің еңбектерінен ықтималдық теориясымен осы кезде таныс болады.
Абрахам де Муавр
Содан кейін шамамен бір жыл бойы Муавр Парижде физика-математика бойынша лекцияларды тыңдады, бірақ 1685 жылы Людовик XIV Нант жарлығын ресми түрде жойды, протестанттардың қысымы қайта басталды, Муаврдың өзі түрмеге жабылды. Оның түрмеге қамалуының егжей-тегжейлері белгісіз, сол себепті ол туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
1688 жылы Лондонға қоныстанып, өмірінің соңына дейін сонда өмір сүрді. Ол жеке ұстаздықпен күн көрді. Көп ұзамай Муавр талантты математик ретінде танымал болды, бірақ шетелдік ретінде оның ағылшын оқу орнында кафедра меңгеру мүмкіндігі болмады.
Достарыңызбен бөлісу: |