Силлабус бакалавриат макроэкономика пәнінен



жүктеу 404,2 Kb.
бет1/2
Дата25.05.2018
өлшемі404,2 Kb.
#16840
  1   2

Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университет

БЕКІТЕМІН

Оқу-әдістеме жөніндегі бірінші проректор э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Р.О.


________________________

«____»______________2007__ж.



КЕЛІСІМДІ

Жаңа технология және

дистанциондық оқу

бойынша проректор

х.ғ. к., профессор Ибышев Е.С.

________________________

«____»______________2007__ж.


СИЛЛАБУС
БАКАЛАВРИАТ
Макроэкономика пәнінен

Мамандықтар: 50506 – Экономика, 050509 – Қаржы, 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050508- Есеп және аудит

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы

Барлығы 2 несие


Дәріс 15 сағат Семинарлық сабақ 15 сағат

СӨЖ 60 сағат Барлық аудиториялық сағаттар 30

Соның ішінде СӨЖО 22 сағат Еңбек сыйымдылығы 90 сағат
Емтихан

Қарағанды 2007
Силлабус Ж.Р. Аркеновамен 050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының жұмыс оқу жоспарының, «Макроэкономика» пәнінің типтік бағдарламасы, ҚЭУҚ–МИ–85–05-00-2005 пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған талаптар негізінде құрылған.

Экономикалық теория және ХЭ кафедра мәжілісінде қаралды

«31» тамыз 2007 ж. Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Қарағанды Экономикалық университеті, Аркенова Ж.Р. «Макроэкономика», «Микроэкономика», пәндерінен семинарлық сабақтар жүргізеді.
Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы аудитория №266

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9

Тел: 44 16 24 (143)

Консультациялық сағаттар (office hour): СӨЖО графигі бойынша

Уақыты: сабақтар келісімді бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

Үлгі 1

Пәннің сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп – қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ажыратады. Макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін (ауытқуларын) зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадағы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мынадай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұсыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с. Қазақстан Республикасы егемендік алып, нарықтық қатынастарға бет бұрғалы бірнеше жыл өтті. Егер бұрын елімізге экономикалық дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық тән болып, қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуді талап етсе, бүгінде экономикалық өсу мен ұлттық экономиканың тұрлаулы дамуы басты мұратқа айналып отыр. Осының бәрі болашақ маманның макроэкономикалық талдау қағидаларын меңгеруін талап етеді.

Пәнді зерттеп-білу міндеттері. Аталмыш пәнді зерттеп білудің негізгі міндеті – жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика модельдері сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану методологиясына айрықша назар аудара отырып, студенттерге қазіргі заманғы макроэкономикалық талдаудың басты қағидаларын үйрету.

Өнеркәсібі дамыған елдердің тағлымы қайсыбір саясатты жүргізудің барлық – алсы-жақын – салдарларын ескеру маңызын ашып берді, сондықтан да макроэкономиканың келесі міндеті - өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан талдау мен ғылыми болжау жасау.

Енді бір міндет – шәкірттердің алған білімтерін микро және әсіресе, макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде ұштастыруы. Сонымен, олар экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстар мен осы курста берілетін экономикалық-математикалық модельдерге сүйене отырып, нақты жайттарды талдау әдістерін игеруі тиіс.

Пәнді зерттеу кезіндегі тапсырмалар: студенттердің нарық туралы ой қабілеттерін және тәртіптерін қалыптастыруға әкеледі. Студенттерге адамдар арасындағы әлемнің күрделі экономикалық қатынастардың түсінігі туралы жалпы білім береді.Студенттерді макродеңгейдегі теория мен тәжірибеде шаруашылық шешімдерді қабылдауға үйретеді және өз еркімен жинақтау туралы үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерін қабылдауға, инвестицияларды, басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді талдауға мүмкіндік береді.

Пәннің пререквизиттері: Статистиканың жалпы теориясы, Информатика, Экономикалық теория, Микроэкономика.

Пәннің постреквизиттары берілген пәнді зерттеу үшін: экономикалық саясатты, экономикалық мамандықтарға арналған пәндерді оқу керек.

Пәннің әдістемесі оның ерекшеліктері мен мақсаттарды зерттеуімен анықталады. Осыған байланысты оқу әдістемелері қолданылады: ситуациялық тапсырмалар, кейс-әдістер, тест сұрақтары, глосарий.

Үлгі 2

Білім беруді бағалаудың саясаты мен процедурасы

Пән бойынша қорытынды баға 1 және 2 аралық бақылау бойынша (60%) және қорытынды бақылау бойынша (40%) үлгерімділіктің максималды көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталып, 100%-ды құрайды, яғни қорытынды баға төмендегі формула бойынша анықталады:



мұнда:

– бірінші рейтингтік бағалаудың пайыздық мазмұны;

- екінші рейтингтік бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны.

Пән бойынша курстық жұмыс болса, онда оның бағасы орташа рейтингке қосылады – Рор = (Р1 + Р2 + курстық жұмыс бойынша алынған балл)/3.

Жоғарыда келтірілген формула бойынша қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін білім алушының білімін 0 ден 100%-ге дейінгі пайыздарда аралық бақылау кезінде бағалау қажет.



Төменде кредиттік жүйе бойынша білім алушылардың білімін бағалаудың көпбалды әріптік жүйесі келтірілген.

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4.0

95-100

өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

жақсы

B

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

қанағат

C

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағат емес


жүктеу 404,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау