Сыныбы: 9 сынып



Дата26.11.2018
өлшемі59 Kb.
#24650
түріСабақ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚ
Битаева Салтанат Есенгелдіқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі


Сыныбы: 9 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы

қоғамдық-саяси жағдайы

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына талдау жасау, саяси қысым жағдайындағы республиканың сол кезеңдегі даму қорытындыларын шығару;


Сабақтың міндеттері:

а)білімдік: Оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау;

ә)тәрбиелік: Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету;

б)дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажыратып білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландырып, ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі Шығармашылық ізденіс, проблемалық оқыту

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалық мазмұндау

әдісі, топтық шағармашылық жұмыстар



Сабақта қолданылатын жаңа технология: Интерактивті оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек-сызбалар, ұлт зиялыларының

суреттері, үлестірмелі топтамалар, слайдтар



Базалық білім: Жеке басқа табынушылықтың шегіне жетуі, зардаптары, сталиндік репрессия

құрбандары, Қазақстандағы ГУЛАГ түрмелері



Тірек ұғымдар: Бюрократия, репрессия, «Голощекин геноциді», ГУЛАГ, жеке басқа табыну,

тоталитаризм



Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет

Тақырыпты оқыту жоспары:

1.Сталинизмнің орнығуы. Жазалау шараларының күшеюі.

2.Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері.

3.Қазақстан - лагерьлер өлкесі.

4.Зұлматты жылдар сұмдықтары.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық:

-оқушылармен қалыпты психологиялық климат орнату;

-оқушыларды үш ғылыми орталыққа бөлу, орталық жетекшілерін тағайындау,

ғылыми орталықтарға ат қою;



  1. «Өлкетану» ғылыми орталығы;

  2. «Тарих» ғылыми орталығы;

  3. «Ақиқат» ғылыми орталығы;

ІІ.Жаңа білімді меңгерту: §14.Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы

қоғамдық-саяси жағдайы

Жаңа сабақты баяндау барысында оқушыларға төмендегідей кестеге тақырыптағы басты ұғымдар, даталар, атаулар мен сандық мәліметтерді түсіріп отыруды тапсырдым. Бұл кесте сабақты бекіту бөлімінде талқыланады.

«Ой түйін» кестесі:


Басты ұғымдар

Даталар

Атаулар, есімдер

Сандық мәліметтер












Мұғалім кіріспесі: Жоспардың бірінші мәселесін тірек-сызба арқылы түсіндірдім.

1-тірек-сызба


20-40ж.КСРО-да сталинизмнің орнығуы, социализмнің тоталитарлық сипаты





Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.

Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар

іс-жүзінде толық егемендік алмады.



Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.

НӘТИЖЕСІНДЕ


Жазалау органдарының қызметі күшейтілді

Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді



Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс-жүзіне асырылды



ІІІ. «Ғылыми зерттеулерге жол ашық»

Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз зерттеулерін талдап, қорытындылайды.



Шарты: -тақырыптың айқындылығы, нақтылығы ескеріледі;

-сөз байлығы, тіл шеберлігі ескеріледі;-тірек-сызбалар арқылы қорғау;



1«Өлкетану» ғылыми орталығының зерттеуі

Тапсырмасы: Қазақстандағы тоталитаризмнің көрінісіне сипаттама беру

2«Тарих» ғылыми орталығының зерттеуі. Тапсырмасы:

Қазақстандағы 1930жылдардың бас кезеңіндегі лагерьлер жүйесіне сипаттама беру.



3 «Ақиқат» ғылыми орталығының зерттеуі.

Тапсырмасы: 1937-1938 ж.ж. сталиндік қуғын-сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру. (М.Тәтімов дерегі бойынша)

ЗҰЛМАТТЫ ЖЫЛДАР СҰМДЫҚТАРЫ



Қызыл терроршылардың қазақтарға қарсы қолданылған жазалау тәсілдері

(1939-1950)



1938ж. 25 ақпан мен 13 наурызға дейінгі аралықты 631 адам тек Алматыда ғана атылған, оның 70-75% қазақ зиялысы. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 дамды атып отырған.




-Адамды жалаңаш тастап, денеге ыстық май құю;

-Бас пен дененің терісін сыдырту;

-Тырнақтың астына шеге қағу;

-Қызған көмірдің үстімен жүгірту;

-Бірнеше күн бойына түрегеп тұрған күйде ұйқысыз қалдыру;

-Жалаңаш күйде сым қамшымен сабау;



Елін, жерін қорғаған аға-паларымызға осы тектес 125 түрлі жазаны қолданған.

-1989ж. Академик М.Қозыбаевтың төрағалық етуімен «Әділет қоғамы» қазақтың маңдай алды азаматтарының жерленген жерін тапты. Алматыдан 35 шақырым жердегі Талғар ауданында 2500 адам құрбан болған. Солардың 499-ның есімдері анықталған.

-1938ж. 25 ақпан Алматыдағы НКВД түрмесінде 19 азаматты атып, жасырын түрде Борандайдағы Қандысайға апарып жерлеген.





101 мың Қазақстандық ГУЛАГ азабынан өтіп,

27 мыңнан астамы атылған. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.





ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту бөлімі: «Жұлдызды сәт»

Әр ғылыми орталыққа үлестірмелі топтамалар арқылы шығармашылық тапсырмалар таратылып жауаптары талқыланды.



«Өлкетану» ғылыми орталығы: «Жазықты ма, ағалар?» өлең шумағын шығару

«Тарих» ғылыми орталығы: 10 баламалы тест сұрағымен жұмыс

1.1930ж 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды?

а) Ж. Аймауытов б) А.Байтұрсынов

ә) М. Жұмабаев в) М.Дулатов

2. Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы

а) Е.Бекмаханов б) М.Шоқай

ә) Ә.Марғұлан в) С.Асфендиаров

3.Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ түрмелеріне жабылып, атылды?

а) 22 мың б) 27 мың

ә) 25 мың в) 39 мың

4.ХХғ. 30-жылдары тоталитарлық казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?

а) Ф.И.Голощекин б) Н.С.Хрущев

ә) И.В.Сталин в) Н.И.Ежов

4.“Социолизм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі” деген сталиндік теорияның салдары:

а) жазалау шараларын енгізді

ә) “Халық жауларын” жаппай жазалау басталды

б) жеке адам құқығы аяққа тапталды

в) барлығы дұрыс

«Өлкетану» ғылыми орталығы:
Тапсырма: ГУЛАГ пен КСРО түрмелеріндегі қамауда отырғандар жайлы статистикалық

дерекпен жұмыс (9 сынып хрестоматия 105 бет)


Ү.Рефлексия. «Ой түйін» кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақта қандай білім алғандығы туралы және сабақта алған әсерлері жайлы өз пікірлерін білдіреді.


ҮІ.Қорытындылау.

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар-

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды.

1997ж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.

ҮІІ.Үйге тапсырма. -тақырыпты оқу, мазмұндау;

-Биопоэма жазу (Ф.И.Голощекинге, Т.Рысқұловқа);

-2 проблемалық сұрақ дайындау;

ІХ.Бағалау.Сабақ соңында әр топтың белсенділігі анықталып, топ ішіндегі белсенді оқушылар білімі бағаланып, марапатталады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Е.Бекмаханов «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Алматы, 1992ж

2.Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі, Алматы, 1997ж

3.Н.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы,1999ж

4.Қазақстанның қазіргі заман тарихы, хрестоматия, 9-сынып, 2005ж

5.Электронды оқулық 11-сынып



6.Баспасөз материалдары

7.Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал, 2006ж №5-6

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау