|
Синхрондаудың мақсаты және құралдарыҚудалау мен синхронизацияның қажеттілігі
|
бет | 2/7 | Дата | 07.09.2022 | өлшемі | 40,43 Kb. | | #39184 | түрі | Программа |
| 5 . Daris Protsesster men agymdardy sinhrondau Қудалау мен синхронизацияның қажеттілігі
Көп ағымды жүйеде синхронизация сұрақтарын дұрыс қадағаламау есептердің дұрыс шешілмеуіне немесе жүйенің мүлдем істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бір кәсіпорын тұтынушылары туралы ақпараттар жүйесін енгізуде қарастырайық . Төлем және тапсырыс жолдары бар ақпараттар жүйесінде тұтынушыға жеке жазба арналады. Тұтынушылардан түскен тапсырыс туралы ақпаратты ақпараттар жүйесіне енгізетін А ағымы және тұтунушының шоттары төленгені жөніндегі мәліметті тіркейтін В ағымы сияқты бірнеше ағымдары бар ақпараттар жүйесін жүргізетін бағдарлама біртектес жүйе ретінде рәсімделген. Ақпараттар жүйесінде жалпы файл бойынша бірігіп жұмыс істейтінбұл екі ағым бір бағытты алгоритмді қолдана отырып үш қадам жасайды.
1. Идентификаторы бар тұтынушы туралы жазбаны ақпараттар жүйесі файлынан буферге есептеу.
2. (А ағымына) тапсырыс жолына немесе (В ағымына) төлем жолына жаңа белгілер енгізу.
3. Модификацияланған жазбаны ақпараттар жүйесі файлына қайтару.
А ағымына А1, А2 және А3, ал В ағымына қатысты В1, В2 және В3 қадамдарын белгілейміз. N тұтынушы туралы жазбада төлем жолын А ағымы жаңартады деп алайық. Ол үшін бұл жазбаны өзінің буферіне есептейді (А1 қадамы), төлем жолдарының мәнін модификациялайды (А2 қадамы), мысалы, уақыт квантының аяқталуына байланысты оны орындау тоқталады, бірақ жазбаны ақпараттар жүйесіне енгізуге үлгермейді (А3 қадамы).
N тұтынушы туралы ақпаратты В ағымына енгізу қажет болды деп тұжырымдайық. В ағымының кезегі келгенде ол жазбаны өз буферіне есептеп үлгереді (В1 қадамы) және төлем жолының жаңартуын орындайды (В2 қадамы) да істен шығады. Тапсырыс жолында мағынасы зор N тұтынушы туралы жазба В ағымының буферінен табылатынын ескерейік.
Кезек бойынша басқару А ағымына ауысқанда, өз жұмысын жалғастыра отырып, N т9тынушы туралы модефикациялық жолды тапсырыс жазбасын ақпараттар жүйесіне жазады (А3 қадамы). А ағымын істен шығарғаннан кейін және В ағымын ынталандырғаннан кейін төлем жлдарының мағыналары өзгертілген N ақырғы жазылады. Сондықтанда, ақпараттар жүйесінде N тұтынушының төлемді енгізуі туралы мәлімет тіркелді, бірақ оның тапсырыс туралы ақпараты жоғалған болып саналады.
Синхронизация қиындығы туралы мәселе пайда болатын жағдайлардың қайталанбайтыдығымен анықталады. Сонымен, алдағы мысалда жағдайдың басқаша дамуын қарастыруға болады: тапсырыс туралы ақпарат емес; төлем туралы ақпарат жоғалтуы мүмкін еді (2 сурет) немесе керісінше, барлық өзгертулер ұтымды енгізілді. Барлық жағдай ағымдардың қайтарымды жылдамдықтары мен олардың тоқтатылу кезеңдерімен анықталады. Сондықтанда біріне-бірі әсер ететін ағымдарды жүзеге асыру күрделі іс болып табылады.
Екі немесе одан да көп ағымдар бөлек ақпараттарды жүзеге асырса және соңғы шешім ағымдардың жылдамдылығы қатынасына тәуелді сияқты жағдайлар қудалау деп аталады.
А ағымы
а а1 а2 а3
В ағымы
в1 в2 в3
А ағымы
б а1 а2 а3
В ағымы
в1 в2 в3
А ағымы
в а1 а2 а3
В ағымы
в1 в2 в3 t
2 сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|